Т?рбие шарасы Аттанды? болаша?тан…(т?рбие шара)


№11Ы. Алтынсарин атындағы орта мектеп
Тақырыбы: « Аттандық, болашақтан болашаққа!»
Орындаған: Нүұрасилова Д.
Атырау 2013жыл
Мақсаты: Білім негізі, іргетасы – бастауыштан қаланатына ерекше мән беру. Бастауыш сыныптарда алған білімнің адам өмірінің мән – мағынасы үшін аса қажеттілігіне көз жеткізу, алған білімдері мен жетістіктерін іс жүзінде көрсете білу.
Отан сүйгіштікке баулу, жағымды мінез – құлық мәдениетіне, білімді, саналы ұрпақ болып өсуге жетелеп, бағыт – бағдар беру.
Көрнекіліктер: ұлағатты сөздер, видео техника, слайдшоу.
1.Жүргізуші:
Бәрі есімде, мектепке алғаш барған күн,
Күлімдеп бір нұр жүзіміз жанған күн.
Сыңғыр қағып қуанышпен қоңырау,
Шақырғаны алға бізді арман мың.
2.Жүргізуші:
Әсем бөлме, терезелер жап – жарық,
Қойған дерсің шырағданнан шам жағып.
Қара тақта, аппақ парта қаз – қатар,
Отырдық біз сипап бәрін таң қалып.
3.Жүргізуші:
Кіріп келді сыныпқа ұстаз күнді іліп,
Бөлме іші кетті лезде шын жылып.
Сәлем берді бізге ұстаз жымиып,
Бар шуылын балалардың тындырып.
4.Жүргізуші:
Құрметті ұстаздар, қадірменді ата – аналар, аяулы достар! Бүгін бізде қуаныш, бізде үлкен той. Біз бүгін 4 жыл бойы білім беріп ой санамызды дамытқан, адалдыққа тәрбиелеп, білімнің соқпағынан ғылымның арнасынан кең жол ашқан бастауыш сыныппен қоштасқалы отырмыз.
5.Жүргізуші:
Толқимыз, толқып тұрсыз баршаңызда,
Мұндай күн болған сірә қаншаңызда.
Қол соғып қошеметпен шақыралық,
4 – сынып оқушыларын ортамызға.
Би: Балдырғандар вальс.
6.Жүргізуші:
Алдарыңызда тұрған балалар осыдан 4 – жыл бұрын мектеп табалдырығын жүрексіне аттаған кіп – кішкене балдырғандар еді. Енді міне ойлары да, бойлары да өсіп, егеменді еліміздің жарқын болашағын жасау мақсатында бастауыштан білім алып, аяқтап жоғары сыныпқа көшкелі отыр. «Талаптарыңызға нұр жаусын» деп ертеңгілігімізді ашуға рұқсат етіңіздер.
Хормен: Алғыстарым көп менің,
Ұстаз ана мектебім.
7.Оқушы:
Көз салып қараңызшы бойымызға,
Ортақ боп бүгінгі өскен ойымызға.
Қош келіпсіз ұстаздар, ата-аналар,
Бастауышпен қоштасу тойымызға.
8.Оқушы:
Шаттанамын мен бүгін шаттанамын,
Ғылым сырын түсіндім, мақтанамын.
Осы сырды үйреткен 4-сыныбым,
Түстей болып, мінекей артқа қалдың.
9.Оқушы:
Қошьасу тойын бастайық,
Ән мен биге басайық.
Өнерімізді көрсетіп,
Құрметіне бұл тойдың
Ән мен шашу шашайық.
Би: «Латина»
10.Оқушы:
Мектебім – мәңгі бапкерім,
Қарызбыз саған бәріміз.
Өзіңе деген парызды,
Ақтаймыз талай әлі біз.
11.Оқушы:
Білімнің қайнар бұлағы,
Өнердің жарық шырағы.
Тұрағы өзің – мектебім,
Шәкірттің асыл қырағы.
12.Оқушы:
Ыстық мекен, алтын ұя – мектебім,
Сен арқылы білім алып көктедім.
Достарыммен бірге жүріп, бір күліп,
Қарсы алдым жастық шақтың көктемін.
13.Оқушы:
Мектебім – алтын бесігім,
Айқара ашқан есігін.
Өзінде жүріп естідік,
Ұстаздың асыл есімін.
14.Оқушы:
Ыстық қой сенің құшағын,
Бүрлеген мен бір бұтағын.
Азамат болып ертен – ақ,
Өзіңнен түлеп ұшамын.
Хор:
15.Оқушы:
Мұғалім – ұстазысыз балалардың,
Болашақ ғалымдардың, даналардың.
Өмірде сіздің алар орныңызды
Бірі де жеткізе алмас балалардың.
16.Оқушы:
Әр шәкірттің сезімі бір, әні бір,
Шаттықпенен қайғы мұңда жаны бір.
Балғын шәкірт жүрегінен жолтапқан,
Ұстаз бенен мейірімнің әні бір.
17.Оқушы:
Абзал жан бар биік тұлға, байсалды,
Құшақ жая шәкірттерін қарсы алды.ұмыт болмас өмір бойы ұстаздың,
Ұйқысыз талай күнді қарсы алғаны, - дей келіп келесі өлен шумақтарын алғашқы ұстаздарымызға арнаймыз.
Хор: «Мектебім»
Би: «Орыс биі»
18.Оқушы.
Алғашқы ұстаз- ерекше тұлға, дара шың,
Ұмытылмастай мәңгі есте қалатын.
Сарғайып кеткен суреттерді парақтап,
Шәкірттерін оңаша еске алатын.
19.Оқушы:
Білімді шәкірттерін аялаған,
Жақсылықты ешкімнен аямаған.
Саялы бақ, жанашыры жас ұрпақтың,
Ұстаз деген – аяулы, ардақты адам.
20.Оқушы:
Ажырамай мектептен бір елі сіз.
Жақсылыққа жаралған жүрегіңіз.
Сөз беремін құрметпен өзіңізге,
Шәкірттерге арналсын тілегіңіз – дей келіп, сөз кезегін ұстаздарымыз Дариға, Алтынай апайларымызга береміз. Оқушыларды, ата – аналарды марапаттпу, қорытындылау.
Хормен:Бәрі.
21.Оқушы:
Бастауышым – бал бұлағым,
Алдым сенен балдын дәмін.
Әріп танып, білім алып,
Рахметімді жаудырамын.
22.Оқушы:
Сондықтан да бұл сәтті қасиеттен.
Мәңгі сақтап қаламыз жүректе біз.
Қош айтысып соңғы рет осы жерде.
«Мың алғыс, бастауышым» саған! Дейміз.
Бәрі хормен:
Сенен алған білімгеде рахмет!
Сенен тапқан достарға да рахмет!
Бастауышым қоштасарда тағы да
Жүз қайтара айтамыз рахмет!