Презентация Білім кілті кітапта ашы? саба?


Сабақ жоспары Пән аты: Өнеге сағаты Сыныбы: Ұзартылған күн тобы Күні, айы, жылы: 16.02.2015 жыл Тоқсан: ІІІ тоқсан Мұғалімі: Бердалина Күнзира Сабақтың тақырыбы: Білім кілті кітаптаСабақтың мақсаты: -оқушыларды  оқулықты құрметтей  білуге, кітапты ұқыпты ұстай білуге                                                      -оқушылардың білімділік  танымын өмірмен байланыстыра отырып арттыру.                                -оқушыларды кітапты  күтіп ұстауға, адамгершілікке тәрбиелеу. 
Сабақтың көрнекілігі:Кітап туралы қанатты сөздер.
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу, түгелдеу, оқушылардың назарын сабаққа аудару.
Кітап та алма ағашы,
Жемісін біздер теретін.
Тәтті алмаға балашы,
Кітабыңның әр бетін.- деп Мұзафар аталарың жырлағандай, әдеби кітаптар мен оқулықтар сендерге білім көзі, рухани қазына. Кітапты оқи отырып адамның ішкі жан дүниесі артады. Айналадағы өмірмен, құрбы-құрдастарымен танысып, жақсы болуға, жақсылық іс істеуге құштарландыратын осы құрал- кітап. Кітап білімімізді молайтады, кітаптан көп үлгі өнеге, тәрбиесінен әсер аламыз. Оқыған, тоқығаның көп болса, жеңбейтін жау, алынбайтын қамал жоқ. «Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар» деген халық даналығы бекер айтылмаған. Ендеше кітап біздің рухани байлығымыз.
Оқулық – біздің өміріміз. Оқулықтарды жасау үшін де көптеген мамандық иелері тынымсыз еңбек етеді.Кітап-адам баласының ақыл-ойын сақтап, оны ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп отыратын,білім және тәрбие беретін құрал. Кітап сенің ақылшың, досың, сырласың. Ең алғаш дүниеге келгенде анадан тәрбие алсаң, өсе келе ер жетіп, мектепке келгенде қолыңа ұстап, білім көзін ашатын,өмір қызығын көрсететін,дүниенің сырын ұқтыратын кілт- кітап екенін білесің. Кітап оқи білу адамның есте сақтау, түсіну, ұмытпау қабілеттерін арттырады. Бұл кітаптар қайдан шығатынын, онда қаншама кемеңгер адамдардың ойлары, зерттеулері, пікірлері т.б. сақталатын қол жетпес алтын сандық десек те, артық болмас дей келе. Бүгінгі «Білім кілті кітапта »атты тәрбие сағатына қош келдіңіздер.  
Кітап сөзі: Мен адамның досымын. Мені жасау үшін адам баласы көп еңбек сіңіреді. Алдымен адам орманнан ағаш кеседі. Оны фабрикаға апарады. Фабрика ол ағаштан қағаз жасап шығарады. Содан соң оған авторлар жазады. Суреттер салады. Баспахана жазулар мен суреттерді басып, кітап етіп шығарады. Жұмысшылар машинаға тиеп, ауылға, қала –қалаға таратады. Міне, мен енді сенің қасыңда тұрмын. Мені күтіп, жыртпай ұста. Мен сенімді досыңмын. 1 – оқушы:
Саған білім жемісін,
Оқулығың береді.
Талай адам сол үшін
Маңдай терін төгеді.
2 – оқушы:
Орманшының аялы
Алақаны өсірген
Сансыз ағаш саяла,
Қағаз үшін кесілген.
3 – оқушы:
Ағаш кесіп қанша адам,
Ормандарда жүреді.
Аға қанша шаршаған
Ағаш тиеп үнемі.
Кітап ұстау ережесі. (Кітапхананың тұрақты оқырмандары бізді кітапты пайдалану ережесімен таныстырып өтеді)
1. Кітапты тек таза қолмен алуға болады.
2. Кітаптың арасына дәптер, қалам салуға болмайды, одан мұқаба бүлінеді.
3. Кітапты бүктеме, кітап баулығын пайдалан.
4. Тамақ ішкенде кітап оқымау керек.
5. Кітап бетіне қалам не қарындашпен сызуға болмайды.
Векториналық сұрақтар:
1.Кітаптар тұрағы қалай аталады?(кітапхана)
2.Кітаптармен жұмыс жасайтын адам қалай аталады?(кітапханашы)
3.Кітапханаға ылғи кітап оқуға баратын адам қалай аталады?(оқырман)
4.Кітап басып шығаратын жер қалай аталады?(баспахана)
5.Кітапты жазып шығаратын адам?(автор)

Қорытынды:
1.Кітаптың құрылымын ата?
2.Кітап неден жасалады?