?аза? тілінен ?ыс?а мерзімді жоспар. Мектеп асханасы. (5 сынып)


Сыныбы: Пәні: Күні:
5 «АБВГ» Қазақ тілі 2. 04. 2015ж
Сабақтың тақырыбы: Мектеп асханасы
Сабақтың мақсаты: оқушылардың «Мектеп асханасы» тақырыбында жан-жақты білімдерін кеңейту, толықтыру, алған білімдерін тапсырмалар арқылы бекіту. Жаңа сөздер үйрету. Жалғаулық шылауларды меңгерту. оқушылардың байланыстырып сөйлеу дағдыларын жетілдіру, сауатты жазу қабілеттерін, ой-өрістерін, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Сабақтың міндеттері: Сұрақтарға жауап беру, ойды жүйелеп айту дағдыларын қалыптастыру.
Сабақты жан-жақты қарастыруларына мүмкіндік жасау;
3. оқушыларды тапсырма орындату барысында ұйымшылдыққа үйрету, дұрыс тамақтануға бейімдеу, салауатты өмір салтына тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже: Оқулықпен жұмыс жасайды, өздігінен сөз тіркесі, сөйлем құрайды және оларды еркін қолдана алады
Керекті жабдықтар: Суреттер, кесте
Сабақ айдары: Ас – адамның арқауы.
Адамнан,үлкен ат жоқ, наннан үлкен ас жоқ.
Ас атасы - нан.
Сабақ барысы
І. Психологиялық ахуал.
Амандасу.
Оқушыларды топқа бөлу
(шеңбер құрып, әр оқушы өз атына бір сын есім айтады) 2 минут
Үй тапсырмасын тексеру Өшіргіш, портфель – сөздерін тәуелдеп жазу.
Қалам, қарындаш – фонетикалық талдау жасау.
Сызғыш, ұштағыш – сөздерін септеу. 5 минут
Кіріспе
Ой қозғау.
Жаңа тақырып:
Біздің мектепте асхана нешінші қабатта?
-Сендер асханадан тамақтанасыңдар ма?
-Асханада қандай тамақ түрлері сатылады?
-Асхананың тамағы сендерге ұнайды ма?
-Сабақтың тақырыбымен, мақсатымен, барысымен таныстыру.

Шылау сөздер – служебные слова
Септеуліктер (Послеслоги, являются аналогами предлогов)
Жалғаулықтар (Союзы)
Демеуліктер (Частицы) 6минут
Түрлері Шылаулары
Ыңғайлас жалғаулықтар
соединительные союзы Мен, бен, пен – и, және, әрі- и (еще), да, де, та, те – и(тоже)
Айман мен Айгүл асханада отыр.
Асқар да, Айдын да солармен бірге отыр.
Қарсылықты жалғаулықтар
противительный союзы ал – а, бірақ – но; сонда да, сөйтсе де, әйтсе де – хотя, всё-таки
алайда, дегенмен, онда да, әйткенмен – однако же, зато; әйтпегенде, әйтпесе, болмаса – иначе
Жаңбыр жауып тұр, біз сонда да далаға шықтық.
Әжем екеуіміз саяжайға бармақшы едік, бірақ күн суытып кетті.
Себеп-салдар жалғаулықтар
причинно-следственные союзы өйткені, себебі, неге десең – так как, потому что; сондықтан, сол себептен – поэтому
Далада қатты аяз болды, сол себепті мен мұражайға бармадым.
Аманжолдың анасы ауырып қалыпты, сондықтан бүгін ол мектепке келе алмайды.
Талғаулы жалғаулық
разделительные союзы я, яки, не, немесе, болмаса, әлде – или, либо; біресе, бірде – то (то..., то...), кейде – иногда; яғни – то есть
Мен ертең саяжайға немесе саябаққа барамын.
Сен өзің бара бер, не болмаса біреуді ертіп ал.
Шартты жалғаулықтар
условные союзы Егер, егер де, онда, әйтпесе...
Егер де ертең мектепте су болмаса, асхана түске дейін ғана жұмыс істейді.
Егер сен келмесең, біз ешқайда бармаймыз.
Негізгі бөлім:
Жаңа сөздермен жұмыс:
сыныптас - одноклассник (-ца)
салқын тағам - холодное блюдо
көбінесе - в основном жуу - мыть
сорпа – бульон тоқ-аш
Көп ішу-аз ішу 5 минут
Сөздерді оқуСөз тіркесін құрастыру
Сөздік дәптерге көшіруМәтінмен жұмыс:
Мәтіннен кейінгі жұмыс:
Деңгейлік тапсырмалар.
-Берілген мәтінді мәнерлеп оқып шығу
-Оқушыларға жекелей, кезекпе-кезек оқытып шығу
-Мәтінді аударту
Біздің мектептің бірінші қабатында асхана бар. Асхана кең, жарық әрі таза. Мен сыныптастарыммен бірге үшінші сабақтан кейін асханаға тамақ ішуге барамын. Біз көбінесе сорпа немесе ботқа аламыз. Содан кейін тәтті нан және шай кейде шырын аламыз. Тамақ ішер алдында қолымызды жуамыз да, бір- бірімізге «Ас дәмді болсын!» деп айтамыз.
-Мәтін ішінен жалғаулық шылауларды табу.
ІІІ деңгей
Берілген сөздерді септеңдер: асхана, кеспе.
ІІ деңгей
Мәтін ішінен зат есімдерді теріп жазып, қай септікте тұрғанын анықтаңдар.
І деңгей Көп нүктенің орнына жалғаулық шылауларды қойып жазыңдар.
Мен асханадан ... шай ішсем, ... шырын ішемін.
Мұғалімдер ..., сыныптастарым ... асханадан тамақтанады.
Маған ботқа ... палау беріңіз. 15 минут
Сергіту сәті «Қызыл өрік» биі 2 мин
Шығармашылық жұмыс: 1. Берілген суреттер бойынша сұхбаттасыңдар.
2. Өз мектептеріңдегі асхананы суреттеңдер.
2. Сол сурет бойынша асхананың көрінісін әңгімелеңдер.
Бағалау: Кері байланыс: Бүгінгі сабақ туралы ойларыңды мына прақшаларға жазыңдар 3 минут
Үй тапсырмасы:

«Асханада» тақырыбында диалог құру.
Мақалдарды жаттау. 1 м