Досуг К нам в гости пришел доктор Айболит


Қатысатын кейіпкерлер
Жүргізуші:Салтанат
Дәрігер:Акмоншак
Қоян: Нургуль
Балалар тәрбиешімен бірге залға әнмен кіреді де топталып тұрады
Жүргізуші:Балалар бүгін бізде ойын-сауық кеші
-Бүгін біз денсаулық түралы әңгімелесеміз.
-Кәне, айтыңдаршы денсаулық деген не?
-Ден сау адам қандай болу керек?
Балалар:
Телефон шылдырлап соғады.
Жүргізуші:Алло! Мен сізді тыңдап тұрмын.
Балалар, бізге біреу асығыс, кәнеки жұмбақты тыңдап шешейік,сонда біз біліп қоямыз, кім бізге қонаққа асығып келед.
Жұмбақ
Кішкентай балаларды емдейді,
Құстар мен аңдарды емдейді.
Көзгелдіркпен қарайды
Дәрігер...... (Айболит)
(Айболит кіреді)
Айболит: Сәлеметсіңдерме,балалар!Мен сендерге асықтым. Орман арасымен жүрдім,дархан даладан өттім,өзім сендерге асығып: тезірек балабақшаға жетуім керек деп қайталадым.
-Міне мен келдім,айтыңдаршы сендердің денсаулық жақсыма?
-Кәзір мен сендерді қараймын (Айболит балаларды қарайды)
-Рас екен, бәріңнің денсаулығын жақсы екен!
Жүргізуші: Айболит!Сенің шамаданның қандай қызық, оның ішінде не бар?
Айболит:Дәрі-дәрмектер,медициналық құралдар бар.Олар маған көмек береді. Мұндай көмекшілер менде көп,мен кәзір сендерге көрсетем. Ой, мен сендерге асығып, басқа құралдар алыппын(шамаданда шаш тарақ,қасық,қарындаш,заколка).Маған көмектесіңдер.

Ойын «Айболитке көмектес»( балалар медециналық құралдарды таңдайды:градусник, бинт,йод, шприц,дәрілер-дәрумендер).
Айболит: Жарайсыңдар! Рақмет! Енді маған айтыңдаршы әр құралдар не үшін керек.
Ойын: «Неге керек?»(Айболит көрсетіп түсіндіреді)
1.Градусник – адамның дене қызуын өлшейді
2.Йод –жараға жағады
3.Бинт –қол –аяқты байлайды ауырғанда
4.Шприцпен-укол салады
5.Маскамен –адам ауырған кезінде,тұмау жұқпау үшін ауыз- мұрынға киеді.
Айболит: Сендер енді дәрігердің жұмысын білесіңдер.Өскесін дәрігер болсаңдар,адамдарды емдейсіңдер.
Массаж
Мен сендерге мұрын,құлаққа массаж істеуді үйретейік, ал сендер қайталандар.
-Құлақтарыңды көрсетіңдер!
Қулақтарымызды қағамыз!
Қәзір оларды созамыз, қүлақ тоңбасын
-Мұрынды тез табайық
-Ауызың жабыңдар, мұрын мен дем алыңдар.
Айболит:Жарайсыңдар! Бәрін дұрыс қайталадыңдар!
Қоян жылап кіреді
Айболит: Не болды қоян?
Қоян:тамағым,аяғым ауырады .
Айболит:Мен сені емдеймін.
Ойын «Қоянды емде»
Айболит: Температураны өлшейміз.Қандай дәрі береміз.
-Тамақ ауырса ауызынды ашып қарайық (спреймен бүркеміз)
-Аяқ ауырса не жағамыз?( аяғына май жағайық)
Осылай қоянды емдедік.
Қоян: Рахмет! Енді мен ауырғым келмейді,мен сендермен ойын ойнағым келеді
Ойын «Үлкен және кішкентай аяқ»
Қоян: Қалай қызықты, көнілді болды Не істеу керек ауырмас ұшын?
Айболит:Дене шынықтыру керек.Балалар! Суретке қарап айтайықшы, денсаулықты сақтау үшін не істеу керек?
Ойын «Қоянға денсаулығын сақтауды үйретеміз».
1.Тамақ алдында сабындап қол жуамыз
2.Көкөніс пен жеміс жейміз
3.Көкөніс пен жемісті жуып жеу керек
4.Дәрумендер жеу керек
Жүргізуші:Біз балалармен ауырмау үшін мынандай сергіту сәттін корсетеміз
Сергіту -сәтті
Айболит: Жарайсыңдар балалар.Енді біз қоян екеуіміз кетеуміз керек. Мен бөтен балаларға барамын, мен сендерге алма берейін. Ден саулықтарыңды сақтаңдар!
Жүргізуші:Рақмет Айболит! Біз бүгін сенің жаңа жұмысын туралы көп жаңа білім алдық,қалай денсаулық сақтау керек екен.
Айболит қоян мен қоштасып кетеді




634365461010
Бізге дәрігер Айболит
қонаққа келді



Дайындалған:Кургамбаева С.Ж

2016ж