Тіл та?дырым мерекелік кеш


Тіл – тағдырым
Мақсаты: оқушылардың ана тіліне деген сүйіспеншілігін арттыра отырып сөз өнеріне баулу, туған тілін сүюге оны қорғауға тілін мәдениетін сақтауға, ана тілімізің қадір қасиетін дамыту. Оқушыларды тез ойлауға, жауаптарын тиянақты, жүйелі айта алуға, топ алдында еркін сөйлеуге, мәнерлеп оқу дағдысына қалыптастыру.
Би: Будашкин 4а сынып оқушыларының орындауында.

Құрметті ұстаздар мен оқушылар!
Тіл -халықтың жаны, сәні, тұтастай кескін келбеті. Адамды мұратқа жткізетін ана тілі мен дәстүрі. Ана тіліміз -қасиетті мұрамыз! 1997 жылы Қазақстан Республикасының «Тіл туралы заңы » қабылданды. «Тіл ұлттың аса ұлы игілігі өзіне тән ажырағыс белгісі, ұлттық мәдениеттің гүлденуі мен адамдардың тарихи қлыптасқан тұрақты қаумдастығы ретінде ұлттық өзінің болашағы тілдің дамуына оның қоғамдық қызметінің кеңеюіне тығыз байланысты» делінген. Қазақ тілі дүние жүзіндегі ең бай, бедерлі де бейнелі тілдердің бірі.Ана тіліміздің халықтың көшпелі тұрмысынан туған төрт түлік малға, аңға,құсқа т.б табиғат құбылыстарына байланысты бейнелі теңеу сөздер, мақал мен мәтелдерге қатсты атауларына басқа тілдерден балама табу қиын. Ұлы Абай:
Өткірдің жүзі
Кестенің бізі
Өрнегін сендей сала алмас
Білгенге маржан
Білмеске арзан,
Надандар бахра ала алмас - деп жырлаған.
Сөз кезегін мерекемен құттықтау үшін мектебіміздің директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Аманова Назым апайға сөз беріледі.
Қазақ тілі- ұрпақтан ұрпаққа, атадан балаға жеткен ұлы құбылыс. Сондықтан да қазақ тілі халқымыздың қайраткерлерінің марапатына, ұлы ақындары мен жыршыларының жыр арқауына айналған.
Сүйемін туған тілді – анам тілім,
Бесікте жатқанымда-ақ берген білім.
Шыр етіп жерге түскен минутымнан,
Құлағыма сіңірген таныс үні ... –деп жырлағандай, Тілдер мерекесіне орай ұйымдастырылған «Тіл тағдырым » атты сайысымызды бастаймыз.
Бұл сайысқа 4 «а», 4 «ә» сынып оқушылары қатысып отыр. Сайысымыз 4 бөлімнен тұрады. Бұл сайысты бағалацтын қазылар алқасымен танысайық. Қазылар алқасының төрағасы: Ж. Оразайұлы
Мүшлері:Р. Сақтағанова
К. Мақсымбай
1. Мәнерлеп оқу
2. Мақал мәтелдер жарысы
3. Ән айту
4. Әдет – ғұрып
5. Салт – дәстүр
1. Мәнерлеп оқу бөліміне кезек берейік. 4 «А», 4 «Ә» сынып оқушылары тіл туралы жаттаған ақындардың өлеңдерін айтады.
Ал, ендеше , сөзді қазыларға берейік.
Тіршіліктің тірегі болған қазақ тілі талай ғасырларды басынан кешірді, тарих кезіне де төтеп бере алды. Ата – бабамыз ана тілімізді аттың жалында, атаның қомында жүріп қорғап, шұрайлы да көрікті қалпында кейінгі ұрпағына аманат ете білген.
2. Мақал – мәтелдер жарысы
Бұл бөлімді бағалау үшін қазыларға кезек берейік.
« Ән айту » бөлімі
«Әлия » әнін 4 «А» сынып оқушысы Атаниязова Айжан орындайды.
«Қазақ биі»
4 «Ә» сынып оқушысы Орынбасарова Жансұлудың орындауында « Туған ел » әні
Қазыларға кезек берейік.
Дүние жүзінде 7 мыңдай тіл бар. Жер шарында көптеген мемлекет болса, әрбір мемлекет ішінде неше түрлі халық бар. Біздің елімізде 130 – дан астам ұлт өкілдері тұрады. Олар өз тілдерінде сөйлеп, өз мәдениетін, дәстүрін сақтай білген. Олар Қазақстан мемлекетінде тұрады және қазақ тілінде сөйлей біледі.
4. Әдет – ғұрып
Қалжа, иткөйлек
5. Салт дәстүр
Шілдехана.
Ал Ә. Тәжібаев:
Туған тілім – тірлігінің айғағы,
Тілім барда айтылар сыр ойдағы.
Өссетілім,менде бірге өсемін,
Өшсе тілім, менде бірге өшемін! – деп тебіренген болатын.
Тіл өткірлігіне, сөйлеу шеберлігіне қазақ халқы ерекше мән берген. Жақсы сөзді жанына азық ете білген, қарсы атыоған оққа тоқтамаса да, қазақ халқы жүйелі сөзге тоқтаған, орнын тапқан екі ауыз сөзді ер құнымен тең көрген, тіл өнерін ардақтап, қатты қадірлеген.
Ана тілін құрметтейік,
Туған жері түп қзығы айбыны,
Туған тілі сатылмайтын байлығы.
Туған дәстүр, салт санасы тірегі,
Қадамыңа шуақ шашып үнемі.
Үміт күтіп кейінгі ұрпаққа жастардан,
Сенім арту бабалардан басталған.
Қазақ тілін мойындату әлемге
Жастар үшін болса екен басты арман-деп бүгінгі «Тіл – тағдыры » атты сайысымызды аяқтаймыз.