Сыйынар ем ана деген т??ірге мерекелік ба?дарлама


Аяулы да қымбатты аналар мен аруларымыздың мерекесі 8 наурызда жоғары сынып оқушыларының мектеп оқушылары мен ұстаздарына арналған «Сыйынар ем ана деген тәңірге» атты кештің сценариін ұсынамыз:
Асылбек Еңсеповтың «Детство» күйі қосылып тұрады. Сахнаның сыртынан Мұқағали Мақатаевтың «Ана» атты өлеңі оқылады.
АнаСен бақыттысың,Жыламағын!Жай түсіп жатқанда да құламадыңТәңіріңнен мен едім ғой сұрағаныңСондықтан жыламағын, жыламағын!
Бармын ғойТірімін ғой,Қасыңдамын.Өлмеймін, мен өзіңдей асылданмын.Таусылып, өз-өзіңнен шашылмағын,Байырғы берекеңді қашырмағын.
Мен сенің қанықпын ғой көз жасыңаӨзім кепіл тот басып, тозбасыма.Екі жыр жазсам саған бірін арнап«Ана» деп жаздым ылғи сөз басына.
Тәңірім кеше көрсін кесірімдіАспанға жазсам сенің есіміңді!!!Ана,Сен бақыттысың, тербете берҚұба талдан иілген бесігімді…
(Өлең аяқталып болған соң, бірден көңілді әуен қосылып ортаға екі жүргізуші келіп тұрады).
Жүргізуші: Армысыздар, аяулы аналар, құрметті ұстаздар, гүлдей құлпырған қыздар! Барлығымыз асыға күткен көктемнің алғашқы күндерімен бірге 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні де келіп жетті. Бұл - бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербеткен аналар мен нәзік жанды қыздар қауымының төл мерекесі. Ана-өмірдің гүлі,көңілдің жыры,әр отбасының алтын діңгегі.Мынау тынымсыз тіршілік пен кең дүниенің өзі тек аналармен ажарлы. Бүгінгі арайлап атқан нұрлы таңмен бірге әрбір сәби жүрегі өзің деп соқса,бүгінгі мерекелік кешіміз де аналар, өздеріңізге арналады.
Ана десем шешек ашып жанары,Өмірімнің бастау алар ажары.Ана деген тіршілікке пана боп,Әрбір үйде жұлдыз болып жанады, - дей отырып, алғашқы мерекелік құттықтау сөзді мектеп директоры Ибрашева Данагүл Дулатовнаға береміз.
Шалқып, тасып әнімізЖадырасын жанымыз,Ана, сені құттықтап,Әндетеміз бәріміз.
Алдарыңызға Абдуллина Дильназдың орындауындағы «Асыл әжем» әнін қол соғып қошеметтеп қарсы алыңыздар.
Жүргізуші:
Барша ана құтты болсын мерекеңіз,Әрқашан ана сізбен берекеміз.Ақтасақ ақ сүтіңді, асыл анам,Сонда біз кісілікке теңесеміз,-дей отырып Яцко Настяның «Мама» өлең жолдарын қабыл алыңыздар.
Жүргізуші: Құлақтан кіріп, бойды алар,Әсем ән мен тәтті күй.Көңілге түрлі ой салар,Әнді сүйсең, менше сүй, – деп, Абай атамыз айтқандай Амангелді Жасұланның орындауындағы «Аналарға ақ тілек» әнін қабыл алыңыздар.
Жүргізуші: Талай ренжітсек те, еркелігімізді көтеріп, туған анамыздай маңдайымыздан сипай білген ұстаздарымызға айтар алғысымыз шексіз. Олардың еңбегі ұлан-асыр мұхитпен тең. Сабақтарды әрдайым қызықты өткізіп, ойын ойнататындарыңыз әлі де есімізде. Сол себепті бүгін біз сіздерді ойнатамыз. Ойын: Қағазға алдын ала ерекше қылығы бар 3 ұстаздың және 3 оқушының есімі жазылады. Артынша бұл қағаздар таратылады. Ұстаздар қағазда есімі жазылған оқушыны, ал оқушылар ұстазына пародия салады. Барынша сыпайы жақсы мінездерін салуға тырысу керек.
Жүргізуші:Десек те уақытпен жарыспайды,Қиялға қиялменен қарыштайды.Шәкірттер шын жүректен тебіреніп,Өнерін аналарға бағыштайды,-дей отырып, орыс класс оқушыларының «Мама» әнін қабыл алыңыздар.
Жүргізуші:Мерекеге арналады бүгін билер.Көтерілсін, қанекей, көңіл-күйлер.Алдарыңызда қазіргі үнді биі,Таң қалдырып қанекей би билеңдер, – демекші, ендігі кезекте « Флеш-моб биі», қабыл алыңыздар!
Әлемнің жарығын,Сыйладың сен маған.Даланың әр гүлін, Жинадың сен маған - дей отырып, 9 класс оқушылары дайындаған әзіл көріністерін тамашалаңыздар.
Тіршілікке нәр берген ана сүті қандай құдіретті. Әлемдегі жақсылық көзі, адамдық қасиет, ақ тілек мейірбандықтың бәрі ана деген сөзбен астасып жатыр. Ендеше жас журналистеріміздің сұрақтарына жауап беріп көріңіздер. (Шанышқының басына қызыл алмаларды шаншып микрофон ретінде пайдаланды). Оқушылар кезек-кезек мұғалімдерге сұрақ қояды:
1. Мектептегі ең сүйікті оқушыңыз кім?
2. 8 наурыз мерекесіне қандай сыйлық алғыңыз келеді?
3. Жарыңыздың осы мерекеде сыйлаған ең алғашқы сыйлығы есіңізде ме?
4. Мектебіміздің ең-ең бұзық оқушысы кім деп ойлайсыз?
5. Өлең айтып бере аласыз ба?
6. Әріптестеріңізді құттықтап 4 жол өлең шығара аласыз ба?
7. Осы мерекеде сізді кім ең бірінші құттықтады?
8. 8 наурыз мерекесі қайдан шықты?
9. Бұл мереке біздің елімізде қай жылдан бастап атап өтіліп келе жатқанын білесіз бе?
10. Осы мерекеде анаңызға қандай сыйлық жасадыңыз?
2-жүргізуші: Осы айтылғандардың бәрі шындық, бәрі шын, жапанға бір тоқтамсыз данышпандарды, ақындарды, ерлерді тауып беретін аналар. Барлық жақсылықты себетін де аналар. Ендеше сол аналар алдында бас иелік! Ән «Ана сен, бақыттысың» Оразов Жандостың орындауында
Ең соңында оқушылар ай секілді дөңгеленіп тұрып, алдын ала мұғалімдерге тілектерін арнап , шоқ гүл немесе сыйлықтар ұсынады.
Демеңіз біз өнерді аяп қалды,Мезгіл де біраз жерге таяп қалды.Қош болып тұрыңыздар көріскеншеОсымен концертіміз аяқталды.
Ана әрбір адамның жарық дүниедегі ең жақыны, жанашыры, қадірлісі, қамқоршысы, ақ сүтін емізіп аялаған, жанын да аямаған ардақтысы. Мен ана деген сөзді қанша айтсам да жалықпаймын. Өйткені ол дүниедегі ең ардақты жан. Өмір есігін жаңа ашқан баланың бойына елінің рухын сіңіретін, жылауын қойғызатын ана. Ана баланың амандығын бақытты, абыройлы болуын тілейді. Ендеше, анамызды сыйлап, құрметтейікші! Келесі кездескенше аман-сау болыңыздар! 8 наурыз құтты болсын!