Повторение по казахскому языку на тему Т?рт жыл мезгілі


Сынып: 4б
Күні: 03.02.
Сабақтың тақырыбы: Мен не білемін?
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Тақырып бойынша алған білімдеріне қорытынды жасау, үйренген сөздерді, сөз тіркестерін қайталау, етістіктерді өткен шақтың жекеше түрінде дұрыс қолдана алуға жаттықтыру, сөйлем құрап, оқу,ауызша сөйлеуге жаттықтыру. Түзету : Оқушыларды тақырып бойынша дұрыс сөйлеуге дағдыландыру, логикалық ойлау қабілеттерін арттыру, тіл байлығын дамыту. Тәрбиелік: Достармен сыпайы болу, сыйластық, әдептілік сияқты қасиеттерді бойына сіңіру.
Көрнекі құралдар: суреттер, сөздік сөздер, карточкалар, оқулық.
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық жаттығу
Ойға толсын санамыз.
Бестік болсын бағамыз.
Баласындай бір үйдің.
Тату болсын арамыз.
Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
Оқушылардың көңілін сабаққа аударуды ұйымдастыру.
II. Фонетикалық сергіту сәті.
III. Жаңа тақырып бойынша жұмыс:
Сұрақтарға жауап беру:
Кімнің туған күні қыста?
Кімнің туған күні көктемде?
Кімнің туған күні жазда?
Кімнің туған күні күзде?
Сенің туған күнің қашан?
Тақтаға бір оқушы шығып, қазақ тіліндегі сөздерді орыс тіліне аудармасын жазады: қи, жапсыр, дайын, жасаймын, сыз, бүкте
Сызу, қию, бүктеу, жапсыру - қажетті жіктік жалғауын қойып,сөйлемдерді толықтырыңдар.
Үлгі: Мен жапсырамын
Сен жапсырасың
Сіз жапсырасыз
Ол жапсырады
Сергіту сәті.
Деңгейлік тапсырмалар:
1 деңгей:1-тапсырма. Көп нүктенің орнына тиісті әріпті жазыңыз, қойған әріптін астын сыз. Ой...ншық, жел...м, сыз...ыш, б...кте, қар...ндаш, ше...бер.
2 деңгей- 2-тапсырма. Сөздерді қазақ тіліне аудар: День рождение, здоровье, добро, радость, желаю, поздравляю, открытка.
3 деңгей- 3-тапсырма. Фонетикалық талдау.желім, қайшы сөздеріне фонетикалық талдау жасаңдар.
IV. Сабақ қорытындысы
V. Баға қою.
VI.Үйге берілген тапсырма: