Еуропа жазы?ы


Сабақ тақырыбы:  Еуропа ЖазығыСабақ мақсаты:
1.Еуропа жазығының  Қазақстанға енетін бөлігінің географиялық орны, ежелгі платформа екендігі, ондағы пайдалы қазбалардың  орналасу  заңдылықтары, қазіргі жер бедерінің  қалыптасуына етуші күштер, климатының  ерекшеліктері, ішкі суы ,табиғат белдемдері , оны  қорғау  жөнінде білім беру .
2. Ойлау қабілеттірін  дамыту, дүниетанымдық  көзқарасын қалыптастыру,тіл  байлығын , оқу  дағдысын  , белсенділігін арттыру.                                                                                                                    3. Оқушыларды өздігінен білім алуға , картамен жұмыс жасауға  дағдыландыру, достық  қарым-қатынасқа, табиғатты  қорғауға , сүюге тәрбиелеуСабақ түрі:  Жаңа сабақ.
Сабақ әдісі: Жобалау,сұрақ-жауап ,салыстыру, жинақтау.
Көрнекілігі:  Қазақстанның физикалық  картасы, суреттер, ТМД тектоникалық картасы, үлестірмелер, суреттер,интерактивті тақта, тақырыпқа байланысты суреттер.
Сабақ барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды түгендеу, сабаққа әзірлігін қадағалау.
ІІ.Сабақтың  негізгі мазмұны.
1.Сабақты бастамас бұрын Мұқағали өленің оқу.
Оралым – Ордам  менің таныс маған,
Бораның  Махамбет боп дауыстаған.
Армысың, Атырауым, бозаң даламКаспийменен Жайықтан көз алмаған.
2.Жаңа сабақты оқушылар өздігінен оқиды.
І. Оқушыларға Шығыс Еуропа жазығының  географиялық орны қысқаша айтылып өтіледі.
     ІІ.Оқушыларға  Қазақстанның картасы  бейнеленген 3 плакат беріледі. Оқушылар топқа бөлініп төмендегі тапсырмаларды орындайды және  түсіндіріп қорғайды.
1-топ. Плакатқа Шығыс Еуропа жазығының Геологиялық  құрылысы мен жер бедерін және  пайдалы қазбаларын  түсіреді.
2-топ. Климаты мен өзен-көлдерін кітаптан тауып түсіреді.
3-топ. Плакатқа Шығыс Еуропа жазығының табиғат белдемдерін, өсімдіктер
мен жануарлар дүниесін түсіреді , суреттерін жабыстырады.
3.Бекіту сұрақтары.
«Көсемдікке ұмтылу» 3 топқа сұрақтар рет-ретімен қойылады.
1.Шығыс Еуропа платформасының фундаменті қандай жыныстардан қалыптасқан? (кристалды қатты)
2.Каспий теңізі теңіз деңгейінен неше метр төмен ? (- 27)
3. Алғаш мұнай фонтаны атқылаған жыл (1899)
1. Жем өзені  қандай сумен қоректенеді.? (қар)
2.Ойыл өзені қай өзеннің саласы? (Жайық)
3.Шығыс Еуропа жазығында бэр төбешіктер қайда кездеседі? (Каспий маңы).
1.Құм, саз , балшық, ұлутас бұлар (құрылыс материялдары)
2. Шығыс Еуропа жазығының жаздағы температурасы (+220,+240)
3. Теңізде қандай балықтар бар?(қызыл балық, бекіре)
1.Каспий маңы ойпатының  жер  бедері неліктен  жазық болып келеді? (ұзақ уақыт су астында  жатуынан)
2.Табиғат эрозиясының қандай түрі басым? (аңызақ жел)
3.Шығыс Еуропа жазығындағы қазіргі  экологиялық проблемалар (ауа, топырақ, теңіздердің  мұнай – газбен ластануы.)
4. Сабақты бекіту.
Шығыс Еуропа табиғатының қолайлы және қолайсыз жақтары.
Табиғат жағдайының қолайсыздығыТабиғат жағдайының  қолайлы. 
1 топ. Оқушыларға төмендегі семантикалық картаны толтырту.  
Шығыс Еуропа  Жазығына  тән сипаттамаМұнай,газ ,никель,әктас Хром... Континентті Тегіс  жазықҚара ,қоңыр Қайың, көктерек  ,  жусан,селеу Қоян,қосаяқ  кірпі,суыр, түлкі. Торғай тышқанДала , Шөл Шөлейт Жайық, Қобда    Жем, Ойыл Балықты, Шалқар, Аралсор, Бесоба. Климаты
 2-топ. Оқулық мәтінің пайдаланып сөйлемдерді аяқта.
Жазық негізінде ..................................жатады.
................................қазіргі жер бедері қалыптасқан.........................теңіз деңгейінен төмен орналасқанЖазық.................................................. еңіс тартадыТұз күмбез дегеніміз.................................................
Алғашқы мұнай ұңғысы............................................
Шөгінді түрінде пайда болған қазба байлықтары-.........
3-топ. «Жұмбақтас» - оқушылар физикалық картадан наменклатура көрсетеді.
(Шығыс Еуропа, Жалпы Сырт, Орал алды үстірті, Каспий маңы ойпаты, Жайық, Ойыл, Жем, Каспий.)
    6.Тақтадан көрсетілген  тест тапсырмасын орындау.
Тест. Шығыс Еуропа.
6.Қаңтар айындағы температурасы.
А)-150,-80 ,-400
В)-200,-150,-450
С)-170 ,-100,330
Д)-50,-120-180
7.Жауын-шашын мөлшері.
А) 200мм
В)140-350 мм
С)100-200мм
Д)250 -300мм
8.Шығыс Еуропа жазығының табиғат белдемдері.
А) орманды  дала, дала;
В) шөл, шөлейт;
С)Орманды дала,шөл;
Д) дала, шөлейт, шөл.
9. Каспий теңізінің ауданы.
А)180 мың шқ2
В)360 мың шқ2
С)390 мың шқ2
      Д) 420 мың шқ2
       10.Шығыс Еуропа жазығының пайдалы қазбалары.
А)көмір, мыс, шымтезек;
В)мұнай, газ, құрылыс материялдары;
С)Ұлутас,хром,никельД) мұнай, боксит, темір11.Көлдері.
А) Шалқар, Аралсор,Индер,Каспий,
В)Балықты, Каспий, Арал,Балқаш.
С)Каспий,Теңіз,Сілтетеңіз;
Д) Әулиекөл, Шағлытеңіз, Каспий.
12.Бэр төбешіктері қайда кездеседі?
А) Жалпы Сырт
В) Жем Орал алды үстірті;
С) Каспий маңы;
Д) Аталғандардың бәрінде7. БағалауҮйге тапсырма:
Мәтінді оқу.
Шығыс  Еуропаны кескін картаға түсіру.
 
Қазақстанның физикалық географиясы. 8-сыныпСабақтың тақырыбы: Солтүстік Қазақ жазығыСабақтың мақсаты:
Білімділік — Солтүстік Қазақ жазығының Қазақстанға енетін бөлігінің географиялық орны, тектоникалық құрылымы, геологиялық құрылысы, жер бедерінің, климатының қалыптасуы, ішкі суы, фаунасы, табиғат зонасы туралы білім беру.
Дамытушылық - Қазақстан табиғаты туралы білімдерін кеңейтуді көздей отырып, оқушының дүниетанымдық қабілетін дамыту;
Тәрбиелік - Отанын сүюге, адамгершілікке, табиғат байлықтарын ұтымды пайдалануға тәрбиелеу
 
Сабақтың көрнекілігі: Қазақстанның физикалық картасы, пайдалы қазба үлгілері, атлас. М.Мақатаевтың «Алтай-Атырау» поэмасы, кескін карта, грфикалық тест, ақын жазушылар портреттері, кеппе шөптер.
 
Пән аралық байланыс: Әдебиет, тарих, халықтық педагогика, сурет-сызу.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру
 
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
 
Өткен материалдарды еске түсіруге арналған сұрақтар
Тұран жазығының географиялық орны?
Тұран ойпытының негізгі тұғыры қай кезеңде қалыптасқан?
Тұран жазығына қандай аймақ кіреді?
Маңғыстау аласа таулы өлкесінің ең биік нүктесі, оның биіктігі?
Торғай үстіртінің орталық бөлігінде кең ойысты неге Торғай қолаты деп атайды?
Тұран жазығының пайдалы қазбалары?
Неге қыста ауа температурасы кейде -30 -40 С жетеді?
Ірі өзендерді атап, картадан көрсет.
Қандай табиғат зоналар тән?
 
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру
 
ЖОСПАР
Географиялық орны
Жнр бедері мен геологиялық құрылысы
Пайдалы қазбалары
Климаты
Өзендері мен көлдері
Табиғат зоналары, өсімдіктері мен жануарлары
 
М. Мақатаевтың «Алтай-Атырау» поэмасының үзінді оқу арқылы жаңа сабаққа ену.
Армысың, Атырауым бозаң далам,
Каспий мен Жайықтан көз алмаған
Ұмыттыңба сонау бір кездеріңді
Құлан жорытса құмыңды кезе алмаған
Бұл қай өңір? (Шығыс Европа жазығы)
 
 
О, Жетісу! Сандық тау, сандал белім
Шоқтығы өсіп, жал бітіп, жанданды елім
Байлықты айтып несіне мақтанамын
Балақ, қойнын несіне ақтарамын.
Жетісудің байлығын білмек болсаң
Бір уыс топырағын ал қарағым.
Тоқтар емес толастап бөгесінде
Сырдың елі ғарыштың кемесіндей
Жатыр шалқып Аралым ақ айдыным
Ырыс құйған қазақтың тегешіндей.
Бұл үзінді қай өлкеге сипатталған? (Тұран жазығы)
 
Жап-жалпақ жауырынды жатыр дала
Ақын дала алапат батыр дала
Ақмола мен Қостанай арасында
Дән өскен тақырға да тотырға да
Ерекше –ау жаралыпсың затың дала!
Ох, неткен айдынды өңір, алып өңір
Астықты омырауына салып өңір.
Бұл қай өңір? (Солтүстік Қазақ жазығы)
 
-Міне балалар, Қазақстан Республикасының солтүстігіндегі жазықты, астықты алқап та Солтүстік Қазақ жазығында орналасқан. Осы Солтүстік Қазақ жазығының географиялық орны, тектоникалық құрылымы, өсімдіктер, жануарлар дүниесі туралы білетін боламыз.
 
Солтүстік Қазақ жазығының физикалық-географиялық орны. Бұл жазық Қазақстан жерінде Орал тауларынан Алтайға дейін ені 200-250 км алапты алып жатыр. (Қазақстанның физикалық картасы бойынша түсіндіріледі. Оқушылар картадан көрсетеді, оқулықтағы,картадағы тектоникалық, геологиялық карталар арқылы геологиялық картасы оқылады.)
-Солтүстік Қазақ жазығының жер бедері полеогеннің теңіз және неогеннің континенттік шөгінді жыныстарынан тұрады. Кайнозой эрасында теңіз тартылып, қазіргі жер бедері қалыптасқан . Жер беті тегіс, өзендері сирек, сондықтан көп тілімденген, тұйық қазан шұңқырлар кездеседі
 
 
 
 
 
Есілдің жазық орманды-Есіл өзенінің 2 жағын бойлай Солтүстік Қазақстан облысының жерінде орналасқан көлді жазық. Жері сазды және өзен шөгіндісі, палеоген жыныстары басқан көлдер көп, топырағы қара, ормандары қайың мен теректен тұрады. Тобыл-Обағанның жазық даласы-бұл да көлді жазық. Жазық саздардан түзілген, бетін нешген, глиоцен жыныстары жапқан. Тұщы көл аз, тұзды көл көп, өара топырақты. Тұщы көлдері-Құсмұрын.
Есіл-Ертіс даласы. Есілдің-қамысты орманды даласы мен Сарыарқаның, Павлодар облысының көлді жазығы ортасында жатыр. Неоген саз балшығы, оның бетін полеоген құмдары мен балшықтары басқан. Батысында көл көп, көбі тұщы, үлкені-Шағалалытеңіз. Ертіс –Құлынды жазығы-Павлодар облысының күңгірт қара топырақты ауданын қамтиды. Ертіс өзені жағалауы бірнеше террасадан тұрады. Ертістің сол жағасы мен солтүстік батысында көл және көл табандары көп.Үлкені-Жалаулы, Шүрексор, Сілетітеңіз.
 
Солтүстік Қазақ жазығының пайдалы қазбалары (өлең оқу)
Соколов-Сарыбай, Қашар кен орындарында темір рудасы өндіріледі. Рудныйда байыту комбинаты бар. Әйет, Лисаков кен орындарында никель мен көмірдің мол қоры бар. Хромит, кобальт кені барланған. Құрылыс материалдары да мол..
 
Солтүстік Қазақ жазығының климаты.
Континентті, Орта Азияның ыстық ауасы еркін енеді, жауын-шашын мөлшері 350 мм
Көбіне жаз айларында түседі. Шілденің орташа температурасы +18 +20 С, қаңтардың орташа температурасы -17 -19 С. Қар қалың түседі, 30-50см.
 
Солтүстік Қазақ жазығының өзен –көлдері
Ірі өзені: Ертіс, Есіл, Тобыл. Есіл өзені бойында бас қаламыз Астана қаласы орналасқан. Шағын өзендері: Үй, Тоғызақ, Әйет, Обаған, Сілеті, Өлеңті, т.б.
Көлдері: Құсмұрын, Шағалалытеңіз, Сілетітеңіз, Теке және т.б. Суы ащы, ұсақ көл көп.
 
Солтүстік Қазақ жазығының табиғат зоналары. Орманды дала және дала зоналары кіреді. (гербарийден өсімдіктер дүниесін көрсету және Қазақстандағы жануарлар мен өсімдіктер әлемі кітабынан жануарлардың суретін көрсету)
 
Қорық деген не? Қазақстанда неше қорық бар?
Табиғаты әсем, аң жануарға бай. Өлкенің табиғи ландшафтысын сақтау мақсатында түрлі қорық пен ұлттық парктер ұйымдастырылған. Соның бірі-Наурызым қорығы. 1929 жылы ұйымдастырылған. Қостанай облысы Наурызым ауданында.
Солтүстік қазақ жазығының шаруашылық маңызы. Солтүстік қазақ жазығы республиканың егіншілік аймақтарына жатады. Орманды даладан басқа жерінде ылғал аз. Жылдық ылғал тапшылығы, топырақтың жел әсерінен құрғауы, шаңды борандар жел эрозиясын туғызуда. Ауданның жер байлығын сақтау үшін белгілі шара қолдану қажет.
 
ІҮ. Жаңа сабақты қорытындылау
 
Қалақ халқының ұлттық ойын үлгілерін негізге алып, білім сайысына түсеміз.
1. Сырықа шығу- «Әркімнің өзі шығар биігі бар» Телевизор арқылы тест сұрақтарына жауап
беру.
 
2. Алтын қабақ ату- «Өнер ағып тұрған бұлақ, білім жанып тұрған шырақ » Сурет сұрақтар
 
3. Кескін картамен жұмыс.
А) Кескін картаға Солтүстік қазақ жазығын орналастыру
Ә) Ірі өзендерін түсіру
 
4. Арқан тартыс- «Асу бермес асқар жоқ »
5. Венн диаграмасы
 
Ү. Бағалау
 
ҮІ.Үйге тапсырма беру. §42. Солтүстік қазақ жазығы.
Кескін картаға пайдалы қазбалары, өзен көлдерін түсіру. Графикалық тест.
ҮІІ. Сабақты қортындылау.
-Табиғат- Анаға аялы алақан, жүрек жылуын арнау әрбірсаналы адамның парасатты парызы.
Белгілі ақын М. Әлімбаев:
Туған жерді сүю — парыз
Қасиетін ұғу парыз
Күзетінде тұру парыз-деп сабағымызды аяқтаймыз.
Сау болыңыздар.
Сабақтың тақырыбы. СарыарқаСабақтың мақсаты: Сарыарқаның физикалық географиялық орны, геологиялық құрылысының күрделілігі, органикалық дүниесінің және пайдалы қазбаларының байлығын, сұлу табиғи аймақ екенін түсіндіру.Міндеттері: Мазмұнға байланысты міндеттері: Сарыарқаның физикалық географиялық орнына, геологиялық құрылысына, органикалық дүниесіне, пайдалы қазбаларына сипаттама беру.Сын тұрғысынан ойлауды дамытуға байланысты міндеттері:Ұсынылған теориялық мағлұматтарды зерттеп, талдау жасайды.Топтық жұмыс процесіне байланысты міндеттері: Оқушылар бірін - бірі оқытуда:Жұппен, топпен түсініп оқып талдайды;Тақырыптың түсініксіз жерлерін айқындайды;Топтастарының сұрағына жауап береді;Қорытынды шығарады.Сабақтың әдістері: ассоциация құру, өз ара бірін - бірі оқыту, ДЖИГСО - 1, ұқсастық және даралық, семантикалық кесте, көркем әдебиеттерден Сарыарқаның сұлу табиғатына байланысты өлеңдерді оқу, суретпен жұмысСабақтың көрнекілігі: Қазақстанның физикалық географиялық картасы, интерактивті тақта, Сарыарқаның фото суреттерімен көркем әдебиет көрмесі, кескін карта, Сарыарқа күйінің үнтаспасыСабақтың барысы:1. Үй тапсырмасын тексеруЖедел жауап1. Табиғат ерекшеліктеріне қарай Қазақстан аумағын неше аймаққа бөледі?2. Каспий маңы ойпаты қай жазыққа кіреді?3. Шығыс Еуропа өзендерін ата.4. Қазақстанның оңтүстік батысынан шығысына дейін алып жатқан жазық.5. Батыс Сібір жазығының қай бөлігі Қазақстанға кіреді?6. Солтүстік Қазақ жазығының жер бедері.2. Қызығушылықты ояту. Оқушылардың бұрынғы алған білімін анықтау үшін « Қазақстанның табиғат аймақтары» деген сөзге ассоциация, осыдан кейін «Сарыарқа» деген сөзге ассоциация құрастыру3.. Мағынаны ажырату. Өзара (бірін - бірі оқыту)Сарыарқа мәтінін оқытып талдау жасайды. Мәтінді жеке алып оқиды, пікір алмасады, топпен негізін анықтайды. мәтіннің бір бөлігін оқып болғаннан кейін топтан бір оқушы оқыған бөлікті қорытындылап айтады.Әрбір топқа жеке - жеке тапсырмалар беріледі. Мұғалім слайд арқылы қысқаша қорытындылап көрсетеді.1 - топқаДЖИГСО - 1Тақырыпшаларды суреттеп салу (картамен жұмыс жүргізу)1. Географиялық орны (атлас картадан тауып, кескін картаға салады)2. Жер бедері. Ең биік нүктесін салу.3. Пайдалы қазбалары.4. Өзендері, көлдері2 - топқаҰқсастық және даралықШығыс Еуропа мен Тұран жазығының ұқсастығын және даралығын анықтау.3 - топқаСәйкестендіру кестесін толтыру4 - топқаСуретпен жұмысТоп оқушыларына Ұлытау таулары, Оқжетпес тақырыбында суреттер беріледі. Сол суретке қарап әңгіме құрастыру.Үнтаспадан «Сарыарқа» күйі тыңдалады және «Сарыарқа» күйінің шығу тарихы, Сарыарқаның сұлу табиғатына байланысты шығарылған ақын жазушылардың өлеңдері оқылады.Барлық топ оқушыларына тест тапсырмалары беріледі, оқушылар бағаланады.Үйге тапсырма: Сарыарқа