?ткізгіштерді тізбектей ж?не параллель ?осу 8 — сынып


Сабақтың тақырыбы: §41. Өткізгіштерді тізбектей және параллель қосу.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Өткізгіштерді тізбекке жалғаудың әдістері жөнінде түсінік беру, тізбектей және параллель жалғау кезіндегі негізгі физикалық заңдылықтарды түсіндіру.
Дамытушылық: Ойлау қабілетін, танымын, өткізгіштердің тізбектей және параллель жалғауын күнделікті өмірмен байланыстыра отырып оқушыларға жеткізу.
Тәрбиелік: Адамгершілікке, ұқыптылыққа, алғырлыққа, отансүйгіштікке, табиғатты аялауға, сыйластық пен әдептілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа білімді қалыптастыру, жалпылау
Сабақтың әдіс: Түсіндіру, сұрақ – жауап, тест.
Сабақтың көрнекіліктері: плакаттар, суреттер, карточкалар.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу, оқушылардың назарын сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: 1. Сұрақ- жауап
1.Ток күші деп нені айтады? Формуласы. Өлшем бірлігі.
2. Өткізгіштегі ток күшін қандай құралмен өлшейді? Ол тізбекке қалай қосылады? Шартты белгісі қандай?
3. Электр кернеуі деп нені айтады? Ол қандай бірлікпен беріледі? Қандай құралмен өлшейді? Шартты белгісі?
4.Тізбектің бөлігі үшін Ом заңын тұжырымда?
5. Өткізгіштің кедергісі неге және қалай тәуелді? Өлшем бірлігі?
2. Балама тесті (иә, жоқ)
1. ρ - өткізгіштің материалының меншікті кедергісі.(Иә)
2. Уақыт бірлігіндегі өндірілген токтың жұмысы кернеу деп аталады.(Иә)
3. Меншікті кедергінің өлшем бірлігі- Ом ; (Жоқ)
4. 1 Ом- ұштарының арасындағы кернеу 1В болғанда, бойынан 1А ток өтетін өткізгіштің кедергісі. (Иә)
5. Берілген өткізгіштің өз бойымен өтетін токқа кедергі жасамайтын физикалық шама- кедергі деп аталады. (Жоқ)
6.Тізбек бөлігі үшін Ом заңы: I= U* R ; (Жоқ)
7.Ток күшін өлшейтін құрал- амперметр. (Иә)
8.Вольтметр тізбекке тізбектей жалғанады. (Жоқ)
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.
Өткізгіштерді жалғаудың тәсілдерін қарастырайық.
49936404762500 1-жағдай: Өткізгіштерді тізбектей жалғау
Егер бірінші өткізгіштің соңы екінші өткізгіштің басымен, екіншінің соңы үшіншінің басымен жалғанса, онда мұндай қосуды тізбектей жалғау деп атайды.
1. I = I1 = I2 = . . . = In
2. U = U1 + U2 + . . . + Un
3. R = R1 + R2 + . . . + Rn
2-жағдай: Өткізгіштерді параллель жалғау

Егер өткізгіштердің басын бір ғана А нүктесінде, ал ұштарын екінші бір В нүктесінде жалғасақ, онда мұндай жалғауды өткізгіштердің параллель жалғау деп атайды.
Электр тізбегінің екі өткізгіштен артық өткізгіштер түйісетін нүктесін түйін (суретте А және В нүктелері) деп атайды.
369473128108001. I = I1 + I2 + . . . + In
2. U = U1 = U2 = . . . =Un3.
Өткізгіштерді тізбектей жалғау ережесі.
Өткізгіштерді тізбектей жалғағанда, ал тізбектегі жалпы кернеу, олардың қосындысына тең болады, ал жалпы кедергі әрбір өткізгіштің кедергілерінің қосындысынан тұрады.
Өткізгіштерді параллель жалғау ережесі.
Өткізгіштерді параллель жалғағанда тізбектің барлық бөліктеріндегі кернеу бірдей, ал жалпы ток күші әрбір өткізгіштегі ток күштерінің қосындысына тең; жалпы кедергі кемиді:
Есептер шығару
215417753706101. Суретте тізбектей жалғанған үш өткізгіштің сұлбасы берілген. Кедергісі R1=36 Oм өткізгіштегі кернеудің төмендеуі U1 = 9В. Кедергісі R2=64 Oм болатын өткізгіштің кернеуін және олардың ұштарындағы кернеу 120 В болғандағы өткізгіштің R3 кедергісін анықтаңдар.
Жауабы: 16 В, 480 Ом

2. Суретте параллель жалғанған екі өткізгіштің сұлбасы берілген. Кедергісі R1=44 Oм өткізгіш арқылы I1 = 5А ток өтеді. I2 = 0,8 А ток өткендегі өткізгіштің R2 кедергісін анықтаңдар.

445770-762000
Жауабы: 275 Ом

3. Кедергілері 20 Ом және 30 Ом болатын екі резистор кернеуі 24 В электр тізбегіне жалғанған. Тізбекке екі резисторды тізбектей және параллель жалғағандағы ток күші қандай? Жауабы: 0,48 А; 2 А
IV. Жаңа сабақты бекіту
Тест сұрақтары
1.Тізбектеп қосуда қандай шама тұрақты болады?
а) I ә) U б) R
2. Параллель қосқанда ток күші қалай өзгереді?
а) I =0 ә) I = I1 + I2 б) I = I1 - I2
3. Тізбектеп қосқанда толық кернеу неге тең?
а) U = U1 + U2 ә) U = 0 б) U = U1 -U2
4. Параллель қосқанда тізбектің жалпы кедергісі қалай өзгереді?
а) артады ә) кемиді б) өзгермейді
5. Тізбектеп қосқанда тізбектің жалпы кедергісі неге тең?
а) R=0 ә) R = R1 + R2 б) R = R1 - R2
6. Параллель қосуда қандай шама тұрақты болады?
а) I ә) U б) R
7. Тізбектеп қосуда жалпы кедергісі қалай өзгереді?
а) артады ә) кемиді б) өзгермейді
8. Тізбектегі ток күші барлық жерде бірдей болса, өткізгіштер қалай қосылады?
а) параллель ә) тізбектей б) аралас
Тест жауаптары: 1 – а, 2 - ә, 3 – а, 4 - ә, 5 - ә, 6 - ә, 7 – а, 8 – ә
Үй тапсырмасы:
§ 41. 20 – жаттығу.
Бағалау.