Ашы? ?йымдастырыл?ан о?у ?ызметі 4 Цифрымен танысу. ?лкен, кіші, кішкентай. Баланы? зейінінін дамыту.


Бекітемін:
Директордың ОІЖО: Г.К.Сарсенгалиева
Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы.
Тәрбиеші: Қабиева Сымбат Мұратқызы
Тобы: «Балбұлақ»
Күні: 30.11.16
Білім беру саласы: «Таным»
Бөлімі: Қарапайым математика.
Тақырыбы: 4 Цифрымен танысу. Үлкен, кіші, кішкентай. Баланың зейінінін дамыту.
Мақсаты: 4 Цифрын 4 санының таңбасы ретінде таныстыру, 4цифрының сандық қатардағы орнын анықтау, 4 цифрын өзге цифрлар арасынан табу, «үлкен», «кіші», «кішкентай» сөздерін пайдалана отырып, заттарды көлеміне қарай салыстыруды үйрету, баланың зейінін дамытуға ықпал ету, балаларды көлемі әртүрлі заттардан құралған топтардың саны жағынан тең немесе тең еместігін ажырата білуге үйрету.
Көрнекіліктер: Үлкен, кішкентай заттардың салыстыруға арналған суреттері.
Іс – әрекеті кезеңдері Тәрбиешінің әрекеті Балалардың әрекеті
Мотивациялық қозғаушылық
Тәрбиеші балаларға жұмбақ жасырады.
Әйгерім өз себетіне,
Үш саңырауқұлақ салды.
Қарап жүрмей тағы да,
Тал қасынан біреуін алды.
Жоғалтпайық уақытты,
Бізге тек санау ғана қалды. Балалар, жұмбақтың жауабын табады.
4 саңырауқұлақ.
Ұйымдастыру -іздестіру - Балалар, көңіл - күйлерің қалай?
Олай болса, «Тамаша» ойынын ойнап жіберейік. Ойынның шарты: мен сендерге сөз айтсам, сендер «тамаша» деп, жұдырықты түйіп, бас бармақтарыңды көтеріңдер.
-Біздің топтың балалары қандай?
-Менің айтып тұрған сөздерім қандай?
-Бүгінгі ауа райы қалай?Жақсы балалар, бүгінгі күніміз де осындай тамаша өтсін! «Санамақ» сергіту сәті.
Бір, екі, үш
Қарылғаш болып ұш.
Төрт, бес, алты
Қарылғаш болып қалқы.
Жеті, сегіз, тоғыз, он
Қарылғаш болып қон.
Бір жылда неше мезгіл бар?
- Балалар, үстел үстінде геометриялық пішіндердің ішінен өздерің таңдаған пішінді алыңдар.
Үшбұрышты алған балалар бір топқа, төртбұрышты алған балалар екінші топқа отырамыз.
- Балалар, біздің топқа қонақ келіп тұрған сияқты. Қане, кім екенін қарайықшы. «Ой қозғау»
- Бізге қоян қонаққа келіпті. Қоян көптеген тапсырмалар ала келіпті.Логикалық есептер. І топқа.-Машинаның дөңгелегі нешеу?
- Бағдаршамда неше көз бар?
ІІ топқа.
-Үй жануарларында неше аяқ бар?-Аспанда неше күн бар?
2 – тапсырма
«Айырмашылықты тап» ойыны
Екі қатарда да төртбұрыштар орналасқан. Қанша екенін санайық. Көлемдері қандай?- Үйшікте тату - тәтті 4 қоян өмір сүріп жатыр. Осы қояндарға жететіндей сәбіздерді жолақшаға орналастыр.
- Біз бүгін 4 санымен танысып отырмыз. Барлығымыз төртке дейін тура және кері санайық.-Бізге қонаққа кім келді?
- Біз қоянның қандай тапсырмаларын орындадық?
- Бүгінгі ҰОҚ - де неше санымен таныстық?- Қандай тапсырмалар ұнады? -тамаша
Балалар 4 моншақты бояйды.
Балалар келіседі.
-тамаша
-тамаша
-тамаша
Сергіту сәтін жасайды.
Төрт
Балалар өздері таңдаған пішінді алады.
Балалар екі топқа бөлініп орындарына отырады.
-4 дөңгелек
-3 көз
-4 аяқ
-1 күн
Балалар ойынға қызығушылықпен қатысады.
Төртеу.«Үлкен», «Кіші»
(Балалар 4 сәбізді жолақшаға салады).
Тура санау - 1, 2, 3, 4Кері санау - 4, 3, 2, 1
-Қоян
-Тәрбиешінің сұрағына жауап береді.
-4 санымен таныстық.
Балалар өздеріне ұнаған сәттерді айтады
Рефлексивті – түзетушілік Балаларды мадақтау. Жақсы қатысқан балаларға жүрекше тапсыру. Өзін мадақтағанға қуанады.
Күтілетін нәтиже:
Біледі:4 цифрын «үлкен», «кіші», «кішкентай» сөздерін.
Игереді:4 цифрын өзге сандардың арасынан табуды, жұмбақты шешуді.
Меңгереді:4 цифры туралы түсінікті.
Бала саны: