Біз ?лкен ел ?лкен отбасы т?рбие са?аты


Күні: 3.10
Сыныбы: 9ә
Тақырыбы: "Біз үлкен ел - үлкен отбасы"
Мақсаты: Оқушыларға патриоттық тәрбие беру
Міндеттері:
Білімділік: Қазақстан Республикасы туралы, көпұлттылығы туралы білімдерін кеңейту
Дамытушылық: Әртүрлі тапсырмалар орындата отырып сабаққа қызығушылығын арттыру, ойлау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Ойларын еркін жеткізуге, отансүйгіштікке тәрбиелеу
Сабақтың түрі: Ашық сабақ
Әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, топтық жұмыс
Көрнекілігі: үйлестірме қағаздар, интерактивтік тақта
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру.
- Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу.
- Психалогиялық ахуал орнату
- Топқа бөлу (патриоттық әндер үзінділері арқылы топқа бөліну)
Жаңа сабаққа кіріспе. Сұрақ-жауап
1. Қазақстан Республикасы тәуелсіздігін қашан алды?
2. Тәуелсіздік алу жолында қандай оқиғалар болды?
"Жаужүрек мың бала" фильмінен үзінді көрсету.
Жаңа сабақ.
ЖИГСО әдісі: 1 қадам: ретке саналу
2 қадам: тақырыппен танысу
3 қадам: топта талқылау
4 қадам: берілген тақырыпшаларға постер дайындау
1- топ: Қазақстан Еуразия жүрегінде
Мұхитқа тікелей шыға алмайтын мемлекеттердің ішінде Қазақстан - ең үлкені.
Қазақстан бес мемлекетпен шекаралас, соның ішінде әлемдегі құрлықтағы ең ұзақ шекара солтүстігінде Ресеймен — 6 467 км құрайды. Оңтүстігінде — Түрікменстан — 380 км, Өзбекстан — 2 300 км және Қырғызстан — 980 км, ал шығысында — Қытаймен — 1 460 км шектеседі. Жалпы құрлық шекарасының ұзындығы — 13392,6 км[5]. Батыста Каспий теңізімен, оңтүстік батыста Арал теңізімен шайылады[6].
2016 жылдың 1 қаңтарға елдегі тұрғындар саны - 17 670 957 адам бұл әлем бойынша 64-орын. Жер көлемі жағынан әлем елдерінің ішінде 9-орын алады (2 724 900 км²).
Елдің астанасы - Астана қаласы. Мемлекеттік тілі - қазақ тілі. Ресми тілі - орыс тілі.
2-топ: Қазақстан көп ұлтты мемлекет.
Қазақстанның ұлттық құрамы aлуан түpлі. Хaлықтың үлкен бөлігін қазақтар құрайды, пайыздық үлесі - 66,01%, орыстар - 21,05%, өзбектер - 3,07%, украиндар - 1,7%, ұйғырлар - 1,44%, татарлар - 1,17%, басқа халықтар - 5,56%.
3-топ: Қазақстан Республикасы - Мәңгілік ел
Мен бүгінгі сөзімді мынадай сөзбен бастағалы тұрмын. Елбасы Н.Ә.Назарбаев өзінің "Тарих толқынында" атты кітабында: "Егер біз мемлекет болғымыз келсе, өзіміздің мемлекетімізді ұзақ уақытқа меңзеп тұрғымыз келсе, онда халық руханиятының бастауларын түсінгеніміз жөн. Ал оған барар жол халық даналығының негізінде жатыр", деген болатын. Енді міне "Қазақстан жолы-2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ" атты Қазақстан халқына Жолдауында ежелгі ата-бабаларымыз-түркілердің Мәңгілік ел идеясын-Қазақ елінің ұлттық илеясы ретінде жарияланып отыр. Елім дейтін, жерім дейтін, елінің, жерінің қамын жейтін әрбір қазақ үшін, ой-арманын астастырып үлгерген әрбір қазақстандық үшін Президент Н.Ә.Назарбаевтың бұл жолғы сөзі ең алдымен ата-бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманын-әлем елдерімен терезесі тең қатынас құрып, әлем картасынан ойып тұрып орын алатын Тәуелсіз Мемлекет атану арманын, тұрмысы бақуатты, түтіні түзу ұшқан, ұрпағы ертеңіне сеніммен қарайтын бақытты ел болу арманын ақиқатқа айналдырғанымызды атап айтумен, боашағымызға бағдар ететін, ұлтты ұйыстырып, ұлы мақсатқа жетелейтін идеяны-Мәңгілік Ел идеясын Қазақ елінің ұлттық Идеясы деп жариялауымен айрықша, бөлекше бағалы.
Қорытынды.
М.Мақатаевтың "ҮШ БАҚЫТЫМ" өлеңіне түсірілген видео ролик көрсету.
«Біз өзіміздің тұрақтылық және келісім моделін дамытуда айтарлықтай табыстарға жеттік. Қазақстан Конституциясы нәсілдік, этностық, діни және әлеуметтік қатыстылығына қарамастан, барлық азаматтың құқықтық теңдігіне кепілдік береді».
Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ.
Кері байланыс.