Саба? жоспар Еуропа ішкі сулар 11 сынып


Сабақ: Сынып: Күні:
Сабақтың тақырыбы: Еуразия материгінің ішкі суларыСабақтың мақсаты: Материктің ішкі суларының жер бедері мен климатқа байланыстылығын көрсете отырып, Еуразия өзендерінің, көлдерінің жалпы ерекшеліктерін, сондай - ақ, Тынық, Үнді, Атлант, Солтүстік Мұзды мұхит алаптарының ерекшеліктерін түсіндіру, меңгерту.Білімділігі: Оқушыларға Еуразия туралы мағлұмат беруДамытушылығы: Балалардың өзіндік ойлана білуіне, сабаққа деген қызығушылықтарын арттыруға, өздерінше іздене білулеріне, т. б. үйрету.Тәрбиелілігі: Оқушыларды Отансүйгіштікке, табиғатты аялауға, сақтауға үйрету. Өзендер мен көлдер суын қорғауға, сақтауға өз үлестерін қосуға дағдылау, бағыттау.Сабақтың типі: аралас сабақСабақтың түрі:Сабақтың әдіс - тәсілдері: түсіндіру, тест, тірек - сызба,Сабақтың көрнекілігі: Глобус, Еуразия материгінің физикалық картасы, слайдтар, прокет тақтаСабақтың барысы: І. Ұйымдастыру(класс тазалығы, түгелдеу, т. б)ІІ. Өтілген тақырыптар бойынша
«Зымыран сұрақтар»1. Еуразияда неше климаттық белдеу бар?(7 кл. белд)2. Біз қай материкте тұрамыз?(Еуразия)3. Қазақстан қандай климаттық белдеуде жатыр? (қоңыржай)4. Ең аумақты климаттық белдеу? (қоңыржай)5. Исландия аралынан басталып, жіңішке жолақ түрінде өтетін белдеу? (субарктикалық)6. Еуразияның ірі шөлдері орналасқан белдеу? (тропиктік)7. Үндістан, Үндіқытай түбектері қай белдеуді қамтиды? (субэкваторлық)8. Еуразия материгін неше мұхит суы шайып жатыр? (барлық)ІІІ. Семантикалық кесте толтыру.Алдарыңызда 4 негізгі климаттық белдеу берілген. Сипаттама берілген тұсқа «+» таңбасын қойып белгілеу.Сипаттама ---------------------------------------------------- экваторлық ---- тропиктік ----- қоңыржай ---- арктикалықЕң көп аумақты қамтидыАса ірі шөлдер орналасқан белдеуАуа температурасы - 40°, - 50° шамасында болады.Жауын - шашын өте мол түседіІҮ. Жаңа сабақ. §20. Еуразия материгінің ішкі сулары.Еуразия ішкі суға бай. Оңтүстік Америкадан кейін 2 - орын алады.Еуразияның ішкі сулары↓ӨзендерКөлдерЖер асты суларыБатпақтарМұздықтарТоңдар Өзен алаптарыТынық мұхиты -------------- Атлант мұхит ------------- Солтүстік Мұзды мұхитАмур --------------------------- Дунай ------------------------ ЛенаХуанхэ ------------------------- Рейн ------------------------- ЕнисейЯнцзы ------------------------- Висла ------------------------ ОбьМеконг --------------------------------------------------------- АнгораҮнді мұхит -------------- Ішкі тұйықҮнді ---------------------- ЕділГанг --------------------- ЖайықБрахмапутра --------- Амудария---------------------------- СырдарияКартадан Еуразия өзендерінің алаптары(слайд) көрсету.КөлдерЛадога Онега Венерн Веттерн Каспий Арал БайкалЖер асты суларыартезиан суы ------------------- минералды су ------------------ радонды суБатыс Сібір --------------------- Солт. КавказҚазақстан ----------------------- КарпатОрта Азия ----------------------- АлтайМонғолия ------------------------ Тянь - ШаньБатпақ Еуразияда 80% алады. Батпақтар Батыс Сібір жазығы мен Полесье, Мещера, Амур бойы, Колхида ойпаты мен Балтық бойында көп. Шымтезекті батпақтардан шымтезек (торф) өндіріледі.Ү. Бекіту.1) Географиялық диктант.а) Су қоры жөнінен Еуразия........ орында тұр.ә) Материктің 1/3 бөлігін ішкі..... құрайды.б) Тынық мұхит алабына..... өзені кіреді.в) Үнді мұхит алабына...... өзені жатады.г) Атлант мұхиты алабына....... өзені жатады.ғ) Солтүстік Мұзды мұхит алабына....... өзенін жатқызамыз.д) Ішкі тұйық алапқа мына өзендер......... жатады.Керекті сөздер: тұйық алап, Ганг, Енисей, Сырдария, Амур, екінші, Амудария, Дунай.2) «Кім тапқыр?» ойыны. Берілген сөздегі әріптің орны ауыстырса, Еуразия материгіндегі өзен аттары шығады.*Зяцны - ---------- * Алвис - ------- *Айунд -*Мура - ----------- * Нүді - --------- * Гнга -Дұрыс сөздер: Янцзы, Амур, Висла, Үнді, Дунай, Ганг3). «Қай өзен артық?»ойыны. Сол алапқа жатпайтын өзеннің астын сыз.а) Дунай, Хуанхэ, Висла, Рейнә) Лена, Обь, Дунай, Енисей.б) Меконг, Висла, Амур, Янцзы4) Кескін карта мен жұмыс. Кескін картаға Еуразияның ішкі суларын түсіру.