Т?рбие са?аты Е?селі ?н?ран, айбынды Елта?бам, т??ырлы Туым


Күні: 05.03.15
Сынып: 1 «а»
Тақырыбы: «Еңселі Әнұран, айбынды Елтаңбам, тұғырлы Туым»
Мақсаты:
Білімділік: парасаты мен пайымы, білігі мен білімі мол, ел қамын ойлаған Елбасының мақсаттарын болашаққа апарар үлкен арнаның мөлдір бастауы екенін түсіндіру;
Дамытушылық: Тәуелсіз Қазақстанның ұл-қыздары білімді болу керектігін, білімнің қымбаттылығын түсіндіру. Ата Заңның ел мүддесі үшін атқарар орнының бөлек екенін, оқушылардың өз құқығын білулерін ұғындыру;
Тәрбиелік: Отан сүйгіш инабатты, өнегелі, адал білімді, өз елін, жерін, халқын, салтын, дәстүрін сүйетін патриот азамат, білімді ұрпақ тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: баяндау, әңгімелесу, түсіндіру, сұрақ – жауап.
Көрнекілік: слайд, суреттер.
Сабақтың барысы
Ұйымдастыру кезеңі:
Қол алысып, қане, біз,
Достасайық бәріміз,
Айтарым бар сендерге,
Тез тұрындар шеңберге.
Қандай жақсы бір тұру,
Достарыменен бір жүру!
Қандай жақсы бір болу .
Кіріспе:
Бәрі болған қазақ сынды көне елде,
Ел белгі де, ерлік, өрлік, өнер де.
Жаһандағы ең жауынгер халықта,
Кім сенеді ту болмады дегенге?!
Батырлыққа уызынан жарыған,
Ер түркіні байрағынан таныған.
Өзі ақын, өзі әнші халықта,
Кім айта алар болмаған деп Әнұран?!
Бас білгізіп жер тарпыған тарпаңға,
Жасы тұрмақ шығады екен қарты аңға.
Қалай оның елтаңбасы болмайды,
Түлігіне дейін салса ел-таңба! – деп ақын жырлағандай , халқымызда ұлттық Ту, Әнұран, Елтаңба бар. Біздер тәуелсіз қазақ елінің ең жас ұландарымыз. Сондықтан өз жерімізді, өз елімізді әкелер мен аталарымыз сияқты қадірлеуге,сүюге қорғауға тиіс екенімізді естен шығармайық.Отан –жерім,Отан - суым,Отан қуат, нәр береді..Отан - ұран, Отан - туым,Отан мәңгі гүлденеді – демекші, тәуелсіздігіміз тұғырлы болып, еліміздің символы –мемлекеттік рәміздерді қастерлеп, құрметтеу бәріміздің міндетті парызымыз болып саналады.
2007 жылы 4 маусымда Астана қаласында Қазақстан Республикасы мемлекеттік рәміздер күні болып қабылданды. Әр жыл сайын біз 4 саусымда «Рәміздер күнің» атап өтеміз. Президент Н.Ә.Назарбаев сөйлеген сөзінде: «Мемлекеттік рәміздер –еліміздің егемендігі мен тәуелсіздігін паш ететін нышандар. Бұл рәміздер біздің мемлекетіміздің өткені, бүгіні мен болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын бейнесі.
Мемлекеттік рәміздер - халқымыздың рухын, ұлттық салт-санасын, қаһармандығы мен даналығын, болашаққа үмітін, арман - тілегін жеткізетін ерекше құнды белгілер.
Ой шақыру.
Балалар, біз қандай елде тұрамыз? (Қазақстан)
Қазақстандағы мемлекеттік тіл қай тіл? (Қазақ)
Елбасымыз кім? (Н.Ә.Назарбаев)
Еліміздің мемлекеттік рәміздеріне нелер жатады? (Ту, Елтаңба, Әнұран)
Еліміздің астанасы қай қала? (Астана)
Рәміздер туралы түсінік беру
Мемлекеттік елтаңбаның авторлары танымал суретшілер Жандарбек Мәлібеков пен Шота Аман Уәлиханов.Қазақта «Шаңырағың биік,керегең кең, босағаң берік болсын» деген тілек сөз бар.Елтаңба авторлары осы сөздерді басшылыққа алған.Қазақстан Республикасының Елтаңбасы көгілдір түстің үстіне салынған шаңырақ бейнесінен тұрады.Одан жан-жаққа күн сәулесі тәрізді уықтар тарайды. Шаңырақ пен уықтар біздің Отанымызда тыныштықта жарасымды өмір сүріп жатқан көптеген халықтардың бірлігін көрсетеді. Қазақстан Республикасының Елтаңбасының бір бөлігі ертедегі қанатты тұлпар. Елтаңбаның жоғарғы жағындағы бес бұрыш – бақытты өмірге жол сілтейтін жарық жұлдыздың белгісі. Төменгі жағындағы «Қазақстан» деген жазу республиканың атын көрсетеді. Масақ Отанымыздың байлығы іспеттес.

Егер де Туға тұтас зер салсаң, автордың оны жасағанда үлкен мазмұнды ойластырғаны байқалады. Ол жер жүзінде әлемге нұрын шашқан Күн сәулесі астында қияға қанат қаққан қыран - тыныштық пен баянды өмірдің белгісі, ал ою-өрнек тудың қай елдікі екенін аңғартады.Тудың авторы – Шәкен Оңдасынұлы Ниязбеков белгілі монументші - суретші. Біздің туымыз – көгілдір түсті, тік төртбұрышты мата. Ол бірлік пен аман - есендікті көрсетеді. Оның қақ ортасындағы сәулесін шашқан алтын Күн – тыныштық пен байлықтың белгісі.Қазақ халқы сонау ерте заманнан бері қыранды киелі, қасиетті құс деп есептеген. Туда қыранның орын алуы тәуелсіздік алған Қазақстан қыран сияқты биікте болсын, қыран сияқты ғұмыры ұзақ болсын деген ойдан туған.Тудың сабын бойлай ұлттық ою-өрнек салынған тік жолақ қазақ елінің өзіндік сипатын, танымдық бейнесін көрсетеді.

Кез келген мемлекеттік рәміздердің ең маңыздысы – Гимн. Гимн-мемлекеттің салтанатты әні. Ол халықты әйгілі етеді. Оның сөздерінде халықтың мыңдаған жылғы тарихы, бүгінгі өмірі мен келешек арманы айтылған. Гимнді  түрегеліп ,жүректің тұсына қолдарын қойып айтады. Бұл өз мемлекетіңе деген құрметті көрсетеді. Халық өмір салтын бүгінгі тіршілігі мен келешек армандарын, мың жылғы тарихын осы әнге сыйғызған.
2006 жылғы 7 қаңтардағы Конституциялық заңға сәйкес ҚР-ның Мемлекеттік Әнұранының музыкалық редакциясы мен мәтіні жаңа редакцияда жазылды. Мемлекеттік Әнұранның авторы Шәмші Қалдаяқов, сөзін жазғандар Жұмекен Нәжмеденов, Нұрсұлтан Назарбаев.
«Адасқан әріптер» ойыны
«Біз Қазақстанның болашағымыз»
Сұрақ-жауап
Асем анасына 8-наурыз мерекесіне гүл жинамақшы, біз оған тек сұрақтарға жауап беру арқылы ғана көмектесе аламыз.
Қ.Р-ның рәміздерің ата.
Туда не бейнеленген?
Ту не себепті көк?
Әнұранның авторлары кім?
Еліміздің астанасы қай қала?
Қ.Р-ның елбасы?
Ақорда қай қалада?
Астана қаласының символы?
Қорытынды:
Бүгінгі сабақта алған мәліметтерді енді ұмытпай, әрқашан естерінде сақтап жүріңдер. Сендер еліміздің болашақ азаматысыңдар. Қазақстанның өсуіне үлес қосуларын керек.