Т?рбие са?аты: Мені? елім,мені? президентім. 3 сынып


Тәрбие сағаты
Сабақтың тақырыбы: «Менің елім, менің президентім»
Сабақтың мақсаты:  а) Оқушының бойына ұлттық рухты, патриоттық сезімді ұялату, туып өскен жерін, елін, Отанын перзенттік сезіммен шексіз сүйе білуге бағдар беру.
Сабақтың тәрбиелігі: Отан алдындағы борышын мақтаныш пен жеткізіп, сезіне біліу, ата-бабаларымыз мұра етіп қалдырған салт-дәстүрлерімізді қазақи дарқандылығымызды, қасиетті тілімізді қолдайтын ұлтжанды ұрпақ тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: бүктеме,  суреттер
Сабақтың барысы:
          Мұғалім сөзі: Құрметті  ұстаздар және оқушылар! Бүгін 4»ә» сынып оқушыларымен  «Менің елім, менің президентім» аттыашық тәрбие сағатымызды өткелі отырмыз.
Халық күші керемет десекте ерек,
Бір перзенті  биіктеп өсер бөлек.
Қанша ақылды, қанша көп боғанымен
Әр халыққа кемеңгер көсем керек дегендей-
         1991 жылы 1 желтоқсанда Қазақстан  Республикасының  тұңғыш президенті Нұрсұлтан  Әбішұлы Назарбаев сайланды.
Елім, Отаным, президентім деп тебіренбейтін жан жоқ шығар, сіріә!
         Жер бетінде азаттықтан асқан бақыт жоқ. Қазақ халқы ержүрек, достыққа адал, бауырмал қонақ жай халықтың қуанышында шек жоқ. Біздің  еліміз  өз алдына егемендік алып, тұңғыш президентімізді сайлап тәуелсіз егеменді ел болдық. 
1. жүргізуші:  Құрметті ұстаздар мен оқушылар !
Бүгінгі  тәрбие сағатымыз Қазақстан  республикасының   президенті Нұрсұлтан Әбішұлы  Назарбаев   1991 жылы  1 желтоқсанда тұңғыш президентімізді  сайладық. 
 
2. жүргізуші: Еркін  елім-Егемен Қазақстан,
                         Мадақтап туған елді жаздым дастан,
                         Бірлікті берекені бірдей сақтап,
                         Сан  ұлтты жарастырып басын қосқан.
                         Қабағым қазақ десе ашылады,
                         Қаламым жыр  жазуға асығады.
                         Көңілім бір серпіліп қуат кіріп,
                         Жарқырап күнің нұр шашылады.- деп жүректегі
Отанға   деген  сезім жолында  құштарлықпен айта отырып, өзге елдермен терезесі тең,  керегесі кең,  өркенін кеңінен жайған тәуелсіз,  дербес мемлекет болуымен Қазақстан  Республикасының  Гимні  орындалады. Гимні  сөзі; 
Ш.Қалдаяқов
әні; Ж. Нәжімеденов, Н. Назарбаев
  «Менің  Қазақстаным»
 
1.жүргізуші:       Шықты   тарап ой данадан
Бері қарады жұлдыз беті
Өзі  қалап  сайлап алған
Елімнің бар президенті
Шырақ етіп өмір нұрын 
Алыс тартты алдағы жол
Ел намысын,елдің жүгін 
Арқалаған ардағым ол.
Барлығы:              Байтақ дала- жерім менің,
Арта  берсін елім менің.
Көк байрағың  желбіресін,
Егеменді елім менің
 
1. Сол жылдары 10 желтоқсанда  Қазақ  Кеңестік  Социолистік Республикасының  атауын  өзгерту туралы  заң  қабылданып, «Қазақстан   Республикасы» деп аталды.
1991 ж 16 желтоқсанда  Қазақстан  Республикасының  егеменді, тәуелсіз мемлекет деп жарияланып,  мемлекет басшысы  Н.Ә.Назарбаев  Қ Р        Конституциялық  заңына қол қойды.
 
Егемендік ел болудың белгісі,
Басқа  жұртпен  тең  жұлдызы,  тең күші
 «Егемендік» деген сөзден естілер
Ата жұрттың арғысы мен бергісі.
 
Ән. «Желтоқсан желі»
2. 1992 жылы  4 маусымда Қазақстан    Республикасының  мемлекеттік   ел  рәміздері   бекітілді.
 
Қатар  шапқан қос тұлпар,
Ай астында қазақ   үй.
Қалықтаған жас сұңқар,
Шарықтаған  жаза күй
Бұл таңбасы елімнің
Елдігімнің белгісі.
Мұнда да бір ерлігін
Мұнда  да бар жер күші
Қара шаңырақ ел күні
Асқақтатып тұр мұны
                  Елтаңбасы  елдігім 
                  Елдің тыныш тірлігі
 
3. 1993 жылы 15 қарашада   Қазақстан   Республикасының   Ұлттық ақшасы –Теңге  айналымға енді.
 
4. 1994 жылы Тәуелсіз  Қазақстаның тұңғыш  ғарышкері  Талғат Мұсабаев ғарышқа ұшты.
 
Мөлдір аспан, көк аспан,
Сол  аспанға жарасқан.
Самолеттей  сұңқармен
Ұшқыш болғым келеді.
 
5. 1995 жылы 30 тамызда Еліміздің  Ата  Заңы  Конститциясы қабылданды.
Әділ заң  еңбек жемісі,
Бағалар ерлеп жеңісін.
Адамның еркін айқындап ,
Қызмет етер ел үшін
Бұл заңды жеңіс даңқымыз
Салтанат құрған  салтымыз
Сүйеніш,  қамқор, қорғаушы
Сүйеді  заңын  халқымыз.
6. 1996 жылы  9  желтоқсанда  желтоқсан  оқиғасының  құрбаны Қайрат Ноғайбайұлы   Рысқұлбековке  «Халық   қаһарманы»  беріліп, айрықша ерекшелік   белгісімен  «Алтын жұлдыз»  тапсырылды. Сабира, Ләззат, Ерболға   «Ақтау  жөніндегі  анықтама»  қағаз  берілді.
Өз  ұ лын,   өз  ерлерін  ескермесе,
Ел  тегіалсын   қайдан  кемеңгерді.
Төрткүл дүниені  дүр  сілкіндірген
Желтоқсан  арман  тілегі  орындалып,
Елімізде тәуелсіздік таңы атты.
7. 1997ж  10  желтоқсанда  Астана-Ақмола  қаласына  көшірілді. 
Беу-Астана!
Ардақты ақ қаласың,
Жасап жатып
Туған ел салт-жорасын
Туған күнің Астана құтты болсын
Бақытты бол!
Ортаймас бақ орнасын!
Ән: «Астана»
8. 1998 ж 6 мамырында «Астана» деген ат  берілді.
Осы  жылы  мемлекеттік  органдарда  Мемлекеттік   тілдің қолданылуы аясын  кеңейту  туралы  үкімет  қаулысы  шықты.
Дұрыс сөйле, шала қазақ атанба,
Өз тіліңде сөйлеп кеткен атаңда
Қадірлей біл тілің менен,дініңді
Саған берер менің осы батамда.
Осы   жылдары  Халық  бірлігі  мен  ұлттық   тарих   жылы  деп  жарияланып , Елбасымыз   Н.Ә.   Назарбаев  Қазақстаның  2030 стратегиясын   жариялады.
 
9. 1999  жылы  тұңғыш  рет  Қазақстан  Президенті  Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев  қайта  сайланды.   «Ата-бабамыз  аңсаған азаттық  пен тәуелсіздікті  алдық. Ендігі  мәселе-соны  ертеңге жеткізу,  келесі ұрпаққа, болашаққа  Қазақстан  осы  тәуелсіздігін  аманаттау.»
 
10. 2000жылы  Мәдениетті  қолдау  жылы.
Шежіресі  Түркістаның 1500  жылдығы  тойланды. 
                     Тойлады сені Түркістан,
                      Егеменді  ел  жұртың.
                      Ойланатын Түркістан
                      Сан   ғасырға  кетсінші
                      Самғап  атын Түркістан
                       Сені  аңыз  етсінші.
 
11.2001 жылы  Тәуелсіздік пен достық  жылы .
Жыл сайын табыс қоссын табысына
Әр қазақ  берік болсын  намысына
Нұрсұлтан  Назарбаев бастай  берсін,
Нұрлы жол, нұрлы  заман  бағытына
Он алтыншы желтоқсан -Тәуелсіздік  алғанша
Еліміздің  басына  бақыт   құсы қонған күн
Құтты болсын береке, бүгінгі күн мерекең
Шаңырағың  шайқалмай, мықты  болсын  керегең.
 
12.2002 жылы  Денсаулық  сақтау  жылы.
Денсаулық –адам баласының ең құнды игілігінің   бірі.  Денсаулықты сақтау  үшін   ең   бірінші  кезекте   ойың,   ниетің  таза  болу  керек.  Деннің  саулығы , жанның  тазалығы,   тұлғаның   сыматтылығы   адам  денсаулығының  белгісі.
 
13.2003 жылы    Ауылды   қолдау  жылы.  Ресейдегі  Қазақстан   жылы.
 «Ауыл  дегеніміз - халықтың  тұрмыс-салты,  мәдениетіміздің, дәстүріміздің, әдет-ғұрыпымыз  бен  рухани  тіршілігіміздің  қайнары»
Ауыл –біздің  алтын  діңгегіміз, терең  тамырымыз,  балдәуреніміз, үмітіміз, келешегіміз,  асқақ  арманымыз.
 
14. 2004 жылы   Қазақстандағы  Ресей  жылы. ҚР  президенті Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына  «Бәсекелестікке  қабілетті әкономика  үшін, бәсекелестікке  қабілетті халық  үшін» атты жолдауы   жариялавнды.
 
                        Сан    ұлттың    басын   қосып Қазақстан,
                        Бекемдеп  саясатын  іш  пен тыстан
                        Елбасы алдын –ала болжай  біліп,
                       Сүрінбей аман өттік дағдарыстан
                       Жыл  сайын табыс  қоссын табысына.
 
15. 2005 жылы. Ұлы  Жеңіске   60  жыл.
 
 
16. 2006 жылы  Қазақстан  тәуелсіздігіне 15 жыл  және  осы  жылы  11  қаңтар Астанадағы  Елордада  ҚР  Президенті  Н. Ә. Назарбаевты ұлықтаудың салтанаты  рәсімі   болып,   7  жылдық   Президенттік қызметіне  ресми түрде кірісті.
Астана бар әлемді елеңдетті, 
Тамырын  Бәйтеректе  те  тереңдетті
Аз  жылда  жаңа  Астана  салып   алдық.
Қай  халық  көрді  мұндай  кееметті
Айтамын әрқашанда сөздің шынын,
Атқарған сансыз еңбек халық үшін.
Биікке  қол жеткізсе Қазақстан,
Данышпан саясаты Елбасының.
 
17. 2007 - 2008 жылдары  Қазақ тілін  қорғау  жылы.
Елбасы  ел  таоихында тұңғыш рет  «Жаңа әлемдегі ,  Жаңа Қазақстан» тақырырыпта  интерактивті  сабақ  өткізді.
 
18.2009 жылы   6  наурыз  Қ Р  Президенті  Қазақыстан халқына  «Дағдарыстан-Дамуға»  атты  жолдауын  жариялады.
Сәбилер  тыныш ұйықтап жөргегінде,
Жастардың  шаттық ойнап өңдерінде.
Орта Азия  Барысы- Қазақстан
 Деп жазсын Жаңа  заман өрнегіне.
 
19. 2010 жылы   20  қазан   Астанада Еуропадағы      Қауіпсіздік  пен ынтымақтастық ұйымының жоғарв деңгеидегі  7-ші  самиті  өтті.  (ЕҚЫҰ) 56 елді  бірауыздан  келтірген   Астана  деклорациясы қабылданды.
 
20.2011 жылы 30 қаңтар – 8 ақпан Астана мен Алматыда 7-ші қысқы Азия ойындарының жарыстары өтті.Қазақстан спортшылары 32 алтын 26 күміс 17 қола барлығы 70 наградаға ие болды.
 
2011жылы. Тәуелсіздіктің 20 жылдығы тойланды,
 Жиырма жыл жаңа билік орнағалы,
 Жоспарды  іске асырдық  сан салалы.
 Дамыған Қазастан үлгілерін,
 Бүгінде шетелдер де қолданады.
 
    1. жүргізуші.  . Қазақстан бүгінде дүниежүзінің  көптеген  елдермен достық  байланыс орнатқан,  бүкіл   әлем   таныған  елге  айналды.
 
2. жүргізуші.  . Ел- Елбасыға  тірек. Елбасы –елге қалқан.  Біздің мемлекетіміз  өсіп, жетіліп, кемелденеді, біздің  бабаларымыздың өсиетімен  ер  жетеміз.  Біз елімізді   ,елім деп  шаттансам, елімді сара да сындарлы  саясатымен  басқарып  отырған  рпезидентімді   « Менің    президентім»  деп  мақтанамыз.
 
1. жүргізуші.  Президентіміз  нұрлы   болашаққа   бастайды.    Әрбір отбасы, әрбір қазақ,  әр адам   тәуелсіздікті  сақтауға   жауапты. Жарты  дүние  әлемін  алып  жатқан   елімнің   келешегіне  сенеміз –дей  отырып  бүгінгі  «Менің  елім,  менің  президентім» атты  ашық тәрбие   сағатымызды  аяқтаймыз.  
 
Ән: «Атамекен»
 
 Мұғалім  сөзі:   Елбасымыздың  салиқалы   саясатының    арқасында Қазақстан  жылдан –жылға көркейіп,  жаңа  экономикалық   өрлеу үстінде, Отанымыздың    осындай  бейбітт өмірде   өмір  сүру, әрине біздің  елбасымыздың   арқасы.
Қазақстан   мемлекеті  көптеген   белестерге    қол   жеткізді. 
Қазақстан    мемлекеті   Туымен  тұғырлы,
Елтаңбасымен    еңселі,
Гимінімен  айбынды   мемлекет.  Мемлекетіміздің   одан  әрі  көркейіп    гүлденуіне     өз  үлесімді  қосайық.
Қорытынды.