Аяулы анашым


Тақырыбы: Аяулы анашымМақсаты: Ана жайлы тамаша сөздер, өлеңдер, әндер арқылы аналар мен әжелерді мерекемен құттықтау. Оқушыларды білімге, адамгершілікке,ұстамдылыққа тәрбиелеу. Ұстазға, ата-анаға деген құрмет сыйын арттыру. Ана еңбегін қадірлей білуге үйрету.Көрнекілігі: гүлмен безендірілген сахна, нақыл сөздер,
Жүрісі: І. Ұйымдастыру кезеңіЖоспары:
1-бет: Кіріспе2-бет: Оқушы шығармалары (өлеңдер, тақпақтар)3-бет: «Асылдың сөзі - ақылдың кені» (мақал-мәтел, нақыл сөздер)
4-бет: «Аналармен ойын»
ІІ. Негізгі бөлім Қымбатты аналар, ұстаздар, қыздар мерекелеріңізбен!Бүгінгі мереке 8наурыз-Халықаралық әйелдер күніне арналған «Аяулы менің анашым» атты ертеңгілігімізді ашық деп жариялаймыз.1-бет: Кіріспе сөзМұғалім: Адам баласы үшін ең аяулы, ең қастерлі, қадірлі сөз - ана. Бала дүниеге келген күннен бастап өзінің жұмсақ алақаны, жылы жүзі, ыстық құшағы, мейірім толы көзқарасы арқылы барлық сүйіспеншілік, мейірімділік, махаббатын бере білген аналар үшін жер дүниені мекендеген адамзат қауымы бір күнді мейрам етіп белгілеген. Ол 8-наурыз мерекесі. Анамызға деген біздің көңіліміз, мейіріміміз ұшан теңіз. Анамыздың көңілі шат, жүзі жарқын, дені сау болуын әрқашан тілейміз. Сіздерді аналар мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз.Хормен: «Апатайым»әнін орындау
Асылзат:Бала, бала, бала деп,Түнде шошып оянған;Түн ұйқысын төрт бөліп,Түнде бесік таянған;2.Аялы қолды талпынтқан,Қаймақты сүттей қалқытқан;Суық болса жөргегін,Қорғасындай балқытқан;3.Айналасына ас қойып,Изенді көлдей шалқытқан;Қолын қатты тигізбей,Кірлі көйлек кигізбей,Иісін жұпар аңқытқанБұл кім?Бәрі: - АнаТемирлан: Сөздерді ең аяулы,Жақсы көріп жаттадым.Енді білдім олардыКімнің ойлап тапқанын.«Ана» деген сөзді де,«Аға» деген сөзді де,«Әке» деген сөзді де,«Тәте» деген сөзді де,«Ата» деген сөзді де,«Апа» деген сөзді де, - Бәрі:Ойлап тапқан балалар!
Нурали:«Жаным, күнім» дегенді,«Құлыншағым» дегенді,«Ботақаным» дегенді,«Қошақаным» дегенді,«Айналайын» дегенді,«Толған айым» дегенді,Бәрі:Ойлап тапқан аналар!Ән : Құттықтаймын мама туған күніңмен4.Анам мені: «Айым» - дейді,Мен мұңайсам, уайым жейді,Анам мені: «Күнім» - дейді,Мен қуансам, күлімдейді.5. Әлемдегі ақылды адам,Бәрінен сол жақын маған!Ол жанымда жүрсе ,мен де,Батырларша батылданам.6. Мәпелейсің мені, анам,Қолыңдағы құсыңдай.Құлпыра өсіп дем алам,Құшағыңда қажымай.7. «Күнім»,- дейсің мені,Күн мейірі сенде.Күннің ыстық лебі,Құшағыңа тең бе?Айналайын ,ана! (бірге)8. «Жаным»,- дейсің мені,Жаратушым бір сен.Жалғыз өзің тегі,Жанашырым білсең.Айналайын ,ана! (бірге)9. «Құлыным», - деп мені,Құрақ ұштың дәйім.Қамқоршым-ау, сеніҚалай ұмытайын.Айналайын ,ана! (бірге)Гүлдария: Таусылмайды өлеңі,Күнде айтып береді.Барған сайын бір жаққаКәмпит алып келеді.Әжем мені, өйткені,Өте жақсы көрЖүргізуші: Алдымен мерекесі құтты болсын аналардың,Әпкелер мен бауырлар, балалардың.Мерекеңіз ұлассын қуанышқа,Бұл күндер көксеген даналардың.Мұғалім: - Барша аналарға арнаған Мадинаның биін тамашалаңыздарЖүргізуші: Білмесең надан боласың,Жау қолында қаласың,Үйреніп бәрін біле алсаң,Ақылың жетіп толасың!
11. Жамандықтан сақтандырып,Жақсы ісімді мақтан қылып.Мәпелелеген ақ мамамды,Жүрсем деймін шаттандырып.12.Еркелесем, күлімдейтін,Ұрысқаны білінбейтін.Маңдайымнан иіскеп менің,«Құлыншағым, күнім», - дейтін.13. Айналайын, анашым,Көкте нұр боп жанасың.Ет жүрегің елжіреп,Құшағыңа аласың.14. Айналайын, анашым,Аялайсың, бағасың.Менің үшін не керек –Бәрін іздеп табасың.15. Көктемде көңілді,Құстар кеп жатқанда.Құлпыртып өңірді,Гүл ектік бақтарға.16. Гүл ектік аулаға,Көктемде көңілді.Бақта да, бауда да,Ақ гүлдер өрілді.
Әнші қыздарымыздың орындауында ән «Жау-жау,жаңбыр»Сен жалықпай жетектеп,Мен жаттыға жетермін.Айтқаныңды екі етпейАқ сүтіңді ақтармын.
Көрсетемін күллі елді,Жарық етем түндерді.Өсіріп мен сыйлаймынЖұрт көрмеген гүлдердіБәрі:Бәрі жақсы ананың,Бәрі де оның керек-ау...Бірақ әрбір баланың Өз анасы бөлек-ау!
Ақ анашым, аппағым.Өзің жайлы тақпағым.Арналады сіздерге.Бар баланың тақпағы
Алтын анам жасымнан аялағанМен үшін игілікті аямағанСабақтан шаршап үйге келгенімдеБал сөзі - жаным деген, сая маған.Құтты болсын, ардақты анаАсыл анам мерекең,Құтты болсын теңдік алған.Қуанышты берекең.
Мұғалім:ӘН «Ана біздің гүліміз»
4 - оқушы: Өмірдің иесі сен, ғазиз Ана.Келтірген дүниеге нелер данаАнасыз батырда жоқ, ақында жоқӨмірдің алтын кілті сонда ғана.5 - оқушы: Бал бөбегін баптаған.Мамам үшін мақтанам!Аялайтын біздерді,Көп жасасын жақсы адам.Мұғалім: Біздің аналарымыз бәрін өз қамқорлығына алады, олар барлық шаруаны бітіреді, сонымен қатар олар біздің әр ойымызды айтқызбай табады, бар сырымыз оларға әрқашан да белгілі. Олай болса, аяулы аналарымызды бір сынап көрелік.Ойын: «Аялы алақан»Аналардың көзін байлап, оқушылардың ішінен өз балаларының тапқызу.Бағлан:Менің әжем, гүл әжемАлтын әжем, күн әжем.Апам үшін, мен үшінНағыз ана тілі - әжем.7 - оқушы: Ақ қабақты анашымКүн көкірек мамашымАқ сүтіңнен суардыңБөбегіңнің санасын.Мұғалім: Аналар ақ тілекті, сөз көп дейін,Жылытар жүрегіңді көз көп дейінАналар ақ жаулықты бұл сіздергеҚол соғып қарсы алайық «Жорға биін»
Инкар:Жаннұр:Аялаған анамыз. Ана біздің күніміз.Саялаған панамыз Ананың біз гүліміз.Шынар болып өсеміз Ұланды ана қуантыпШырағы боп жанамыз. Ұзақ өмір сүріңіз.Аналарымызға арнап кластың әншілері «Біз бақытты баламыз» әнінорындайды.
Мұғалім:Асыға күтіп жүргенмін
Болар деп қашан мейрамың
Суретін жасырып гүлдердің
Келеді оны сыйлағым
(Оқушылар аналарына жасаған ашық хаттарын сыйлайды)
-Балалар,Бізді осындай әдемі,ақылды етіп дүниеге әкелген аналарымызға не дейміз?
(Балалар бірге:РАХ-МЕТ)
Ән: Әрқашан күн сөнбесін
ІІІ. Қорытындылау
Мұғалім: Ардақты аналар,ұстаздар, апа-қарындастар!Сіздерге осынау мерейлі мереке тек қана игі жақсылықтар әкелсін. Дендеріңізге саулық, бала-шағаларыңызға амандық тілейміз.
Құрметтейік ,о,адамдар аналарды
Бізді өмірге әкелген даналарды
Себебі,АНА деген асыл жан ғой
Ойлауменен істерлік әр қадамды*деген сөздермен«Аяулы анашым» атты сынып сағатымызды аяқтаймыз.