Жа?сы дос ?шін жан пида атты та?ырыпта 6-сынып?а арнал?ан саба? жоспары


Айы, күні, жылы.
Сыныбы. 6
Сабақтың тақырыбы. Жақсы дос үшін жан пида.
Сабақтың мақсаты:
І Білімділік Оқушыларды қазақ тіліне үйрету, қазақ тіліне
тән дыбыстарының айтылуы мен жазылуын
қадағалау.
Оқушылардың білім-білік дағдыларын
қалыптастыру. Достықты бағалауға,
әрқашанда досына көмек көрсетуге үйрету.
ІІ Дамытушылық Оқушыларды сөйлету арқылы тілдік
қорларын молайту, ой- өрістерін дамыту.
ІІІ Тәрбиелік Оқушыларға эстетикалық тәрбие беру.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: Сұрақ –жауап, түсіндірмелі, талдау, әңгімелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Карточкалар.
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі
Амандасу, оқушыларды түгендеу. Оларды сабаққа бейімдеу.
ІІ Үй тапсырмасы
Оқушылардан үйге берілген тапсырманы сұрау.
ІІІ Жаңа сабақ
Жаңа сабақ тақырыбымен таныстыру, мақсатын қою.
ІV Жаңа сөздер.
ренжу – обидеться
теріс қарау – отвернуться
дос- друг
ұялу – стыдиться
үшін-для
V Дәптермен жұмыс
Жаңа сөздер бойынша сөйлемдер құрап жазу.
Достықты қадірлеу керек.
Менің досым ұялшақ.
Досым үшін бәрін жасаймын.
Мен досыма ешқашан ренжімеймін.

2 – тапсырма. Жұптастырыңдар.
Менің досым Біздіңдосымыз
Сенің досың Сендердіңдостарың
Сіздің досыңыз Сіздердіңдостарыңыз
Оның досы Олардыңдосы
VІ Тақтамен жұмыс
«Дос» сөзін септеу және фонетикалық талдау жасау.
VІІ Оқулықпен жұмыс
 1 – тапсырма. Мәтіннің мазмұнын айтыңдар.
3-тапсырма. «Дос» туралы мақалды жаттап ал.
Жүз теңгең болғанша- жүз досың болсын.
VIII Шығармашылық жұмыс
IX Қорытынды
Оқушыларға сұрақтар қою арқылы өткен тақырыпты қалай меңгергендерін тексеремін.
X Бағалау
Оқушыларды білім деңгейлеріне байланысты бағалау.
XI Үй тапсырмасы
Дос дегеніміз не? (сұхбаттасу).