«О?ушыларды жас ерекшелігіне с?йкес о?ыту мен о?уда сыни т?р?ыдан ойлауды дамыту» тa?ырыбы бойыншa коучинг жоcпaры


Бекітемін:
Мектеп директоры: Ф.Бахтибаева
«Оқушыларды жас ерекшелігіне сәйкес оқыту мен оқуда сыни тұрғыдан ойлауды дамыту» тaқырыбы бойыншa коучинг жоcпaры
Күні: Caғaт:
Caбaқтaқырыбы: Оқушыларды жас ерекшелігіне сәйкес оқыту мен оқуда сыни тұрғыдан ойлауды дамыту;
Жaлпымaқcaт: Мектеп мұғалімдері ортасында оқушылардың жас ерекшелігіне қарай сыни ойлауын қалыптастыру жайында түсінік беру;

КүтілетіннәтижеМектепте шығармашыл және ізденімпаз мұғалімдер қауымдастығын құрып,баланың жас ерекшелігіне сәйкес жұмыс жасауға ықпал ету;
Түйіндіидеялaр: Ситуацияны талдау және білімді игеруде бала еркіндігі мен жас ерекшелігін ескере отырып қызықтыру, еліктіруге үйрету;
Caбaқтa қолдaнылaтын мaтериaлдaр: Ватман, маркер, интерактивті тақта, бейнеролик, АКТ
Дереккөздері: Мұғалімге арналған нұсқаулық, ғаламтор желісі
Тaпcырмaлaр: Логикалық сұрақтар, ой қозғау, суреттер, ситуациялық сұрақ, сергіту жаттығуы
Caбaқ бойыншa коуч пен мұғaлімдердің іc-әрекеті:
Ұйымдacтыру кезеңі
Уақыты
Коучтың іc-әрекетіҚатысушылардыңіc-әрекеті3 мин Топқа бөлу
І топ-Бастауыш сынып мұғалімдері;
ІІ топ- Орта буын мұғалімдері;
ІІІтоп-Жоғарғы сынып мұғалімдері;
IVтоп-Мектеп әкімшілігі – тізім бойынша шақыру билетін ұсыну; Берілген тізім бойынша топтасу;
5 мин Түрткі реакция.
Түрткі реакциясында мульт 07-ні көрсету арқылы балаға жас ерекшелігіне сәйкес толық білім беру мұғалімнің жауапкершілігі мен мүмкіндікетері жайлы ой қозғау;
Бала өміріндегі іс-әрекеттеріне мұғалімнің жауапкершілігі жайлы ойлану;
15 мин Қатысушылардың видеоролик жайлы пікірін тыңдау; Постер қорғау
Постер қорғау-өз ойларын ортаға салу;
10 мин Слайд көрсету арқылы кембридж университетінің оқыту бағдарламасын насихаттау;
Тыңдау,сұрақ қою,ұсыныс тастау;
10 мин Логикалық есептер мен сұрақтарды талқылау арқылы тәжірибеде қолдануды көрсету;
Ситуациялық сұрақ төңірегінде пікірлерін білу арқылы баланың жас ерекшелігіне қарай іс-әрекеттің түрлілігін еске салу және тәжірибе алмасу;
Жеке пікірін білдіру практикалық қолдану
2 мин Бейнеролик-сергіту мақсатында.
Мульт-«лидер и последователи», біріге жұмыс жасап бала оқытуда жақсы нәтижелер көрсетуге насихаттау;
Көру-ой түю-желілік қоғамдастыққа кіруге ұсыныс тастау;
Рефлекcия«Коучингтің қалай өтілуі туралы» деген сауалнама алу;
«Екі тілек бір ұсыныс» Өз алған әсері мен коучинг жайлы ұсыныстарын жазу;
854075527050036315652921000
35445702692400061023527368500

820420244792500