Т?рбие са?аты: ?ранды ерді? — ?рпа?ы ?айсар


Тақырыбы: « Ұранды ердің – ұрпағы қайсар» Сабақтың мақсаты: Оқушылардың бойында Отанға және туған елге деген сүйіспеншілік пен мақтаныш сезімін қалыптастыру,Елбасының қоғамдағы орнын түсіндіру; Отаншылдық сезім мен тұрақты моральдік мінез құлқықтыңбеки түсуіне ықпал ету ;адамгершілікке ,ұлтжандыққа тәрбиелеу;Көрнекілігі:нақыл сөздер,буклеттер,шарлар,слайдтарСабақ барысы
1 жүргізуші:
Құрметті оқушылар! Бүгін 5 «а» сынып қыздарының дайындаған « Ұранды ердің – ұрпағы қайсар» атты тәрбие сағатына қош келдіңіздер! Ендеше бүгінгі мерекелік кешіміз өздеріңізге арналады.2 жүргізуші:
Біздің туған жеріміз,алтын бесігіміз - кең байтақ Қазақстан. Қазақстан-біздің Отанымыз. Ал біздер тәуелсіз қазақ елінің ең жас ұландарымыз. Сондықтан өз елімізді, өз жерімізді әкелер мен аталарымыз сияқты қадірлеуге, сүюге, қорғауға тиісті екенімізді естен шығармайық
1 жүргізуші:
Тәуелсіздік бізге оңай келген жоқ.Тәуелсіздік бізге қазақтың басы мен жұлын –жүйкесі Кенасары арқылы,қайқы қара қылышты Бауыржан арқылы,уыз сезімді Қайраттар арқылы келді.
2 жүргізуші:
Егемен Қазақстан-біздің еліміз,жеріміз,Отанымыз тіліміз,дініміз..Ал біз өз Отанынын сүйетін,бойында намысы бар ұлтжанды азамат боламыз деп сөз береміз.
1жүргізуші:
Армысыздар, ардақты азаматтар,Еліміздің тірегі, көшті бастар.Құтты болып мереке баршаңызғаБақ-береке әкелсін елімізге!
Құрметті оқушылар, баршаңызды 7 мамыр Отан қорғаушылар күнімен және 9 мамыр – Жеңіс күнімен құттықтаймыз!
2 жүргізуші : Бұл мереке әр кезде де батылдық пен ерліктің, қаһармандық пен елдіктің нышаны, Отанға деген сүйіспеншілік пен адалдықтың өлшемі, ал құрметті ардагерлеріміз, болашақ ұрпақтар үшін, егемен еліміздің тәуелсіздігін қоғаушылардың бәрі үшін жарқын үлгі болып қала берері сөзсіз.
Хор: «Атамекен»
Айзат: Егемен ел болдық, қаһарман ерлікпен. Бағымыз жанады, бауырмал елдіктен. Қазақтың мерейі жұлдыздай жоғары, Мәңгілік жасаймыз, бірлікпен елдікпен
Амина Қ:
Жете бер аңсап күткен тілегіңе, Қылаудай дақ түспесін жүрегіңе. Отанның, ел-жұртыңның мақтаны бол, Алды бол қатарыңның бұл өмірде.
Томирис:
Жігіттерді мақтаймыз да, даттаймыз Жүректегі жалын отын сақтаймыз. Олар қате істер істеп жатса да, Бетке шауып онысында айтпаймыз.
Дана:
Мейрамдарың құтты болсын, жігіттер! Болмасыншы көңілдерде күдіктер. Мейрамыңмен аға, іні-бауырлар! Орындалсын алға қойған үміттер.
Аида:
Қазақ жігіті керемт қой расында. Жауапкершілік бар ғой олардың басында. Өзге ұлттардың жігеттері түк емес, Кереметтей қазақ жігітінің қасында.
Дина:
Күтіп тұр ғой бізді алда сан арман. Қазақ жігіті бақытқа тек жаралған. Қазақ жігіті қытайдай көп жан емес. Асыл олар аз боп қана аталған
1жүргізуші Жыр айтқан балалардан айналамынЕлім деп еміренсе жанданамын,Жүректер Қазақстан деп күнде соқса,Марқаямын,мақтанам,қуанам!
Ән:Ризамын орындайтын; Дина, Ақерке
2 жүргізуші:
Қырмызы қыздарҚызғалдақ қыздар құлпырған.Өздерің жайлы кеудеде біздің жыр тұнғанҚазақтың биін билеңдер қане майысып,Отырған халқым сүйсініп қалсын сыртыңнан. -дей отырып ортаға биші қыздарымызды « Девочеи Из Казахстана» биімен шақырамыз. 
2 жүргізуші:Келді жайнап бала көктем,Күткен еді дала көптен.Шалғынды тербей есті ерке самал,Жібектей жаңа леппен.-дей отырып Көктемдегі құстар биін тамашалайық қыздар флешмоб1-жүргізуш:
Елді жаудан қорғайдыӘскерлерім-айбыным!Мықты болса Әскерім,Біз көрмейміз қайғы-мұң.
Хор: «Туған жердің бөбегіміз»
1 жүргізуші:Біз,тәуелсіз Қазақстанның жас азаматтары,кең байтақ еліміздің келешекте еңселі де іргелі елге айналуына үлесімізді қосамыз.
2 жүргізуші: Құрметті оқушылар «Бүгін 5 «а» сынып қыздарының дайындаған « Ұранды ердің – ұрпағы қайсар» атты тәрбие сағатымызды яқтаймыз. Назар қойып тыңдағандарыңызға рахмет.
1 жүргізуші: Мамырдың мамыражай күндерімен, майда желімен келіп жеткен мерекелеріңіз тағы да құтты болсын, ардақты азаматтар!