Презентация по самопознанию?ам?ор болып ?семін 1 класс


 Қамқор болып өсемін.Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақ1 сыныпМақсаты:  «Қамқорлық»  ұғымының адамгершілік  құндылығы ретіндегі маңыздылығын ашу.
Міндеттері: - қамқорлық туралы түсінік беру;
-          адамға, табиғатқа қамқорлық жасау іскерліктерін дамыту;
-          қамқор, қайырымды, мейірімді болуға тәрбиелеу.Көрнекі құрал: бейнетаспа.
Шаттық шеңбері:-Балалар, өткен сабақта біз қамқорлық шуағын жүрегімізбен сезінгенбіз.Өлң жолдарын бірге қайталайық:Қайырымды жүрекпен,Мейірімді тілікпен,
Ізгілікті ниетпенҚамқор болып өсемін.-Балалар, біз бүгінгі  сабақта қамқорлық туралы әңгімемізді жалғастырамыз. 
Мультфильм көру.  «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?»                                                     Балаларға  Қарлығаштың құйрығы неге айыр? Мультфильмі көрсетіледі.Көрсетіліп болған соң мультфильм бойынша сұрақтар қойылады.-Ана қарлығашқа қандай қамқорлық көрсетті?
-Қарлығаш адам баласына қандай қайырымдылық жасады?
Балалар сұрақтарға жауап беріп, қорытындылайды:-Осы мультфильм арқылы адамның құстарға, құстардың адамдарға қамқорлық жасай алатынын білдік. Қамқорлық-адамға, табиғатқа, жан-жануарларға жанашырлықпен қарау, көмектесу. 
Сергіту сәті  «Көлеңке»
Оқушылар көлеңке рөлінде, ал мұғалім ортада жүргізуші болады.
Мұғалім:-Көлбең-көлбең көлеңкем,Көлбеңдеген көлеңкем.Құмырсқа қалай жүреді?
Көрсетші менің көлеңкем.Оқушылар қимылмен құмырсқаның жүрісін көрсетеді.Мұғалім:-Көлбең-көлбең көлеңкем,Көлбеңдеген көлеңкем.Құстар қалай ұшады?
Көрсетші менің көлеңкем.Оқушылар қимылмен құстардың ұшуын көрсетеді (басқа да жан-жануар, жәндіктерді қосу мұғалімге байланысты).
 Мәтінмен жұмысОқушылардың қамқорлық жайлы түсініктерін тереңдету мақсатында мәтінмен жұмыс жүргізіледі. Мұғалім оқушыларға мәтінді оқып береді. Сосын балалар өздері оқып шығады. Мазмұнын түсінген соң балалар сұрақтарға жауап береді.
 
                                                    Балапан мен мысық                                                                                                                     Д. Мамырова  
Наурыз айы  келді. Балалар қараторғайларға ұя жасады. Асан да құстарға ұя дайындады.
Бір күні ұяда үш балапан пайда болды. Шешелері тамақ әкелуге кеткенде балапандардың біреуі жерге құлап түсті.Оны көріп ала мысық балапанға жақындай түсті. Қараторғайлар балапанын  айнала шырылдай ұшып, Асаннан көмек сұрағандай болды. Асан балапанды құтқармақ болып мысыққа ұмтылғанда, мысық қаша жөнелді. Асан жерде жатқан балапанды апарып ұясына салды. Қараторғайлар мәз болып әсем әуенге басты.
-  Асан құстарға  қандай қамқорлық жасады?
Шығармашылық жұмысСабақта шығармашылық жұмыс бойынша оқулықта берілген суреттерге қарап, оларға қандай қамқорлық жасау керектігін айту тапсырылады. Оқушылар бұл жумысты жекелей немесе топпен орындауларына болады. Балалар жұмыс нәтижесін сынып алдында жария етеді.
Жаңа ақпаратМұғалім оқушыларды оқу ақпаратымен таныстырады. Оқу ақпаратында  «Адамның жақсы қасиеті өзгелерге қамқорлық жасай білуінен көрінеді» деп айтылған. Оқушылар ақпаратпен танысып, мұғалімнің басшылығымен өз ойларын қосып түйіндейді.ОйынБалалардың белсенділіктерін арттыру  үшін «Ұядағы балапандар» ойыны өткізіледі.Оқушылар «балапан», «қарақұс», «ұя» сөздерін айта отырып үш топқа бөлінеді. «Ұя» тобы шеңбер жасап дөңгелене  тұрады. Шеңбер ортасына «Балапан» тобы жайғасады. «Қарақұс» тобы қапысын тауып ортадағы балапандарды шеңберден шығарып алуға тырысады. Оларды «ұя» тобы қорғайды. Егер «қарақұс» тобынан бір бала шеңбер ішінде қалып қойса, онда ол «балапан» тобының бір оқушысын шеңбер ішінен шығарып алса, ол оқушы «қарақұс» тобына қосылады. Осылайша ойын жалғаса береді. Саны көбейген топ ойынның жеңімпазы аталады.
 ҚорытындылауМұғалім сабақты қорытындылайды:-Қамқорлық-адамның адамға, адамның табиғатқа, жан-жануарларға жақсылық жасауы. Біз бүгінгі сабақта  қамқорлықты риясыз, яғни қайтарымсыз жасау керектігін түсіндік.Дәптермен жұмысМұғалім «Қандай үй жануарларына қамқорлық жасағыларың келеді? Солардың (күшік, мысық, тоты құс, қоян, лақ, қозы, т.б.) суретін салыңдар» –деген тапсырма ұсынады. 
Жүректен жүреккеОқушылар мұғаліммен бірге шеңберге жиналады. Балалар оң қолдарымен жүрек тұсын ұстап, мұғаліммен бірге мына өлең жолдарын қайталайды:Күн нұрындай көңілім,Даламдай кең пейілім.
Жүрегім толы мейірім,
Бәріне ортақ шуағым,Қайырымды боламын.
                             "Обал мен сауап"
Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақ                                                                                   2-СЫНЫП
Мақсаты: «Мейірімділік» адамгершілік құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.  Міндеттері:
-обал мен сауап туралы түсінік беру;
-халықтың дәстүрлі игі әдеттеріне қызығушылықтарын арттыру;
-мейірімділікке, үнемдей білуге тәрбиелеу.Көрнекі құралдар: үнтаспа, сюжетті суреттер, оқулық, дәптер. 
Шаттық шеңберіБәрі шеңбер құрып тұрады, сәлемдеседі.                                                 Ой, обал-ай, обал-ай!
                                                -Енді қарным ашпайды!
                                                Деп, Кер сұмдық бастайды:
                                                Нан артылса, қоқсыққа                                                Лақтырып тастайды.
                                                «Ой, обал-ай, обал-ай!»
                                                Ас «артық» деп төгеді,                                                Аш қап, азап шегеді.
                                                «Үнемді жасай біл!» десең,                                                Сөлекеттеп, сөгеді.                                                «Ой обал-ай, обал-ай».
 
ТапсырмаСабақ оқушылардың белсенділігін арттыру үшін тапсырмадан басталады.
 
                                                 Торғай                                                                                                     И. Тургенев
Бақша арасындағы жолмен аяңдап келемін. Итім алдымда жүгіріп бара жатқан. Ол кенет жүрісін тежеп, құстың иісін сезгендей-ақ төрт тағандап бұға бастады.
Мен ілгері жол бойына қарадым. Торғайдың сары жағал, ақ үрпек балапанын көрдім. Ол ұясына құлап түсіпті...
-Әңгімені жалғастырыңдар.-Иә, балалар, балапандарға көмектескендерің үлкен сауап болды, өйткені адамның, жануардың табиғаттың қиналғанын көре тұра, оған жақсылық жасамау обал болады.
-Сендерге үлкендер «обал болады», «сауап болады», «сауабын ал» деген сөздерді қандай жағдайларда айтты?
Балалардың жауптары.
  Шығармашылық жұмысШығармашылық жұмысты орындау үшін оқулықта бірнеше сурет ұсынылған. Оқушыларға суретке қарап, қандай жағдайларда обал болатынын айту тапсырылады.
 
Жаңа ақпаратМұғалім сабақта оқушылардың алған білімдерін бекіту мақсатында оқу ақпаратын ұсынады.Халқымыз «обал болады» деп ескерту арқылы адамның, жан-жануардың, табиғаттың қадірін білуге шақырады.Басқаларға жақсылық жасап үйренген адам сауапқа кенеледі.
Оқушылар осы ақпаратпен танысып, ой түйіндейді.  Мәтінмен жұмысСабақта мәтінмен жұмыс жүргізіледі. Ол үшін Ө. Тұрманжановтың «Құс ұясын бұзбайық!» атты өлеңі ұсынылады. Оқушылар өлеңді  түсініп оқиды. Сұрақтарға жауп береді.
 
                                              Құс ұясын бұзбайық!                                                                                                          Ө. ТұрманжановЕй, балалар, балалар!                                              Жабағы жүнді жияды,
Аман болсын аналар!                                              Жайлы қып жасап ұяны,Құстарда да ана бар,                                                Жұмыртқасын салады.
Құстарда да бала бар,                                               Бір қуанып қалады.Кім сүймейді баласын?!                                          
Осылар еске түскенде,                                             Тырнақтай құстың жауы көп,Бір ойланып қаласың!                                              Құрулы ажал – ауы көп...
                                                                                    Балалық қып қызбайық!Өсіруге баланы,                                                         Құс ұясын бұзбайық!Құстар ұя салады.                                                     Жұмыртқасын алмайық!                              
Жасауға жұмсақ ұяны,                                             Обалына қалмайық!.. 
* Құс балапаны мен адамдар арасында қандай ұқсастықтар бар?
* Құс өз балапанын қалай мәпелейді?
* Адамдар құстарға қандай қамқорлық жасай алады?
 
 
Сергіту сәтіАппақ болып таң атып, /құшағын кең ашады/
Түтін тікке ұшады /қолдарын толқындата жоғары көтереді/Қарлығаштар қанатын /қанатын жаяды/
Самғап биік ұшады /құсша қанат ұшады/  ТапсырмаМұғалім оқушылардың оқулықта берілген суреттерге қарап, табиғатқа обал жасау дегенді қалай түсінетіндері туралы тапсырма береді.
 
Дәптермен жұмысОқушылар тапсырманы дәптерлеріне орындайды. И. Тургеневтің «Торғай» әңгімесін балалар әр түрлі бағытта жалғастыруы мүмкін. Орындап біткен соң жария етеді.
  Қорытындылау-Балалар, бүгінгі сабақта «Обал мен сауап» туралы білдік. Қазақ халқы балаларының адал, жақсы болып өсуін, адамдарға, айналасына жақсылық жасай алатын ізетті адам болып қалыптасуын қалаған. Осы мақсатта-тағамды төкпе, шашпа, аяққа баспа, ысырап етпе, көкті жұлма сияқты сөздер айтып отырған. Біреуге жақсылық етсең, сауабын аласың, деп үйреткен. 
Жүректен жүреккеМұғалім оқушыларды жүректен жүрекке шеңберіне шақырады. Балалар мұғаліммен бірге қосылып, ән айтады.
                           
                                                    Жарқын заман бөбегі 
                                                                                  Сөзін жазған Қ.Жұмағалиев                                                                                   Әнін жазған И.Нүсіпбаев 
Таң атады арайлап,                             Аталарым сыйлаған,Күн күлімдеп туады.                           Бізге ашық аспанды.
Жадырайды бар аймақ,Жарқырайды шуағы.                           Жарқын заман бөбегін                                                               Аялайды нұрлы таң.Дала гүлін жинаған,                             Алтын бесік өз елім,
Жазып ерлік дастанды.                        Тұған өлкем Ұлы Отан.