Т?рбие са?аты ?з елім мені?-?зегім мені?


Еңбекшіқазақ ауданы
Рахат орта мектебі КММ
«Бекітемін» «Келісемін»
Мектеп директоры: Б.Ашимов Директордың тәрбие жөніндегі
орынбасары: Д.Кумпеисова

Тақырыбы: «Өз елім-өзегім менің»
Каиркулова Г.У.
«Өз елім –өзегім менің» тәрбие сағаты сценарий
Тақырыбы: «Өз елім –өзегім менің»  Мақсаты: Оқушыларды елін сүюге, қазақ елінің рәміздерін қастерлеуге, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру.Көрнекіліктер:
1. Қазақстан картасы, Қазақстанның әнұраны, Туы, Елтаңбасы,
Н.Ә.Назарбаеватың портреті,слайд.
2. Нақыл сөздер жазылған плакаттар.
3. Шарлар,гүлдер,музыкамен жабдықталған.1-жүргізуші: Сәлеметсіздер ме ,құрметті ұстаздар,қонақтар! Біздің сыныбымыздың  «Өз елім –өзегім менің» атты тәрбие сағатымызға  қош келдіңіздер!
2-жүргізуші: Біз тәуелсіз елдің түлегі болғанымызға шексіз қуанамыз. Біздің отанымызды әлем таныды. Осы сәтте Отан туралы еріксіз ойға берілесің. Бұл ұғымның аясы кең. Отан – далаң, орман, тауың, ауылың мен астанаң.Отан әр жұмыр басты пенденің киелі мекені, жер басып жүрген әр тіршілік иесінің шексіз байлығы. Тәй-тәй басқан нәресте де, еңкейген қария да оның бір мүшесі.
1-жүргізуші: Туған жер –адамзаттың кең дүниені есігін ашып, өмірге келген, бізге дейін сан толқын ұрпақтың кіндік қаны мен маңдай тері тамған киелі мекен.
Нұрғанатқызы Зеренің орындауында «Атамекен» әні.
1-оқушы:   Абай туған, Сәке туған
Құрметте досым қазақтың жерін
Қамбаға жылда алтын дән құйған
Қазақстан Республикам менің!2-оқушы:  
Елтаңбасы елімнің,Неткен көркем әдемі
Тұнығындай көңілдің,Ортада аспан әлемі.3-оқушы:
Өзіңдікі – елің де,Өзіңдікі – жерін де.Өзіңдікі - өзіңе екен бақ,Тәуелсіздік төрінде!4-оқушы: 
Өзіңдікі – Туың да,От пен ауа суында.Жаса Қазақстаным,Белді бекем буын да.
  2-жүргізуші: «Қанша ғасыр өмір сүрсе бұл қазақ, сонша ғасыр ұмтылды ғой елдікке», - деп Төле би бабамыз айтқандай. Егеменді ел атандық.    Міне, енді өз Әнұранымыз, Елтаңбамыз, Туымыз бар. Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын деп тілейік ағайын. 
5-оқушы:
Алтын бесік, туған жер, далам менің,
Қанат қаққан ұяңнан балаң едім.
Сырлы сазын  жүректің төгейін деп,
Сағынышты сан жылғы ала келдім.6-оқушы:  
Сүем сені туған жер,
Әжем жөргек жуған жер.
Шапқан жауды еліме
Батыр бабам қуған жер.
Сүйем сені, туған жер,
Байлық, бақыт тұнған жер.7-оқушы:  
Кең байтақ, көз жетпейтін жерім менің,
Таулы орман, жасыл жайлау, көлім менің.
Бүгінде бар әлемге данқың жетті,
Тәуелсіз Қазақстаным – елім менің.
8-оқушы:  
Біз жас ұлан - Отан ана өркеніҮміт артқан болашағы, ертеңі.Туған елдің даңқын көкке өрлетіп,Гүлге бөлеп жасартамыз өлкені.
Би: «Қара жорға»9-оқушы:  
Отан дейміз от жаққан жерімізді,Отан дейміз өсірген еліміздіОтан дейміз туған жер, атамекенБиік тау, орман, тоғай көлімізді 10-оқушы:
Қыран құсым көк аспанда самғасын,Желбіресін көк байрағың сан ғасыр!Жас ұландар, берік ұста туыңды,Жарқыратып туған елдің таңбасын.11-оқушы:  
Еліңді сүй! Еліңді сүй! Сөзім шын,Ел дегенде ет - бауырың езілсін.Ел дегенде көкірегің сөгіліп,Ел дегенде қамыңды ойла өзіңнің.Ел дегенде асау жүрек ұрғылапШыбын жаның тұрсын сенің шырқырап! 
1-жүргізуші: Туған жерін сүймейтін адам жоқ. Олай болса, туған жер туралы қандай мақал - мәтелдер біледі екенбіз?1. Ақжол:Туған жер - тұғырыңТуған ел - қыдырың.2. Бақыт:Туған жердің күні де ыстық, түні де ыстық.3. Айнура:Туған жер – алтын бесік.4. Ерсұлтан:Туған жердің топырағы да ыстық.5.Медина:Өзге елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол!15-оқушы:  Отан дегеніміз - адамның туып өскен жері, туған - туысқандарымен, жақындарымен бірге тұратын ата мекені. Қазақ елінде тұратын адамдардың Отаны - Қазақстан Республикасы.Қазақстан - Туымен тұғырлы,Елтаңбасымен еңселі,Әнұранымен айбатты.Ән: «Өз елім» . Орындайтын: Б.Даулетбек, Н.Сарсенов, Құрбанжан Е2-жүргізуші. Ең бірінші бақытым – халқым менің,           Соған берем ойымның алтын кенін.           Ол бар болса, мен бармын қор болмаймын,           Қымбаттырақ алтыннан нарқым менің,           Ал, екінші бақытым – тілім менің,           Жас жүректі тіліммен тілімдедім.           Бақытым бар үшінші – Отан деген.-    Кім мықты? – десе біреу «Отан» дер ем!1-жүргізуші: Біздің Елбасы былай деген: «Бізге азаттық азаппен, арпалыспен келген. Тәуелсіздік тәуекелге түскен. Сондықтан да бұл бақытымыз баянды болады, ұзағынан сүйіндіреді деп сенеміз».«Менің Қазақстаным» әні хормен орындалады.
 Қорытынды:Қазақстан - сен заңғар биіксің, кеңсің. Біздің жанымыз өзіңе деген мақтанышқа бөленген. Біз сенің атыңды жер бетіне жар салар перзентіңбіз, тәуелсіздікті мықтап қолға ұстайтын балаңбыз!Біз - тәуелсіз қазақ елінің ең жас жеткіншектеріміз. Сондықтан өз жерімізді, өз елімізді, әкелеріміз бен аталарымыз сияқты қадірлеуге, сүюге, қорғауға тиісті екенімізді естен шығармайық дегім келеді.Ұстаздар, ата - аналар, оқушылар сіздерге көп - көп рахмет. Сау болыңыздар!
Ұлтарақтай болса да, ата қоныс жер қымбат.
Ат төбеліндей болса да, туып өскен ел қымбат.