1-сынып?а арнал?ан саба? жоспары Саба?ты? та?ырыбы: Бір ел- бір та?дыр


lefttop Солтүстік Қазақстан облысы
Айыртау ауданы
Лобанов орта мектебі
Бастауыш сынып мұғалімі
Аулайс Гульжан

1-сыныпқа арналған сабақ жоспары
Сабақтың тақырыбы: Бір ел- бір тағдыр
Сабақтың мақсаты:білімділік Жаңа технологияны басшылыққа ала отырып, қазақ халқының мол мұрасын, ұлттық ерекшелігін қазіргі заман талабына сай пайдалану. Оқушыларды елін сүюге, Отанға деген мақтаныш сезімін арттыруға, еліміздің тәуелсіздігінің паш ететін түрлі тарихи оқиғаларды зерделей отырып, егемен елімізге қамқор болу, мемлекетімізді одан әрі нығайту, еліміздің ертеңі жастардың қолында екенін ұғындыру.дамытушылық - Оқушыларға патриоттық тәрбие беру. Еліне, Отанына, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру. Оқушылардың өз бетінше ізденуін қадағалау және білімдерін жетілдіру.тәрбиелік - оқушыларды сана мен мәдениет және құқық пен міндеттің орындалуына тәрбиелеу.Көрнекілігі: интерактивтік тақта, желім, қайшы, түрлі түсті қағаз.
Сабақтың типі: Аралас сабақСабақтың барысы:Ұйымдастыру кезеңіа) сәлемдесуб) түгендеу
Психологиялық дайындық
I. Қызығушылықты ояту
Гүл өсірсең терлеп,
Мұның аты ...... (еңбек)
Кесте тіксең терлеп,
Мұның аты ....... (еңбек)
Қиындықтың бәрін
Еңбек қана жеңбекОқушыларды топқа бөлу.
I – топ: Қыздар тобы
II- топ: Ұлдар тобы
II.Жаңа тақырыпты ашу 6
1.Ребус шешу

2.Ой қозғау:- Қазақ елінде қанша ұлт өкілдері тұрады?- ҚР - ның халқы қай тілде сөйлеу керек?- Біздің тұңғыш президентіміздің аты - жөнін білесіңдер ме?- Қазақстанның көбінесе қай аймағында өзге ұлт өкілдері мекендейді?I – топ: Бір ел - бір тағдыр өз ойларыңды жаз.
II – топ: Ұлттық киімдер туралы
3.Интерактивті тақта. Мұғалім толықтырады.«Бір ел», бұл – барлығымыз үшін ортақ Отан.«Бір тағдыр», бұл – біз бірге жүріп өткен қиындықтар мен жеңістер!Міне оқушылар біздер елімізбен мақтанамыз. Бұл еркіндік оңайлықпен келген жоқ. Қазақ елі еркіндікке жету үшін қаншама қиын - қыстау кезеңдерді бастан кешірді. Мыңдаған жылдық тарихы бар. Қазақстан тәуелсіздік алды.Елбасы мынаны баса айтты: «Қазақстандағы қоғамдық келісім, ең алдымен, қазақтың келісімі екендігін мықтап есте сақтаған абзал. Қазақтың ынтымағы мен бірлігі мықты болмайынша, мемлекеттің тұтастық келбетін сақтау мүмкін емес». Өз ұлтымыздың салты мен дінін берік ұстайық.
4.Ойын: Қыз және ер бала қуыршақтарын ұлттық киімдермен киіндіру.
5.Слайд

395859015875Кимешек, көйлек, камзол, мәсі
т.б
0Кимешек, көйлек, камзол, мәсі
т.б
178689015875Тақия, шапан, мәсі, саптама
т.б
0Тақия, шапан, мәсі, саптама
т.б
-9906015875Сәукеле, бүрмелі көйлек, мәсі
т.б
00Сәукеле, бүрмелі көйлек, мәсі
т.б


6.Біз бүгінгі сабақта ұлттық киімдердің ішінде сәукеле мен тақия үлгісін жасаймыз.
Слайд

Бас киім ұлттық киімнің бір бөлігі болып саналады. Ерлерге және әйелдерге арналған бас киім үлгілері өте көп. Қазақ халқы бас киімді де әсемдеуге ерекше көңіл бөлген. Олар бас киімді қасиетті деп санаған. Бас киімді айырбастамаған және аяқпен баспаған. Жақсы кісілердің бас киімі атадан балаға мұра есебінде қалған.
Сәукеле - ұзатылған қалыңдықтың биік, сәнді бас киімі. Сәукеленің төбесіне үкі қадап, ерекше сәнмен жасайды.
Тақия - ерлер бас киімі. Тақия биік төбелі, тегіс төбелі, және үшкір төбелі болып бөлінеді. Тақияның төбесі және маңдайшасы болады. Төбесіне маңдайшасына өрнек салады.
6. a) Сәукелені жасау реті:
23542651781101.Сәукеленің негізгі бөлігі үшін қызыл түсті қағазды таңдап ал. Осы қағазға үлгіқалыпты пайдаланып, сәукеленің негізгі бөлігін сыз және қи.
001.Сәукеленің негізгі бөлігі үшін қызыл түсті қағазды таңдап ал. Осы қағазға үлгіқалыпты пайдаланып, сәукеленің негізгі бөлігін сыз және қи.

215266510715113. Ақ қағаздан үкіге лайықтап, тіліктер қиып ал. Бұл тіліктерді, қайшының ұшымен қатты тартсаң,иректеледі. Дайындаған үкіңді сәукеленің төбесіне қада.
003. Ақ қағаздан үкіге лайықтап, тіліктер қиып ал. Бұл тіліктерді, қайшының ұшымен қатты тартсаң,иректеледі. Дайындаған үкіңді сәукеленің төбесіне қада.
2095065347112. Үлпек немесе синтепон материалынан сәукеленің жиегін қиып ал. Оған желім жағып, сәукеленің негізгі бөлігінің төменгі жағына жапсыр. Сәукеленің екі шетін біріктіріп желімде.
002. Үлпек немесе синтепон материалынан сәукеленің жиегін қиып ал. Оған желім жағып, сәукеленің негізгі бөлігінің төменгі жағына жапсыр. Сәукеленің екі шетін біріктіріп желімде.

6. ә) Биік төбелі тақия жасау үлгісі:
2091690120015Тақияның төбесін жасау үшін жасыл түсті қағаздан дөңгелек қиып ал.
Дөңгелектің дәл ортасын белгіле. Ортасын шеңбердің шеткі сызығымен қосып, үшбұрыш сыз. Шетін бүктеу сызығын белгіле. Суреттегідей әр жерінен үшбұрыштар қиып ал.
00Тақияның төбесін жасау үшін жасыл түсті қағаздан дөңгелек қиып ал.
Дөңгелектің дәл ортасын белгіле. Ортасын шеңбердің шеткі сызығымен қосып, үшбұрыш сыз. Шетін бүктеу сызығын белгіле. Суреттегідей әр жерінен үшбұрыштар қиып ал.


2462265541353.Тақияның маңдайшасы үшін жолақ қиып ал.
03.Тақияның маңдайшасы үшін жолақ қиып ал.
246226514077365. Тақияның төбесі мен маңдайшасын біріктіріп, желімде.
005. Тақияның төбесі мен маңдайшасын біріктіріп, желімде.
25990656301354. Сары түсті қағаздан үлгі бойынша ою қиып алып, тақияның маңдайшасына және төбесіне желімде.
04. Сары түсті қағаздан үлгі бойынша ою қиып алып, тақияның маңдайшасына және төбесіне желімде.

III. Сабақты қорытындылау: Тірек сызба нұсқаны толтыру.
I - топ II - топ
42919651377950796290137795-3810137795Қ
А
З
А
Қ
С
Т
А
Н
00Қ
А
З
А
Қ
С
Т
А
Н

46869352857503815715285750796290190500
3653789176530ОТАН
00ОТАН

29489401625600796290292100
4901565-3810079629062865
2948940488950047872659652000796290125095
4556125-3175042443405397503815715-31750796290111125
796290163830
796290197485

Мұғалім сөзі:
Біз көппіз және бәріміз – бір елміз, бір халықпыз. Өз еліне пайдасын
тигізу, өз Отанының тағдырына жауапты болу – әрбір қазақстандық үшін парыз және абырой. Біз бірлік пен татулық құндылықтарын қоғамның іргетасына айналдырдық..Бейбіт күндегі белестерді бағындырып, алдағы сындардан сүрінбей өтеріміз, ең алдымен, өзімізге, бірлігіміз бен берекемізге байланысты.Біз бәріміз бір атаның – қазақ халқының ұлымыз.Бәріміздің де туған жеріміз біреу – ол қасиетті қазақ даласы.Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар, ол – тәуелсіз Қазақстан.Біз болашаққа көз тігіп, тәуелсіз елімізді «Мәңгілік Ел» етуді мұрат қылдық.IV. Рефлексия

V. Үйге тапсырма беру: «Менің Отаным Қазақстан!» атты шағын шығарма жазу.
Анотация:
Бұл сабақ жоспары бастауыш сыныпқа арналған 1-сыныптың еңбек сабағының жоспары. Берілген тақырыпқа байланысты АҚТ және ұлттық нақышты пайдалана отырып ұйымдастырылған сабақ. Осылай ұйымдастырылған сабақта оқушылар қызыға қатысып, үлкен жұмыс атқарады.