?ош бол, балаба?ша! ерте?гілігі


Құрастырған: Урисбаева Гулмира Бердихановна, Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы
әкімдігінің білім бөлімінің «№54 «Айналайын» балабақшасы» мемлекеттік
коммуналдық қазыналық кәсіпорнының әдіскері.
Мектепалды даярлау тобында өткізілген
«Қош бол, балабақша!» ертеңгілігі
1.Жүргізуші:
Бүгінгі күн ерекше,
Есте қалар мәңгіге.
Қуанышты аналар,
Қуанышты үлкенде.
Жасыра алмай көз жасын,
Баса алмай жүрек лүпілін,
Мерекені бастаймыз,
Қоштасудың бұл кешін.
2.ЖҮРГІЗУШІ:
Құрметті ата-аналар, қонақтар,
Біздің көркем балаларға қараңдар.
Ұямыздан ұшуға дайын тұрған,
Өнерлі балғындарды қарсы алыңдар.
Екі жүргізіші кезекпен-кезек өлеңмен балаларды залға шақырады. Әр балаға тақпақ айтылады. Балалар екі-екіден шахмат болып келіп тұрады.
1) Әртіс қыз, әнші Адельде,
Қыр гүліндей жайнайды.
Көрікті бала Қожахмет,
Білімге еш тоймайды.
2) Ибалы, ұяң Нұрайда,
Оқып, санап біледі.
Елгезек бала Бауыржан,
Білсем деп құлақ түреді.
3) Білсем дейді барлығын,
Ұғымтал бала Қайыржан.
Сүп-сүйкімді Әселім,
Әрдайым алдан табылған.
4) Өнерімен ерекше,
Рауан көзге түседі.
Тұйық мінез Жадыра,
Инабатты қыз еді.
5) Тобымыздың еркесі,
Шапшаң бала Қуаныш.
Мың бұралып билейтін,
Жаннұр қызға мың алғыс.
6) Алғыр әрі тәртіпті,
Рашид ұлан білімді.
Аңғарымпаз Алтынай,
Шебер қолды суретші.
7) Нұрлан ашық мінезді,
Тыңдарады бар істі.
Сөз табады сауықшыл,
Гауһар қызым келісті.
8) Салмақты өзі, ақ көңіл,
Ерасыл біздің ұлымыз.
Күлімдеп әр кез жүреді,
Динарадай қызымыз.
9) Мың бұралып билейтін,
Альбина біздің әдемі.
Намысты қолдан бермейтін,
Сұлтан біздің өнерлі.
10) Сыпайы әрі сүйкімді,
Мадина жүрер күлімдеп.
Көп сөйлемей Нұрдаулет,
Жүреді ылғи білсем деп.
11) Білімді бала әртіс боп,
Алмас рөл ойнайды.
Салмақты қыз Әсел де,
Ақылмен бәрін ойлайды.
12) Әжесінің еркесі,
Еркебұлан салмақты.
Бақшасымен қоштасып,
Мектепке енді бармақшы.
1.Жүргізуші:
Айналайын балалар,
Алдарыңда мектеп ана бар.
Өздеріңнен өседі,
Өнерпаздар даналар.
7 жасқа жеттіңдер
Алуға терең білімді
Мектепке бағыт алдыңдар.
2.Жүргізуші:
Өсті міне бойларың,
Өсті ақыл-ойларың,
Қуанышқа ортақпыз,
Құтты болсын тойларың.
1-бала
Қош бол енді балабақша,
Өтті сенде бал күндерім.
Бөбегіңдей бесігіңде,
Аяладың, әлдиледің.
Жазу жазып, сурет салып,
Мың бұралып, би биледім.
Достарыммен өлең жаттап,
Алғаш сенде ән үйрендім.
2 бала:
Мектепке енді барамыз,
Оқимыз, сауық құрамыз.
Қашық та болмас арамыз,
Сіздерге келіп тұрамыз.
3-ші бала
Балабақшам мен саяңда,
Еркін ұштым елпілдедім.
Әпкем тартқан орамалдың,
Шашағындай желпілдедім.
Достар едік арамызда,
Ұшатұғын жыр көбелек,
Бір мектепке барамыз ба,
Кетеміз бе әлде бөлек.

4 бала
Балабақшам қош енді,
Әркез аман бол деймін.
Әкем менен шешемді,
Ертіп енді келмеймін.
5-ші бала
Біздер жеті жастамыз,
Сәбиліктен асқанбыз.
Мектеп бізді шақырды.
Қош бол, балабақшамыз,
Бақша біздің панамыз.
Мектеп біздің анамыз.
Ұлағатты ұстаздан,
Оқып білім аламыз.
ӘН «ҚОШ БОЛ, БАЛАБАҚШАМЫЗ»
ЖҮРГІЗУШІ:
Осы тойда өнерлі қане, қайсың бар,
Алға шығып, өлең, тақпақ айтыңдар.
6-бала
Ер жетті деп бөбегім,
Туған анам қуансын.
Болашағым зор менің,
Деп,- Отаным қуансын.
Халқым бізге сенеді.
Намысты ер боп өсеміз,
Қайратты Қазақстанды,
Көркейтіп гүлдендіреміз.
7-бала Тәрбиеші төзімді,
Мейірімді балажан.
Балалықтың қылығына,
Кешіріммен қараған,
Қуыршақ ойнап, доп қуған,
Бала тұлпар баптаулы.
Әр баланың қылығы,
Жадыңызда жаттаулы.
8- бала Ана тілін ардақтап,
Ата салтын біз көрдік.
Сурет салып ән жаттап,
Оқып, жазып үйрендік.
Сүйген өз қыз, өз ұлын,
Бөбегім деп аянбай,
Балабақша өз үйім.
Апай болдың анамдай.
9-шы бала
Сезімді туған баламыз,
Оянды ақыл-санамыз.
Адамдықтың бастауын,
Өзіңнен алып барамыз.
10 бала
Тәрбие берген ұямыз,
Тәртіпті бала боламыз.
Қоштасып балабақшамен,
Әсем әнді саламыз.
ӘН «БІЗ БАҚЫТТЫ БАЛДЫРҒАН»

ЖҮРГІЗУШІ
Жиналайық халайық,
Әсем әнге салайық.
Қоштасуда бәріміз,
Билеп-билеп алайық.
ВАЛЬС: «МЕКТЕП ВАЛЬСІ»
Вальстен соң орындарына отырады.
Жүргізуші: Бүгінгі мерекеге кішкентай топ балалары да құттықтауға келген екен. Балалардың тілегін қабыл алыңыз!
Кішкентай топтың құттықтауларыӘсел: Ерте тұр ерінбе,
Төсекте жатып керілме.
Мектеп сені күтеді,
Таңғы сағат сегізде.
Нұрлан: Оқушының міндеті,
Жазу керек асықпай.
Ал, дәптерге бестіктер,
Тізіліп тұрсын асықпай.
Гүлшат: Ойын қуып ұзақ күн,
Бостан босқа жүрме сен.
Ойынқұмар баланың,
Кім білмейді білімсіз,
Уақыты босқа өткенін.
Бәрі: 4 пен 5-ке оқыңдар,
Оқу білім алыңдар.
Тақпақ айтылып болған соң, мектепалды даярлау топ балалары қуыршақ, ойыншықты сыйлыққа таратады.
ЖҮРГІЗУШІ: Бүгін біздің ән-саз залында соңғы рет жиналып отырмыз. Қуаныш та, кішкене болса да, реніш те болады. Себебі біздің тәрбиелеп өсірген бүлдіршіндерімізді мектепке шығарып салғалы отырмыз. Сіздер мектепте балабақшаны еске алатын боласыңдар. Балабақшадағы әрбір мереке қуаныш пен қызықтарға толы болды. Бүгінгі мереке ерекше. Міне сіздердің алдарыңдағы сиқырлы гүл тілектеріңді орындайды.
ФОНОГРАММА Ішке ӘРІП ЖИНАУШЫ кіреді.
ӘРІП ЖИНАУШЫ: Сәлеметсіздер ме, балалар! Мен әріп терушімін. Әріптерді жеп қойғанды жақсы көремін. Себебі олар өте тәтті. Сіздерге мен қызықты ойын алып келдім. Мен сөздердегі әріптерді ауыстырып қойдым. Сендер сол қателікті табыңдар.
Ойын: «Сөйлемді жалғастыр»
Тамақ жеймін қасықпен
Мен ойнаймын ....................................асықпен.
Жайлау көркі мал
Өзен көркі....тал
Апам берді алма
Сенде одан құр....қалма.
Сүт бетінде қаймақ
Аю деген ......маймақ
Әріп теруші: Енді менің тапсырмам өте қиын. Мен сөздегі қай әріпті жұтып қойдым. Соны шешіп көріңдер.
М КТЕП (К) ДӘПТ ..Р (Е) КІ. АП (Т) т.б.
Әріп теруші: Қандай керемет ақылды балалар.
Жүргізуші: Біздің балалар әнді де жақсы айта біледі.
Әріп теруші: Солай ма? Ендеше мен олардың әнін тыңдап көрейін.
ӘН «ТӘРБИЕШІ»
Әріп теруші: Рахмет балалар, сіздермен уақытым көңілді өтті. Мен сендерге мектепте сәттілік тілеймін.
ЖҮРГІЗУШІ: Енді екінші гүлдің дестесін алып көрейік. Бұнда не құпия бар екен. Гүлдің дестесін алған кезде, фонограмма ойналып, Тентекбай кіреді.
ТЕНТЕКБАЙ: Сәлем, менің тентек достарым! Қалайсыңдар! Сендер не істеп отырсыңдар? Бұл қандай мереке, бәрің жиналып қалыпсыңдар ғой.
ЖҮРГІЗУШІ: Бүгін бізде «Балабақшамен қоштасу» ертеңгілігі.
ТЕНТЕКБАЙ: Ой, мектеп деген өте жаман. Сабақ оқи бересің, оқи бересің. Бастарың жасаса бармаңдар. Мына мен сияқты жүрмейсіңдер ме? Рахат, ойын ойнап емін-еркін жүресің. Мен сендерге құстарды ататын рогатка, бір-біріңді қорқытатын мылтықты сыйлыққа беремін. Міне мынау түйме (кнопка) үстелге қоясың. Біреу отырып қалса, өздерің білесіңдер. Сендерге осындай сыйлық керек пе?
БАЛАЛАР: Жоқ
ТЕНТЕКБАЙ: Олай болса мен сендерді өзімнің қарақшы достарыммен таныстырып өтейін.
Осы кезде екі бала кіреді.
Достарым жанымда,
Бүлдіреміз бәрін,
Кездессе жолында.
Қашып кетті бәрі,
Дірілдеп аңдары.
Алыс жаққа ұшты,
Шырылдап құстары.
Сындыру, шағу, барлығын жою,
Қандай керемет.
Осындай өмір.
ЖҮРГІЗУШІ: Тентекбай сенің мұндай сыйлығыңның да, қарақшы достарыңның да керек емес.
ТЕНТЕКБАЙ: Сонда сендерге не керек?
ЖҮРГІЗУШІ: Біздің әдемі гүліміз бар. Қазір біздер не тілесек, тілегімізді орындайды. Біздің сүйікті достарымыз қонаққа келеді.
ФОНОГРАММА ойналады.
1 ҚАРАҚШЫ: Бізге мына
2 ҚАРАҚШЫ: Гүл күлтесі керек.
ТЕНТЕКБАЙ: Гүлді жұлып алып қаша жөнеледі.
БУРАТИНО кіреді:
БУРАТИНО: Сәлеметсіздер ме, балалар маған Карло әкем сөмке алып беріп, мектепке жіберді. Бірақ менің барғым келмей тұр.

Осы кезде Мальвина кіреді
МАЛЬВИНА: Сен мында жүр екенсің ғой! Пьеро, Артемон қане мында келіңдер, мен сендерді сабаққа дайындайын.
Осы кезде КАРАБАС (ҚАРАСАҚАЛ) кіреді
ҚАРАСАҚАЛ: Сендерді таба алмай жүрсем, мында екенсіңдер ғой Көрермендер болса жиналып күтіп отыр. Ал мен болсам сендерді іздеп жүруім керек. (аяғын соғады) Қане, тез сахнаға шығыңдар!
БИ «БУРАТИНО»
ЖҮРГІЗУШІ: Мен гүл күлтесін тағы алып көрейін. Ол бізге көмектесе алады ма екен.
Әуен ойналады, бишілер кіреді.
Би: «Жігіттер» (джентельмены)
ЖҮРГІЗУШІ: Жігіттер! Бізге сиқырлы гүлдің күлтесін әкеліп беруге көмектесіңдерші. Ол гүлдің күлтесін Тентекбай қасындағы қарақшы достарымен келіп алып кетті.
ЖІГІТТЕР бәрі: Біз сіздерге міндетті түрде көмектесеміз.
ЖҮРГІЗУШІ: Біздің жігіттеріміз әкеліп бергенше көңілімізді көтеріп, қонақтармен ойын ойнайық.
Ойын «Сөз ойла, тез ойла»
1 ҚАРАҚШЫ: Көмектесіңдер!
2 ҚАРАҚШЫ: Құтқарыңдар!
ТЕНТЕКБАЙ: Мә алыңдар гүлдеріңді. ( лақтырып қаша жөнеледі)
ЖҮРГІЗУШІ: Қандай жақсы болды, біздің гүліміздің сабағын қайтарып берді. Жігіттерге көп рахмет!
Гүлдің күлтесін алған кезде жәй әуенмен Білім ханшайымы кіреді.
БІЛІМ ХАНШАСЫ: Армысыңдар, қонақтар мен балалар! Бүгінгі мерекелерің құтты болсын.
Армысыңдар аналар,
Ақ жаулықты даналар.
Үміт артып ұрпаққа,
Ақ жол тілер даналар.
Армысыңдар, әкелер,
Ақыл-сана әперер.
Әкелердің ақылы,
Болашаққа жетелер.
Қуанышқа кенелген,
Жадырайды жүздерің.
Аттанбақшы мектепке,
Баптап өскен гүлдерің.
Құтты болсын қадамы,
Өрге жүзсін өнермен.
Бестік біліп алғаны,
Шарықтасын біліммен.
Армысыңдар балғындар,
Ұстаздан білім алдыңдар,
Мектеп ана күтуде,
Гүлдей жайнап барыңдар.
ЖҮРГІЗУШІ: Білім ханшасы сіздің келгеніңз қандай жақсы болды. Біздің балалар мектепке дайын. Балалардың білімін тексеріп көрсеңіз болады.
БІЛІМ ХАНШАЙЫМЫ: Ендеше дайын болсаңдар, тексеріп көрейін.
ЛОГИКАЛЫҚ ТАПСЫРМАЛАР
Шығармақ боп кеше есеп,
Жиналды 5 есек,
Үшеуі ұйықтап қалады,
Ынталысы неше есек.
Бір-бірімен жарысқан,
2 аю, 1 арыстан.
2 қоян, 3 түлкі.
Бәрі нешеу ойлан сен?
Тал басында тізіліп,
10 жапырақ тұр еді.
Жел соқты да үзіліп,
Ұшып кетті екеуі.
Тұр әлі де ілініп,
Жапырақтың нешеуі.
Тауық шықты көшеге,
Ерді барлық шөже де,
Алға кетті 7-уі,
Артта қалды 3-уі.
Санай алмай барлығын,
Есі шықты тауықтың.
Сен есепте, балақан,
Қанша еді балапан.
БІЛІМ ХАНШАЙЫМЫ: Өте жақсы балалар, менің тапсырмаларымды мүдірмей орындадыңдар.
ЖҮРГІЗУШІ: Балалар барлық жағынан да дайын. Ән айтудан, би билеуден де алдарына жан салмайды.
ЖҮРГІЗУШІ:
Қош балалар бақшасы,
Естен кетпес есімің.
Қош балалар бақшасы,
Алғаш ашқан есігім.
ӘН « БІЗ БАЛАУСА БАЛАМЫЗ»
ЖҮРГІЗУШІ:
Қыздарымыз көңілді,
Шақырайық ортаға.
Мерекеге сән беріп,
Би билесін әдемі.
БИ «ЛЕНТА МЕН ГҮЛДЕР»
БІЛІМ ХАНШАЙЫМЫ: Мен сендердің өнерлеріңе өте ризамын. Мен сендермен қызықты ойын ойнағым келіп кетті.
ЭСТАФЕТАЛЫҚ ОЙЫН «СӨЗ ҚҰРАСТЫР»
БІЛІМ ХАНШАЙЫМЫ: Мен сіздердің мектепке дайын екендеріңе көзім жетті. Менің де кететін уақытым да жақындады. Мектепте тек 5-ке оқиды деп сенім артамын.
БІЛІМ ХАНШАЙЫМЫ шығып кетеді.
ЖҮРГІЗУШІ:
Сәби көңіл шалқысын,
Жабырқауды білмесін.
Ән шырқайық жырлайық,
Тойымыз біздің жалғассын.
ӘН « ТӘРБИЕШІ АПАЙ»
Балалар әннен соң шығып кетеді. Балалар дайын болғанша ата-аналармен ойындар ойналады.
Ойындар: «Балаңды еркелетіп қалай атайсың?», «Шаш өру»
ЖҮРГІЗУШІ: Қазір біздер балаларымызды соңғы рет ән-саз залына шақырамыз.
Жүргізуші:
Бақшаменен қош айтысып барады,
Енді қолға кітап, қалам алады.
Ата-аналар қуанышқа ортақ бол,
Азамат боп, шықты міне балаңыз.
1.Жүргізуші:
Айналайын гүлдерім,
Ақ шуақты күндерім.
Ерекше қызық тілдерің,
Естен кетпес үндерің.
2.Жүргізуші:
Жүректерде ән жырласын,
Қимас қымбат адамға.
Жыр сыйласын, гүл сыйласын,
Тілек айтсын апайға.
Директорға:
«Айналайын» аталған,
Біздің әсем бақшамыз.
Бәрімізді басқарған,
Райзадай апамыз.
Еңбегіңіз көкке өрлеп,
Табысты болсын әрқашан.
Сәбилік пәк жүрекпен,
Ұмытпаймыз ешқашан.
Әдіскерге:
Басшымыздан кейінгі,
Үлгі-өнеге беретін.
Бердіханқызы Гүлмира,
Бәрі жақсы көретін.
Апайларға ақылшы,
Бағыт беріп отырған.
Әдіскер-ол қамқоршы,
Жаңалыққа шақырған.
Есепшіге:
Бақшамыздың есебін,
Шығарады жаңылмай.
Ойыншық,тамақ-бәріне,
Қалмайды ақша табылмай.
Есепші апай-Айсәуле,
Осыларды ойлайды.
Бөбектерің өзімен,
Қоштасуға қимайды.
Завхозға:
Бақшадағы бар жұмыс,
Завхоз апа қолында.
Аянбайды,береді,
Бөбектердің жолында.
Күлім қағып жүреді,
Үміт апай әдемі.
Іздей қалсаң бақшадан,
Табылады үнемі.
Мейірбике:
Ақ халатты киіп-ап,
Саулығыңды ойлаған.
Ауыра қалсаң сәл ғана,
«Дәрі іш»деп қоймаған.
Мейірбике апамыз,
Наташаға әр кезде,
Мың алғысты айтамыз,
Мәңгі қалат ол есте.
Аспазшылар:
Бізге арнап күн сайын,
Тәтті тағам пісірген.
Шебер қолды аспазшы,
Анамды есте түсірген.

Тамсанамыз әрдайым,
Тамағы балдай жегенде.
Галя, Сауле, Эльмира,
Апайларым жүргенде.
Тәрбиешілерге:
Күні бойы біздермен,
Бірге оқиды сабақты.
Ойын-ойнап,би-билеп,
Бірге ішеді тамақты.
Өнер-білім үйреткен,
Еңбектерін ақтаймыз.
Назгүл менен Аққудай,
Апайларды ұмытпаймыз.
Алғашқы бізге ұстаз боп,
Мәңгі есте қалдыңдар.
Жолымызға гүл сеуіп,
Шығарып бізді салдыңдар.
Көмекшіге:
Анамыздай көңілді,
Бізге тамақ береді.
Тап-таза ғып бөлмені,
Бізді жақсы көреді.
Көмекші апай-Жаңылды,
Қалай көңіл қияды.
Қылығымыз біздердің,
Жүрегіне сыяды.
Өзін-өзі тану мұғаліміне:
Бақшамызда үйретті,
Өзін-өзі тануды.
Мықтап қолға ұстатты,
«Білім» атты қаруды.
Айжан апай салмақты,
Сабырменен сөйлейді.
Бүлдіршіндер бүгінде,
Қиялмастай күйге енді.
Бишіге:
Ырғағына әуеннің,
Мың бұралтып билетті.
Әрбір ұлттың билерін,
Ерінбемтен үйретті.
Қимылымен өзінің,
Тамсандырды біздерді.
Наталья Дмитриқызына,
Рахмет дейміз сізге енді.
1 бала:
Мектепке енді барамыз,
Үлгілі оқушы боламыз.
Жақсы рқып сабақты,
Кілең бестік аламыз.
2 бала:
Баулап баптап өсірдіңіз,
Балалық етсек кешірдіңіз.
Ұмытпаймыз өзіңізді,
Ұмытпаймыз сөзіңізді.
3 бала
Өздеріңді ұмытпай,
Есімізге аламыз.
Ұмытпасын деп әрқашан,
Әсем әнді саламыз.
ӘН «АҚЫЛШЫ МҰҒАЛІМ»
ЖҮРГІЗУШІ:
Мойытпасын қиындықтар сендерді,
Батылдықпенасыңдар сан белдерді.
Білімдеріңмен қуантыңдар мектепті,
Жақсы іспен қуантыңдар біздерді.
ӘН « БҮЛДІРШІНДЕР ӘНІ»
ЖҮРГІЗУШІ:
Тілегі мол, жүрегі нұр қашанда,
Бала үшін көп уақыты бақшада.
Шақырайық балабақша директорын,
Райза Тимербекқызын ортаға.

Директорға сөз беріледі. Диплом тапсыру
ЖҮРГІЗУШІ:
Бізге сыйлап сыңғырлаған күлкіңді,
Сәбилерім жүздеріңе нұр тонды.
Бізден ұшып қанат қағып есейдіңдер,
Өздеріңмен қоштасатын күн туды.
Бізден ұшып қанат қағып есейдіңдер,
Жүректерден арман отын жағыңдар.
Жақсы оқып алтын ұя мектепте,
Бұл өмірден бақыт жолын табыңдар.
Бәріңді де сәбиім деп сүйетін,
Өздеріңді сағынып біз жүрейік.
Құтты болсын қадамдарың аттаған,
Біз сіздерге сәт сапар тілейік.