Отты жылдар м??гілік жадымызда. Т?рбие са?ат


1-ж. Құрметті ұстаздар және оқушылар! Ұлы Жеңіс мерекесіне арналған «Теңдесі жоқ тарихи Жеңіс» атты кешімізді бастаймыз.
2-Ж. 1941 жылдың 22 маусымында таңғы сағат 4-те Германия фашистері ешқандай соғыс жарияламастан Кеңес Одағының территориясына баса-көктеп кірді. Бұл бейбіт жатқан елге ойран салған әділетсіз соғыс еді.
1-ж.Фашистер милиондаған адамдарымызды құртуды, құлға айналдыруды көздеді. Бірақ сүйікті Отанға қауіп төнген кезде елін, жерін, бостандығын, тәуелсіздігін қорғау бүкіл ел үлкен демей, кіші демей қолдарына қару алып, теңдесі жоқ ерлік жасады. Ер адамдар мен қыздарда соғысқа аттанды. Олар Т.Бигелдинов, Б.Момышұлы, М.Мамбетова, Ә.Молдағұлова, Қ.Қайсенов т.б.
2-ж. Ұлы Отан соғысы 1418 күн мен түнге созылды. Осы соғыста Кеңес Одағынан 27 млн. адам құрбан болды. Қазақстаннан 1млн.700 мыңнан астам жауынгер қатысты. Олардың басым көпшілігі ұрыс даласында қаза тауып, хабар-ошарсыз кеткендері қанша ма?
1-ж. Қазақстаннан құрылған әскери дивизия ең қауіпті жерлерде соғысты. Генерал Панфилов бастаған 28-дивизия жауынгерлерінің аттары Ұлы Отан соғысы тарихына алтын әріппен жазылған.
1-ж. Оңайлықпен түскен жоқ жеңіс бізге,
Соғыс елді түсірді-ау ауыр күйге.
Жұрт күйзелді төгілді қанша көз жас,
Түнерді қайғы бұлт талай үйде.
2-ж. Біріктіріп үміті мен тілегін,
Біріктіріп барлық күшін жігерін.
Ана үшін, бала үшін, жер үшін,
Жасқанбастан тосты оққа жүрегін.
Арназ.
Нұржас.
Жарас.
Көрініс. (Соғыстың басталуы)
2-ж. Қиылды қанаттары тәтті арманның,
Үзілді қайырмасы бақтарда әннің.
Әлемде ең сұмдық күн әйел үшін
Майданға азаматтар аттанған күн.
Бұлт басты, ашық сәні қашты аспанның,
Жоғалсын заты бұлай бас қосқанның.
Анаға ең ауыр күн тіршілікте,
Боздап кеп боздағымен қоштасқан күн.
1-ж. Әлия, Мәншүк-қайсар гүлі қазақтың,
Ерлігіне таңданамын ғажап тым.
Солар төккен қызыл қанның арқасы,
Қазақстан аспанында азат күн.
2-ж. Әлия Молдағұлова 1925 жылы Ақтөбе облысы, Қобды ауданында дүниеге келген. Анасы Маржан Әлия 3 жасқа келгенде қайтыс болған. Нағашысы Әбубәкір Молдағұловтың тәрбиесінде болған. Әкесі Сарқұлов Нармұқанбет. Әлия небары 19 жасында Новосоколь ники қаласын азат ету кезінде мерт болып, мәңгілікке көз жұмды.
1-ж. Мәншүк Мамбетова жылы дүниеге келген. Әкесі Жеңіскәлі, анасы Тойылша
Сәулет. (Әлия мен Мәншүк)
1-ж. Абырой атағыңа намысың сай,
Жаулардың төбесіне түсірдің жай.
Керемет кешегі өткен ерлігіңді
Ешқашан ұмытпаспыз, қос апатай.
2-ж. Сынған жоқ өлсең-дағы сенің сағың,
Өлген жоқ өрлей түсті жастық шағың.
Еске алып мәңгі саған бас иеміз,
Қос апатай, торқа болсын топырағың.
Ән. «Әлия» орындайтын Бікірбай Сәулет.
Көрініс. Гармоншы жігіт.
Диас.
Сәнгүл.
Мирас.
«Соғыстан қайтқан солдаттар» әні орындайтын Сәулет.
(Осы кезде көрініс болып жатады)
Сәулет.(Отан-Ана)
Сұңғат.
Фатима.
«Жойылсын соғыс» әні орындайтын Арназ және Нұржас.
Айсана.
Көрініс. Соғыстың аяқталуы.
Айдос.
Перизат.
Ораз.
1-ж. Қына көктеп, қоңыр қырдың тасына,
Бастағандай көгім бүгін ашыла.
Еңсесі тік тәуелсіз ел болдық біз,
Бақыт қонды қазағымның басына.
2-ж. Тойланып мың мереке, ұлыс күні,
Құйылған шаңырақтан ырыс нұры.
Халқымның бақыты үшін аз байлық па?
Тәуелсіз еліміздің тыныштығы.
1-ж. Жаңғыртып әнмен аспан кеңістігін,
Халқымыз қуанышты тегіс бүгін.
Жауды жеңіп Отанды азат еткен,
Құрметпен қарсы алады Жеңіс күнін!
2-ж. Ән. «Әрқашан күн сөнбесін».
2-ж. Халқымыздың зердесіне бұл күн-1945 жылдың 9 мамыры мәңгі есте сақталады. Өйткені, бұл әлем фашистік құлдықтан құтылған күн.
1-ж. Қорған болған елінің елдігіне,
Батырлардың бас идік ерлігіне.
Ұрпақтары қаһарман бабалардың
Тәуелсіз қамалын көрдік міне!
2-ж. Көрмесін соғыс заһар шақ,
Тәуелсіз Отанымызда.
Желбірей берсін көк байрақ
Жалын жүрек жастарым,
Ел үмітін ақтаңдар!
Еркіндікті көздегі
Қарашықтай сақтаңдар!
1-ж. Хор. Әнұран.
2-ж. Осымен Ұлы Жеңіс күніне арналған «Теңдесі жоқ тарихи Жеңіс» атты тәрбие сағатымыз аяқталды.


Ата. Ал, жорытқанда жолдарың болсын!
Аман барып сау қайтыңдар.
Қыдыр ата жолдастарың болсын!
Құдай қолдасын!
Жігіт. Қош бол елім, қан майданға жөнелдім,
Жаным барда жаудың жолын бөгермін.
Я, болмаса омырауымнан оқ тиіп,
Жүрегімнің қанын жерге төгермін.