Мерекелік кеш ?ош келді?, жа?а жыл!


Тақырыбы: Қош келдің, Жаңа жыл!
Мақсаты: Оқушылардың Жаңа жыл мерекесі туралы ұғымдарын тереңдете отырып мерекелік көңіл күй тудыру, әсемдікке, шығармашылыққа, өзара достық қарым-қатынасқа баулу.
Кейіпкерлер: Жүргізуші, Қарақшылар (3), Сиқыршы, Мыстан кемпір, Ақша қар.
Залда шырша әсем безендірілген, музыка ойнап тұрады.
Барысы:
Жүргізуші:
Барлық жандар бір тілекке қосқан үн
Бақытты боп бастады жыл дастанын
Қуанышпен келді той боп жаңа жыл
Құтты болсын жаңа бақыт достарым
- Құрметті балалар, ата – аналар, ұстаздар, қонақтар. Жаңа жыл мерекесіне арналған «Қош келдің, Жаңа жыл!» атты кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер.
Осы кезде залға қарақшылар кіріп, бәрі айқайлап-шулап келеді де шыршаны бір айналып алып айтады:
1-қарақшы:
-Ооо қараңдар қандай ағаш өсіп тұр. Жақсы болды,осы ағаштың көлеңкесінде демалайық. (төсеніштерін төсеп-төсеп бәрі жата қалады.сосын біреуі басын көтеріп)Түу мыналар неғып жүрген балалар.Бізге кедергі жасап.Көп күннен бері адамдарды тонаймыз деп ұйықтаған жоқпыз.Барыңдар, үйлеріңе кетіңдер.
Жүргізуші:
-Құрметті қарақшылар. Сіздер бұл жерде демала алмайсыңдар, өйткені бізде мереке болып жатыр. Сіздер басқа жаққа барып демалыңыздар.
Қарақшы (ашуланып, атып тұрып)
-Сен кімсің өзі маған қарсы шығатын.Қайдағы мереке? –Айтыңдаршы бұл қайдағы мереке? Қайдағы мереке?
(деп балаларды жұлқып-жұлқып сұрайды,олар жауап береді)
-Жаңа жыл дейді ха-ха-ха .Қайдағы жаңа жыл? Сендерге бүгін жана жыл тұрмақ ескі жылда болмайды. (қылыштарын көрсетеді) . Қарашы өздерін,бізге ұйқы бермей.(ААА деп есінейді) Тезірек ұйықтаса ғой шіркін!
Жүргізуші:
-Қарақшы ағай ! Бізге тимеші.Біз шуламай ақырын ғана жүреміз.Мереке болсыншы.Бұл мерекені біз 1 жыл күттік қой,ия балалар.Қазір Аяз ата келеді көп кәмпит әкеледі.Біз сіздерге де береміз.Береміз бе балалар!
Қарақшы:
-ООО кәмпит дегенді біз де жақсы көреміз.Жарайды келістік.Сендердің Аяз аталарың келгенше біз ұйықтап алайық. Ал сендер шуламаңдар. (Қылышын көрсетеді)
(Бәрі жатып қорылдап ұйықтап кетеді.) Жүргізуші:
- Балалар енді қайттік, мерекемізге Аяз ата мен Ақшақар керек.Оларды қалай шақырамыз.Айқаласақ мына қарақшылар оянып кетеді ғой. Аяз Атаны айқайлап шақырмасақ келмейді ғой. Қап енді не істесек екен, а?
Залға Сиқыршы келеді.
-Сәлеметсіңдер ме, балалар. Сиқырлы сандығыма қарасам осы жақта мереке болып жатыр екен. Мерекелерің қалай өтіп жатыр? Жақсы ма?
Жүргізуші:
Жоқ.Мерекеміз көңілді өтпей жатыр.Мына қарақшылар келіп шыршамыздың түбіне жатып алды.Енді аяз атаны шақыра алмай жатырмыз.Сиқыршы бізге көмектесіңізші.
Осы кезде бір қарақшы оянып кетеді:
-Бұл не айқай шу? Түу түк ұйқым қанбады ғой.Неге шулайсыңдар А. Мынау кім өзі ааа Аяз ата ма? Әй Әкел кәмпитіңнен.Сенде көп кәмпит бар деп айтқан
Жүргізуші: Жоқ, қарақшы ағай, бұл аяз ата емес.Аяз ата келу үшін біз қатты айқайлау керекпіз.Біз сіздерден қорқып айғайлай алмай тұрмыз
Қарақшы
-Дұрыс-дұрыс бізден қорқу керек. Сонда мынау кім?
Жүргізуші:
-Бұл сиқыршы
Қарақшы: -Өй, осындай сиқыршы бола ма екен (күледі) -Әй сен рас сиқыршысың ба?Кәне сиқыршы болсаң маған 1 шелек алтын,1 шелек күміс берші.Жоқ бір қап. Жоқ-жоқ бір бір машина толтырып алтын берші. ООО мен бай болушы едім. Кәне тезірек бер әйтпесе мына қылышты көріп тұрсың ба?
Сиқыршы:
-Қарақшылар мен сендерге ештеңе де бере алмаймын.Өйткені мен қайырымды сиқыршымын. Кәне, оданда мына балалардың тілегін орындайын.
Қарақшы:
-Қайдағы балалардың тілегі.Сен тек біздің тілегімізді орындайсың (1-2 қарақшы сиқыршыны ұстап алады.Қолын артына қайырып )Қарақшылар:
-тез тілегімізді орындаСиқыршы:
-Босатыңыздар қалтамнан сиқырлы таяқшамды алып сіздердің тілектеріңді орындайын (балаларға қарап көзін қысады)
Қарақшы босатады.
Сиқыршы:
абра –кадабра сим салабим ( 2рет)
Мына қарақшылар мейірімді әрі көңілді болсын!
Осы кезде қарақшылар күлімдеп:
- ООО қандай сүйкімді балалар!
- Киімдері қандай керемет!
(Барып баларды құшақтап, кей балалардың арқаларынан қағып мақтайды)
Сосын бір-біріне қарап:
-Ой қызық ,ә? Мейірімді қарақшы боп кеттік. О ғажап. Сиқыр.
Жүргізуші:
-Қарақшыларымыз қайырымды болды сізге рақмет, сиқыршы.Ал енді балалар Аяз атаны шақырайық, ия! Кәне бәріміз бірге Аяз ата, Ақшақар!
Залға мыстан кемпір кіреді қолында аяз атаның қолғабы, басында аяз атаның бас киімі және таяғы бар.
Мыстан кемпір:
Асау желмен алысқан
Аяз әжелерің асығып
Шаршап келді алыстан
Төрге мені отырғыз!
Уф белім-айЖүргізуші:
-балалар мынау кім?
Балалар: -Мыстан кемпірЖүргізуші:
-Мыстан әже! Сіз неге Аяз атаның қолғабын, бас киімін киіп алғансыз?Неге өзіңізді Аяз әже дейсіз! Аяз әже болушы ма еді.
Мыстан кемпір:Неге осы, сол бір кәрі шалды жыл сайын барлықтарыңыз құрметтеп осындай тамаша мерекеге шақырасыз.Ол келсе қуанасыңдар.Оны 1 жыл бойы күтесіздер а! Неге бір рет болсын мені шақырмайсыңдар! Мен де ол сияқты кәрімін,жасым үлкен міне биыл 240-қа келем, мен де сыйлы, құрметті болғым келеді. Мерекеге келгім келеді.Сендер мені шақырмасаңдар да мен өзім келдім. Көрдіңдер ме менің ол сияқты таяғым да, қолғабым да, тымағым да бар. Енді бұдан былай менің атым Аяз әже болады.Ал кәне , менің сол жаман шалдан қай жерім кем.Мен одан әлдеқайда артықпын.кәне балақан айтшы мені Аяз әже
деп (осылай бірнеше балаға жақындап айтқызады)
Мыстан кемпір:
-О. Енді бұл менің мерекем.Жылда өзім келем.
Жүргізуші:
-Мыстан әже, Сізде Аяз атаның барлық заты бар екен.Сіз оларды қайдан алдыңыз?Ал Аяз атаның кәмпитке толы қапшығы қайда?
Осы кезде залға жылап Ақша қар келеді.
Мыстан кемпір тығылып қалады.
Жүргізуші:
-Ой мынау біздің Ақша қар ғой!Ақша қар салеметсіз бе.Сізге не болды?
Ақша қар:
- Менің Атам осы мерекеге келе жатқан.Жолда маска киген біреулер ұстап алып, оның заттарын тартып алыпты. Енді ол қапсыз, таяқсыз келе алмай отыр.Мені іздеуге жіберді.Мен барлық жерді іздеп таппадым. Ой енді не болар екен? Енді сіздерге Аяз ата келе алмайды ғой?! (жылайды)
Жүргізуші:
- Жылама ақша қар Аяз атаның заттары осында.Тек қапшығы жоқ.
Ақшақар:Қалайша жоқ.Заттары кәне?
Жүргізуші:
-Мыстан әже! Кәне бері келіңізші?
Мыстан кемпір: Жоқ-жоқ.Мен ештеңе бермеймін.Мен енді осы мерекенің басты кейіпкері болам Мен Аяз Әже боламЖүргізуші:
-Енді не істеймізАқша қар тағы жылайды.
Осы кезде қарақшылардың біреуі:
-Жылама Ақша қар.Қазір біз бұл мыстан кемпірді ұстап алып бәрін алып береміз.
Барлығы мыстан әжені қуады. Ол қашады.
Сосын ұстап алады да бәрі жабылып мыстан кемпірді алып келеді.
Сиқыршы:
-Кәне мыстан кемпір мына қызға Аяз атаның заттарын қайтар.Әйтпесе мен сені мұзға айналдырып жіберем.Мәңгілік қатып тұрасың.
Мыстан кемпір:
-Ойбай жоқ мұзға айналдырма,Мә-мә алшы осыны(Ашуланып бәрін шешіп бере салады.)
Ақша қар:
-Ал кәмпиттері бар қапшық қайда?
Мыстан кемпір :
-Ол менде жоқ,-деп тағы қашады.
Қарақшылар
-Ұстаңдар. Ол өтірік айтады –деп тағы қуады,ұстап әкеледі.
Сиқыршы:Мыстан кемпір сені мұзға айналдырмай тұрғанда тез айт, Аяз атаның қабы қайда?
Мыстан кемпір:
-Түу жарайды.Болмадыңдар ғой. Мен оны бір жерге тығып кеткем. Мерекеден соң шай ішіп, кәмпитке бір тояйыншы деп едім.
Сиқыршы: (қарақшыларға) Қазір сендер Ақша қармен бірге барыңдар. Мына мыстан кемпірмен тыққан жерін көрсетсін де қапшықты берсін. Ал кәне тезірек.
Мен оған дейін мына балалардың көңілдерін көтере тұрайын.
4 «А» сынып: Тасболат Жасұлан
4 «Ә» сынып: «Жігіттер биі»
4 «А» сынып: Қыздар «Испан биі»
4 «В» сынып: «Ақшақарлар» биі
4 «Б» сынып: «Флешмоб»
4 «А»сынып: Сахабидин Бахытнұр Ән «Шіркін-ай»
4 «Ә»сынып: Қыздар биі
4 «В»сынып: «Папури» биі
4 «А» сынып: Ашимова Назгүл «Елочка»
4 «А» сынып: Үнді биі

Сиқыршы:
Ән тыңдайық ендеше:
1 Ж (Әділ):
-Ал енді кәне аяз атаны шақырайық.
2 Ж(Аружан): -Бәріміз бірге, Аяз ата.Аяз ата.
Аяз ата мен Ақша қар келеді. Артында Қарақшылар
Аяз ата:
Аяулы аналарға, ардақты ұл-қыздарғаБүлдіршін балаларға бip сәлем!Қандай жарқын жүздерін,Қандай әсем жырларыңАсулармен алысқан,Асау желмен жарысқанАталарың сендергеКеліп жетті алыстанАқша қар:
- Аяз ата қарашы, балалардың киімi қандай әдемі. Шырша да әсем безендірілген екен. Бәрі де сұлуланып кетіпті.- Шырша шамын жағайық,Жаңа жыл тойын ашайық.
Барлығымыз бірге
Кәне шырша таңырқат
Шамдарыңды жарқырат деп айтайық.
(барлығы айқайлайды, шырша шамдары жағылады).Аяз ата жағады.
Аяз ата:
Бәрекелді балалар! Шыршамыз жарқырап, айналаға қуаныш сыйлауда. Шыршаның құрметіне , шыршаны айналып ән шырқайық.
Ән:
Аяз ата:
-Ал енді ескі жыл өз орнын жаңа жылға берсін.
Өтіп кеткен мешін жылымызға аман есен саулық тілеп, келер жылымыз тауық жылына табыс жыл, береке, бірлік әкелсін деп, тарих жыл болсын деймін. 1 Жүргізуші: Жаңа жыл жол болсын Басқан қадам оң болсын Төрлет, төрлет жаңа жыл Бізге құтты жыл болсын. 2 Жүргізуші: Жаңа жыл – жаңа қадам, жаңа бақыт, Болашақ сыйлайтындай жаңа бақыт. Тауық жылы кеп қалды ортамызға, Жақсылықпен жалғасын жаңа уақыт. Тауық жылы: Жаңа жылда жаңа бақыт тыныштық, Жаса, жаса достық бірлік туыстық. Құттықтайық жаңа жылды өнермен, Қуаныштың әр минуты тым ыстық.
Ж (Аружан): Балалар қандай тамаша, мешін өзімен бірге , жаңа тауық ерте келіпті. Онда жылдарға төрден орын берейік.
Төрлетіңдер жаңа жылдарҚұшақ жая қарсы алыңдар.Бірге тойлап жаңа жылды ,Әсем әнмен ырғалыңдар .Ескі жылға ризамызӨсе түсті бойымызҚандық талай сырға бізШарықтады ойымыз – деп мешін жылына «Қош, сау болыңыз»дейік. Ендеше:
Жаңа жыл келіпті ортамызға,Мол дастархан сыйласын баршамызға.Таусылмасын бақыт пен құт-береке,Жақсы тілек тілейік баршамыңызға.Жаңа жыл: Армысыздар ардақты қауым! Бармысыңдар бүлдіршіндер! Биыл менің жылым да да елімізде тыныштық болып ,ырыс-құтымыз азаймасын. Жаңалықтар көп болсын! Ендеше балалар тұрмайық, барлығымыз шыршаны айналып, ән салайық. Той тойға ұлассын!
Мешін:
Жасампаз заман бұл заман,
Бүгіннен ертең ғаламат.
Алдыңғы сапта боларсың,
Келер жыл саған аманат.
(Қол алысып құшақтасады.)
Тауық жылы: Аман болсын халқымыз,
Арта берсін даңқымыз.
Дами берсін үздіксіз,
Жаңа дәстүр – салтымыз.
Ескі жыл: Аяз ата, Ақшақар, балалар мен енді барайын. 12-жылдан кейін қайта кездесерміз. Хош сау болыңдар, балалар!
Шығып кетеді.
Ақшақар:
Кәне, балалар енді бар өнерлерінді ортаға салындар, Аяз ата шаршағанын бассын.
Аяз ата: Әкелген базарлығым бар, сендердің өнерлеріңді тамашалап, бір дем алайын. Уф, шаршағаным-ай!
Ж (Әділ): Иә, иә, демалыңыз, ортаға отырып, балаларыңыздың өнерін көріп, базарлығыңызды да дайындап қойыңыз. Ал қазір 3-сынып оқушысы Анисаның «Жаңа жылға тілек» әнін тамашалайық
Аяз ата:
-Балақандар, маған арнап дайындаған тақпақтарың бар шығар, мен тыңдап, кәмпит берейін.
Ж. Әділ: Жаңа жылды мақтап,
Мен айтамын тақпақ.
Ортаға тақпақ айтуға шақырамыз.
(ТАҚПАҚТАР _ 2 Ж Аружан:.
2Ж Аружан.
1 Ж. Әділ:.
2 Ж(Аружан):.
1 Ж.(Әділ ):
2 Ж(Аружан):
Аяз ата:
-Мына балалар тамаша өнерлі екен.Менің шаршағаным басылып өзімнің де билегім кеп кетті ғой. Ақшақар, кәне өнеріңді сен де көрсет!
Ақша қар: өнерлерің керемет екен. Мен өз Ақшақарларыммен бірге билеп берейін.
БИ: Ақшақарлар биі
Аяз ата:
-Ал балалар, маған арнаған тағы қандай ән-билерің бар?
1 Ж. Аружан:
Ж(Аружан):
әнін қабыл алыңыздар.
1 Ж. Әділ:.
2 Ж(Аружан):
1 Ж. Әділ:
2 Ж(Аружан):
Аяз ата: Балалар, бүгінгі мерекеге баршаңыз тамаша киіммен келіпсіңдер,өнерлерің тамаша екен, Бәрің бір-бір талант иесі екенсіңдер.Өнерлерің әрі қарай шыңдала берсін. Менің әлі баратын жерім көп, басқа да ауылдар мен қалаларда сендер сияқты балалар тосып отыр. Ақшақар екеуіміз қайтайық. Келесі жаңа жылда жолыққанша сау болыңдар!
Ақшақар: Сау болыңдар, балалар,
Аман – есен болыңдар.
Әр таңды қуанышпен
Қарсы алып тұрыңдар!
ж Әділ: Балалар Аяз ата мен Ақшақарды шығарып салайық!
Балалар: Сау бол Аяз ата, Сау бол Ақшақар!
(Аяз ата мен Ақшақар шығып, кетеді)
2 Ж(Аружан): Ән тындап, би биледік бүгін тойда,Қалады бүгінгі күн ойымызда.Демалып Жаңа жылға қадам бастық,Жаңа жыл құтты болсын баршамызға!
Жаңа жыл иелері кіреді (2-4 сынып оқушылыры маймыл костюмін киген). Би «Көнілді маймылдар» музыка «Самый маленький ребенок»
Қарақшылар мен сендерге жұмбақ жасырсам болама?
Жұмбақ:Ақсақалды шал жылына,Бip-ақ рет келіп кетеді.Қызы мен ұлына,Сыйлық алып келеді./Аяз Ата/
Суды елекпен қалай тасуға болады? Жауабы: мұз қылып қатырып
Қатты жылдамдықпен келе жатқан жүк машинаны бір қолымен кім тоқтата алады? Жауабы: Жол полициясыБір үйде елу батыр, үй сыртына сүйкенсе өліп жатыр? Жауабы: Сіріңке
Патша кімнің алдында тәжін шешеді? Жауабы: Шаштараздың
Қазақстан мен Өзбекстанның ортасында не бар? Жауабы: мен
Жеген сайын жылататын нәрсе? Жауабы: Таяқ
Еліміздегі ең ұзын ағаш қайда өседі? Жауабы: Ұзынағашта
- ӘЙ, бір би билеп жіберейікші, кәне! Маэстро, музыка!