Баяндама:«Сын т?р?ысынан ойлау технологиясын ?олдану ар?ылы о?ушыларды? тілдік ?орын дамыту»


Павлодар облысы
Май ауданы
«Қаратерек жалпы орта білім беретін мектеп» мемлекеттік мекемесі
Баяндама:«Сын тұрғысынан ойлау технологиясын қолдану арқылы оқушылардың тілдік қорын дамыту»
Досымханова Қарлығаш Байтемировна - бастауыш сынып мұғалімі
Қаратерек ауылы, 2015ж.
Сын тұрғысынан ойлау технологиясын қолдану арқылы оқушылардың тілдік қорын дамыту
Сыни тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы әлемнің түпкір-түпкірінен жиылған білім берушілердің бірлескен еңбегі. Тәжірибені жүйеге келтірген Джинни Л.Стил, Куртис С. Мередит, Чарльз Темпл.
Жобаның негізі Ж.Пиаже, Л.С.Выготский теорияларын басшылыққа алады. Мақсаты барлық жастағы оқушыларға кез келген мазмұнға сыни тұрғыдан қарап, екі ұйғарым бір пікірдің біреуін таңдауға саналы шешім қабылдауға сабақтарда үйрету. Біздің елімізде Джордж Соростың ашық қоғам институты, «Сорос-Қазақстан» қоры арқылы келген бұл технология орыс және қазақ тілдерінде мектеп тәжірибелеріне ене бастады.
Сын тұрғысынан ойлау- бақылаудың, тәжірибенің, ойлау мен талқылаудың нәтижесінде алынған ақпаратты ойлауға, бағалауға, талқылауға және сипаттауға бағытталған пәндік шешім.
Оқушыларды сыни тұрғыдан ойлауға үйрету өте маңызды, себебі бүгінгі күннің талабына сай әр оқушы өз ойын еркін айта біліуімен қатар қиялы мен шығармашылығын дамыту керек екендігін қажет етеді. «Сын тұрғысынан ойлау» ұғымын белгілі бір идеяларды қабылдай отырып, оның неге қатысты екенін зерттеу, оларды жеңіл септикалық ойларға қарсы қоя білу, салыстыра алу, сол идеяларға қарсы көз қарастармен тепе-теңдікте ұстап зерттеу, оларға сеніммен қарау деп түсіндіреді авторлар.
Сын тұрғысынан ойлау- сынау емес, шыңдалған ойлау. Бұл деңгейдегі ойлау ересек адамдарға, жоғарғы сынып оқушыларына ғана тән деп ойлау аса дұрыс емес. Бастауыш сынып оқушыларының да бұл жұмысты дұрыс ұйымдастырған жағдайда өз даму деңгейіне сәйкес ойы шыңдалып, белгілі жетістіктерге жетері сөзсіз. Аталмыш бағдарламаның ішкі құрылымында ерекшелік бар. Бұл құрылым 3 деңгейден тұратын оқыту мен үйретудің моделі. Білімнің болашақта пайдаға асуы, қажетке жарауын қалыптастырады. Ақпаратты талдай, жинақтай отырып, ішінен қажеттісін алуға үйретеді. Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасы қызығушылықты ояту, мағынаны тану, ой толғаныс кезеңдерінен түзіледі.
Практика кезінде тіл сабақтарында сын тұрғысынан ойлау әдісін қолдану арқылы оқушылардың тілін дамытудың теориялық тұжырымдарын, әдістерін, қорытындысын бастауыш мектеп іс-тәжірибесінде осы саладан білім, білік, дағдыларын жетілдіру мақсатында пайдалануға болады.
Сын тұрғысынан ойлауды үйрету үшін төменгі шаралар орындалуы шарт:
Сын тұрғысынан ойлауды тудыру үшін уақыт керек;
Оқушыларға ойланып-толғануға, ойын ашық айтуға рұхсат беру;
Әртүрлі идеялар мен пікірлерді қабылдау;
Үйрену барысындағы оқушылардың белсенді іс-әрекетін қолдау;
Кейбір оқушылар түсіп қалған қолайсыз жағдайларды әжуаға
айналдырмау;
Оқушылардың бір-бірінің жауабына жасаған сынының дәлелді, дәйекті болуын талап ету;
Сын тұрғысынан ойлауды бағалау.
Ал оқушылардың осыған байланысты сенімділікпен жұмыс жасау, бар ынтасымен оқуға берілу, пікірлерді тыңдау, құрметтеу, өз пікірін ашық білдіруді талап ету қажет. Тек сонда ғана олар:
мен осы мәселе туралы не ойлаймын?
осы мазмұннан алған ақпарат менің бұрынғы осы мәселе туралы білетініме сәйкес пе?
осы ақпаратты үйрене отырып, мен бірдеңе жасай аламын ба?
маған бұл жаңа ойлар, идеялар қаншалықты әсер етті? - деген сауалдар төңірегінде ойлауға үйренеді.
Сын тұрғысынан ойлау әдісі қызығушылықты ояту, мағынаны тану, ой толғаныс кезеңдерінен түзіледі. Енді осы кезеңдердің мақсат міндеттеріне толығырақ тоқталып өтейік.
Қызығушылықты ояту. Үйрену процесі – бұрынғы білетін және жаңа білімді ұштастырудан тұрады. Үйренуші жаңа ұғымдарды, түсініктерді, өзінің білімін жаңа ақпаратпен толықтырады, кеңейте түседі. Сондықтан да, сабақ қарастырғалы тұрған мәселе жайлы оқушы не біледі, не айта алатындығын анықтаудан басталады. Осы арқылы ойды қозғату, ояту, ми қыртысына тітіркенгіш арқылы әсер ету жүзеге асады. Осы кезеңге қызмет ететін «Топтау», «Түртіп алу», «Ойлану», «Жұпта талқылау», «Болжау» т.б.аттары бар әдістер (стратегиялар) жинақталған.
Қызығушылықты ояту кезеңінің екінші мақсаты – үйренушінің белсенділігін арттыру. Өйткені, үйрену енжарлықтан гөрі белсенділікті талап ететін іс-әрекет екені даусыз. Оқушы өз білгенін еске түсіреді, қағазға жазады, көршісімен бөліседі, тобында талқылайды. Яғни айту, бөлісу, ортаға салу арқылы оның ойы ашылады, тазарады. Осылайша шыңдалған ойлауға бірте-бірте қадам жасала бастайды. Оқушы бұл кезеңде жаңа білім жайлы ақпарат жинап, оны байырғы біліммен ұштастырады.
Тақырып туралы ой – толғаныс – бағдарламаның үшінші кезеңі. Күнделікті оқыту процесінде оқушының толғанысын ұйымдастыру, өзіне, басқаға сын көзбен қарап, баға беруге үйретеді. Оқушылар өз ойларын, өздері байқаған ақпараттарды өз сөздерімен айта алады. Бұл сатыда оқушылар бір-бірімен әсерлі түрде ой алмастыру, ой түйістіру, өз үйрену жолын, кестесін жасау мақсатында басқалардың әр түрлі кестесін біліп, үйренеді. Бұл үйрену сатысы – ойды қайта түйіп, жаңа өзгерістер жасайтын кезең болып, болып табылады.
Осы кезеңді тиімді етуге лайықталған «Бес жолды өлең», «Венн диаграммасы», «Семантикалық карта» т.б. сияқты стратегиялар әр сабақтың ерекшелігіне, ауыр- жеңілдігіне қарай лайықтала қолданылады.
Жоба 60–қа жуық стратегиялардан тұрады. Солардың кейбірімен таныстыра кетейін.
ДЖИКСО - ұжымдық оқыту әдісі. Мақсаты – жалпы мәселені алдымен жұпта, сосын ұжымда талқылау. Бұл жағдайда әрбір оқушы бір сәт өзін мұғалім ретінде сезінеді, оқуға деген жауапкершілігі артады. Жұмысты ұйымдастыруда алдымен ұжым 4 адамнан тұратын топтарға бөлінеді. Бұл «жанұя» топтар деп аталады. Содан кейін 1,2,3,4-ке санау арқылы 1-лер бөлек, 2,3,4 өз алдына «жұмыс» тобын құрайды Оқуға ұсынылатын материалдың тақырыбы талқыланған соң осы мәтінді түсіну қажет екендігі ескертіледі. 4 логикалық бөлікке бөлінген мәтіннің 1-бөлігін 1-лер, 2-бөлігін 2 санын алғандар,3,4 нөмірлі топтарға оқуға тапсырылады. Жұмысты бастамас бұрын оқушыларға «жұмыс тобында» мәтіннің тиісті бөлігін жақсы меңгеру қажеттілігін, өйткені сол бөлікті «жанұя топ» оқушыларына түсіндіруге жауапты екенін, мәтінді тұтас түсіну әр оқушының ыждағатталығына байланысты екенін түсіндіру қажет. Келесі кезекте ұжым мүшелері бастапқы топтармен қайта табысып, өздерінің үйреніп, келген бөліктерідегі мазмұнды ортаға салады. Осылайша ұжым мүшелері бірін – бірі оқытуға, сол арқылы ойлауға үйренеді. ДЖИКСО – стратегиясы мазмұнды жоғары табыспен меңгеру, оқығанды есте сақтау үшін өте тиімді. Оқушының оқуға деген қызығушылығы артады, ұжымда жақсы қарым-қатынас қалыптасады, саналы тәртіп орнайды.
Екі түрлі түсініктеме күнделігі – стратегиясында оқушылар дәптердің бетін ортасынан вертикаль сызықпен бөлу сұралады. Мәтінді оқу барысында олар:
Бөліктің оң жағына: Мәтіндегі қатты әсер еткен тұстар, үзінділерді жазады. Сол жағына: Сол әсер еткен үзінділер жайлы пікір жазады ( нені еске түсіреді, себеп-салдары қандай, қандай сұрақ бар т.б.). Әр оқушы мәтінмен танысып, күнделікті толтырып, біткен соң жұпта, топта талқылау ұйымдастырылады. Жұмыс аяқталған кезде мұғалім қорытуға арналған әзірлеп келген сұрақтарын қойып, жауаптар алады. Ол сұрақтар оқығанға баға беру, пікірін, көзқарасын білдіруге лайықтанып қойылады. Мысалы:
Сіздің ойыңызда не сақталып қалды?
Автор оқырманды қалай қызықтарды?
Кейіпкерлердің іс-әрекетін Сіз қалай бағалайсыз? т.б. түрінде.
Бұл әдіс те алдыңғы сияқты оқушыларды ұжым болып, жұмыс жасауға үйретеді. Ақпаратты өздігінен меңгеруге жағдай жасайды. Сөз астарын, құдіретін түсінуге бағыттайды. Сондай-ақ, әдістің тиімділігі – сабақтан тысқары қалатын оқушы болмайды, оқыған мәтінді түсіну, оны түсінікті етіп айтып беру, оған қатысты ойын, пікірін білдіру арқылы оқушының тілі дамиды. Осылайша ұйымдастырылған оқу сабақтары арқылы сауатты оқырман қалыптастыру мүмкіндігі туады.
Еркін жазу. Бұл әдісті сын тұрғысынан ойлау жобасындағы сабақтың үшінші ой толғаныс кезіңінде пайдалану тиімді. Мұғалім сабақ бойында қарастырылған жаңа ақпарат жайлы, одан алған әсерін, не үйренгенін, нені әлі де біле түсу керек екенін т.б. жайлы өз пікірін қағаз бетіне түсіруді тапсырады. Жазуға уақыт береді. Уақыт аяқталған кезде оқушылар өз жазғандарымен топ мүшелерін таныстырады. Ең жақсы деп танылған жұмысты ұжымда оқуға болады. Оқушыларды алған білімдерін қорытуға, оған сын көзбен қарап, ойын түйіндеуге үйрететін бұл әдісті кез келген сабақта қолдануға болады.
Ойлан, жұптас, талқыла. Бұл әдісті әр сабақта пайдалануға болады. Қызығушылықты ояту сатысында мақсатты көрсетеді. Себебі кез келген оқушыға өзінің алғашқы білетіндеріне оралып, оның ішінде осы түсінік пен сөзге қатысты білетіндерін таңдап алуға мүмкіндік береді.
Сын тұрғысынан ойлауды дамыту сабақтарының негізінде менің сабағымда оқушылар арасында:
бір-бірінің пікірін тыңдау, ынтымақты қарым-қатынастың негізі қаланды;
өзін жеке дара тұлға ретінде тануға жол ашуға;
бір-біріне құрметпен қарауға;
өз ойын ашық, еркін айтуға, пікір алмасуға;
достарының ойын тыңдай отырып, проблеманы шешу жолдарын іздей отырып, қиындықты шешуге көмектесуге;
белсенді шығармашылықты ойлауға негіз қаланды.
Заман талабына сай оқушыларға сапалы,тиянақты білім беру – мұғалімдер алдындағы үлкен міндет. Бұл әрбір мұғалімге тынымсыз ізденісті, оқытудың жаңа формасымен, әдіс пен тәсілдерін тиімді пайдалануды қажет етеді. Сабақ барысында білетін жаңа біліммен ұштастыра отырып, белгілі бір идеяны қабылдап, оның неге қатысты екенін зерттеп, салыстыра отырып, сол идеяларға қарсы көзқарастармен тепе-теңдікте зерттеуге бағытталған оқыту технологиясының бірі – сын тұрғысынан ойлау технологиясы.
Сын тұрғысынан ойлау дегеніміз: «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту»бағдарламасы бойынша ол:
шыңдалған ойлау кез келген даму деңгейіне байланысты мәселелерге сыни көзбен қарау;
күрделі мәселелерді шешуге, аса маңызды, жауапты шешімдер қабылдауға құштарлық;
үйрету мен үйрену бірлігінен, үйренудің қызығушылығынан тұратын, үйренушінің сеніміне негізделген құрылым.
Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау бағдарламасының әдіс-тәсілдерін жақсы игеріп, ішінен қажеттілерін таңдау арқылы әр сабақтың мақсат-міндеттерін тиімді де оңтайлы жолмен жүзеге асыруға мүмкіндік мол. Шығыс даналығы «Мәселе нені үйретуде емес қалай үйретуде» демей ме? Соның ішінде толғануды тиімді етуге лайықталған «Венн кестесі», «Бес жолды өлең», «Семантикалық карта» әр сабақтың ерекшелігіне, ауыр жеңілдігіне қарай қолданады. Мәселен: «Венн кестесі» арқылы өз ойынан қортып сөз шығару, екі затты салыстырып айырмашылығы, ұқсастығы туралы сөз ойлап табу оқушы үшін үлкен ойды қажет етеді. Бұл стратегиялардың қай-қайсысы болмасын оқушының ізденісін қызығушылығын дамытады.
Осы стратегияларды қолданудың тиімділігінің дәлелі ретінде оқушылардың жұмысын ұсынамын. Оқушылардың берілген мәтін бойынша жұмыс жасауға көмектесетін INSERT стратегиясы, бойынша оқушыға оқу, тақырыппен танысу барысында
V – білемін
-- білгеніме сәйкес келмеді
+-жаңа ақпарат
?-тереңірек білгім келеді, зерттегім келеді, белгілерін қойып отырып оқу тапсырылады.
Осы стратегия бойынша 4-сынып оқушысы жұмысында
Ыбырай Алтынсарин
V - + ?
Ыбырай Алтынсарин ұлы ұстаз,жазушы, ағартушы.Ол қа
зақ балаларына арнап мектеп ашқан. Әкесі Алтынсарин ерте қайтыс болып, атасы Балқожа бидің тәрбиесінде болған. «Қазақ хрестоматиясы» деген оқулықтың авторы. Орыс жазушыларының әңгімелерін қазақ тіліне аударған. 1889 жылы ауыр науқастан қайтыс болған. Отбасы, балалары туралы білгім келеді.
INSERT оқығанын түсінуге, ойын білдіруге үйрететін ұтымды құрал. Оқушылар білетіндерін анықтап, білмейтіндерін белгілеп сұрауға әзірленеді.
Бұл технологияның тиімділігі: сын тұрғысынан ойлау технологиясы арқылы оқушыларға сапалы білім беріледі, ұтысты әдістер қолданылады, психологиялық ізгілік туындайды, жеке тұлға қалыптасады, шығармашылыққа баулиды.
Ойлауды үйрене бастаған балалардың тілі де дами бастайды. Белгілі тақырыптағы ойды сын тұрғысынан қарай отырып, ой-толғау, суреттей алу, еске түсіру, болжау оқушыны да, жаңа бір әлемнің жаңалығын ашқандай қалыпқа жеткізеді. Әрі қарай ойын айтуға ынталандырады. Бұрынғы қолданылған оқыту әдістерінде мұғалім басты орын алып оқушы тек тыңдаушы ғана болса, қазіргі сын тұрғысынан шыңдалған ойлаудың арқасында оқушы білім негіздерімен толығып, болашақты ойлауға құлшыныс алады. Сондықтан сын тұрғысынан ойлау – өте күрделі маңызды құбылыс. Бұл технологияның жемісті болуы мұғалімдерге байланысты.
201358518415Оқу мотивациясы өзгеріп, өз бетінше ізденуге үйретеді;
00Оқу мотивациясы өзгеріп, өз бетінше ізденуге үйретеді;

4204335425450077533542545
389953567310Керек кезде өз көзқарасын өзгертуге үйретеді, дамуын қамтамасыз етеді;
00Керек кезде өз көзқарасын өзгертуге үйретеді, дамуын қамтамасыз етеді;
5143548260Басқаларды тыңдауға, кез-келген жауапқа сыйластық, түсіністікпен қарауға үйренеді;
00Басқаларды тыңдауға, кез-келген жауапқа сыйластық, түсіністікпен қарауға үйренеді;

4642485196850010801352095500
365188550165Өз ойын топ алдында ашық айта алу, қорғай білуге үйренеді;
00Өз ойын топ алдында ашық айта алу, қорғай білуге үйренеді;
641985135890Оқушылар басқалармен қарым-қатынас жасай біледі;
00Оқушылар басқалармен қарым-қатынас жасай біледі;

2832735317500
Қолданған әдебиеттер:
Байұзақова А. Қ. «Бастауыш сынып оқыту әдістемесі» № 6. 2012жыл.
Жұмабекова Ж. Р. «Педагогикалық альманах» № 2. 2013жыл.
енл