Денелерді? электрленуі. Электр зарядыны? са?талу за?ы. Электроскоп. ?ткізгіштер мен диэлектриктер.


Сынып: 8 «ә»
Пәні: физика
Сабақтың тақырыбы: Денелердің электрленуі. Электр зарядының сақталу заңы. Электроскоп. Өткізгіштер мен диэлектриктер.Сабақтың мақсаты: Білімділік:Денелердің электрленуін, электр зарядын сақталуын, электроскоптың қолдануын, электр өткізгіштер және электр тоғын өткізбейтін заттар туралы тұжырым беру және табиғаттағы электрленуді түсіндіру. Дамытушылық: Оқушылардың қызығушылығын, білім дағдысын арттыру. Тәрбиелік: оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын  арттырып, ізденімпаздыққа, еңбекқорлыққа, алған білімдерін күнделікті өмірмен ұштастыра білуге үйрету.
Сабақтың түрі: Дәстүрлі емес, топтық. Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту. Сабақтың әдісі: ұжымдық,топтық жұмыс, , ойын элементтері, сын тұрғысынан ойлау техналогиясының элементтері.
Құрал –жабдықтар: интерактивтік тақта,маркер,парақтар,деңгейлік тапсырмалар
Күтілетін нәтиже: Денелердің электрленуі. Электр зарядының сақталу заңы. Электроскоп. Өткізгіштер мен диэлектриктер жайлы мағлұмат алады
Денелердің электрленуі. Электр зарядының сақталу заңы. Электроскоп. Өткізгіштер мен диэлектриктерді күнделікті өмірде және өндірістерде қолдана білуге үйренеді
Сілтеме: оқулық
Сабақ кезендері Уақыт Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушылардың іс-әректі
І.Ұйымдас -
тыру кезеңі 2 мин Сәлемдесу
Психологиялық дайындық.Тренинг «Математика ойыны»Сәлемдеседі
3 мин
Топтастыру,екі топқа бөлу. Әр түсті ұшбұрыштар арқылы (Ньютон, Галелей) және бағалау парағын тарату
Әр оқушыға бағалау парағын беріледі және кім тапсырмаларды бірінші орындай оған жетон беріледі. Топтардың сабаққа даярлығын,қатысуын шолын өту
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру  7-10 мин
«Физикалық жаңылтпаш» ойыны арқылы «Жылу құбылыстары» тарауын жедел сұрақ қоя отырып қорытындылау.
І топ сұрақтары
1.Заттың күйлерін атаңдар? (қатты, сұйық, мұз)
2.Судың қайнау температурасы?( 1000С)
3.Ішкі энергияны өзгерту тәсілдері? (жылу беру, жұмыс)
4.Жылу берілу кезінде дененің алған немесе жоғалтқан энергиясы? (Жылу мөлшері)
5.Ішкі энергияның өлшем бірлігі? (Джоуль)
6.Будың сұйыққа айналу процесі? (Конденсация)
7.Қатты күйден сұйыққа айналу процесі? (балқу)
8.Молекулалардың ретсіз қозғалысы (жылулық қозғалыс)
9.Табиғаттағы ең төменгі шектік температура (-273,15 С)
10.Сұйықтың немесе газдың ағысы арқылы энергияның тасымалдануы барысында жылу алмасу процесі (конвекция)
ІІ топ сұрақтары
1.Жылу мөлшерінің өлшем бірлігі? (Джоуль)
2.Денені құрайтын бөлшектердің қозғалыс энергиясы мен олардың өзара әсерлесу энергиясы? (ішкі энергия)
3.Сұйықтың буға айналу құбылысы? (Булану)
4.Өз сұйығымен динамикалық тепе-теңдікте болатын бу? (қаныққан бу)
5.Жылу берілудің неше түрі бар? (жылуөткізгіштік, конвекция, сәулелену)
6.Мұздың балқу температурасы (0 градус)
7. 1 г суды 10C-қа қыздыру үшін берілетін жылу мөлшері (калория)
8.Заттың қатты күйден сұйық күйге айналу процесі (балқу)
9.Зат қай температурада балқыса…. (сол температурада қатаяды Оқушылар әр сұраққа жауп береді
ІІІ.Негізгі тақырыпты ашу жұмыс жүйесі.  3 мин
Білу
АКТ
СТО Әр топ мүшелері өз тобына келіп, оқыған материалдарымен таныстырады
1.«Электр» сөзінің шығу тарихы.
2.«Электрлену» құбылысының мәнін ашу.
Әр топқа флипчарт,маркер, түрлі түсті фламастер таратылады.
Тақырыпты оқуға -3-4 минут, топта талқылап,флипчартқа.
Әр топ өз міндеттерін орындайды.Әр топ өздерінің абзацтарын оқиды,бір-бірімен,жұппен
Тақырыпты оқып,топта талқылап,флипчартқа түсіреді топ.
Флипчартты қорғайды.
ІҮ. Жаңа тақырыпты меңгерту кезеңі
ҮІ.Тақырыпты игеру
Сергіту сәті. Түсіну
10 мин
Басқару және кошбасшылық
Диалогтік оқыту,жұппен, топпен жұмыс.
Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу.
Физикалық калькулятор - оқушылардың теориялық білімдерін есепте шығаруда қолдану: 
І топтың есептері
1. Температурасы 46,5 0С-қа дейін қыздырылған 200 г шай ішкен адам, егер өзінің температурасы 36,5 0С болса, қанша энергия алады?
2. 1,89*107 Дж пайдалы жұмысты орындау үшін қанша мөлшерде отын қажет тракторға 4,2*107Дж/кг меншікті жану жылуы берілген
ІІ топтың есептері
1. Массасы 3 кг бензин мен 2 кг керосинді араластырады. Осы қоспа толық жанғанда қанша жылу мөлшерін шығарады? Бензин мен керосиннің меншікті жану жылуы 4,6*107 Дж/кг.
2. 440*107 Дж энергияны алу үшін Қарашығанақта өндірілетін табиғи газдың қандай мөлшерін жағу керек? Табиғи газдың меншікті жану жылуы 4,4*107 Дж/кг.
Оқушылар тақтаға шығып шығару жолын көрсетеді
ҮІІ.Бекіту 5-7 мин
«Иә, Жоқ, Білмеймін» ойыны оқушыларға 3 түсті жетон беріледі
«Иә» десе қызыл түсті
«Жоқ» десе сары түсті
«Білмеймін» десе жасыл түсті жетондарын көтереді.
I топ
1.Аттас зарядтар бір - бірімен тартылады ма? 2. Заттар үш күйде болады ма? 3. Желді күні асфальт беті тез кебеді ме? 4. Жолдың өлшем бірлігі секунд па? 5. Кулон заңын ашқан ғалым Ампер ме? 6. Жылдамдық бірлігі м/с 7. Температураны өлшейтін құрал динамометр ме? 8. Джоульмен өлшейтін физикалық шама энергия. 9. Уақытты сағатпен өлшейді ме? 10. Газға немесе сұйыққа түсірілген қысым сол сұйықтың немесе газдың әрбір нүктесіне өзгеріссіз беріледі. Паскаль заңы ма?
Электр зарядының сақталу заңы қалай оқылады? (формуласы)
II топ
1. Молекулалар заттың ұсақ бөлшегі ме? 2. Судың тығыздығы 1000кг/м3 - қа тең. 3. Қуаттың өлшем бірлігі вольт па? 4. Барометр атмосфералық қысымды өлшейді ме? 5. Өзінің пішіні мен көлемін сақтау қатты денеге тән қасиет. 6. Дененің жерге тартылуы үйкеліс күші ме? 7. Мензуркамен сұйық көлемі өлшенеді ме? 8. Сұйықтың қатты күйге айналуы кристалдану ма? 9. P = pgһ қысымның формуласы ма? 10. Жұмыстың өлшем бірлігі Ватт.
Оқушылар өз орында отырып әр сұраққа жауп береді
ҮІІІ.Рефлексия
Сабақты қорытындылау. Диологтік оқыту
3мин
Бағалау
Оқыту үшін бағалау және бағалау Сабақты қорытындылау.
Жасыл: Сізге барлығы ұнады.Сіздер бәрін түсіндіңіздер.
Сары: Сабақта түсінбей қалған сұрақтар бар.
Қызыл: Сізге қызықты болған жоқ және сіздің ішініз пісті.
Оқушылар сендер өздерінді бағалайсындар. Оқушылар өзін-өзі,жұпты,топты бағалайды
Үй жұмысы
§28,1 есеп 111 бет Оқушылар өз күнделіктеріне үй жұмысын жазады.