Ерте?гілік.Та?ырыбы: ?ош бол, балаба?ша!


Тақырыбы: «Қош бол, балабақша!»
Мақсаты: Балалардың білімі деңгейін шыңдап, бақшамен қоштасуын сезіндіру. Адамгершілікке, сыйластыққа тәрбиелеу.
Көрнекілік:
Жүргізуші: Құрметті ата-аналар, балабақша қызметкерлері бүгін ерекше күн. Өйткені бүгін бір бірнеше жыл тәрбиеленген бүлдіршіндерді ұядан ұшырып, мектепке шығарып салғалы отырмыз. Мерекелеріңіз құтты болсын!
Өтті қызық көп күндер,
Бес жасқа жеттіңдер.
Барасыңдар мектепке,
Бір белестен өттіңдер.
Өсті ақыл ойларың,
Өсті міне бойларың.
Қуанышқа ортақпыз,
Құтты болсын тойларың!
Балабақша түлектерін қарсы алайық!
Тақпақтар:
Бала, бала, баламыз, Балабақша бесігім,
Бақшамызға барамыз. Тағы бір той жасайық.
Күні бойы қызыққа, Ашып мектеп есігін,
Батамыз да қаламыз. Өзіңмен қоштасайық.
Біз қандаймыз, қандаймыз, Талай қызық той өткіздік,
Шұғылалы таңдаймыз. Бірақ орны бөлекше.
Күлімдеген күндейміз, Бақшамызбен қоштасатын.
Еш уайымды білмейміз. Бүгінгі той ерекше.
Бес жасқа толамыз, Ана тілін ардақтап,
Әдепті бала боламыз. Сурет салып, ән жаттап.
Қуантып ата-ананы, Ана салтын біз көрдік,
Мектепке кетіп барамыз. Оқып жазып үйрендік.
Хор: «Анашым»
Аудандық «Жауқазын» өнер фестивалі байқауында көркем сөз оқудан 3 орын жүлдегері атанған Утепберген Альбина мен Тұрлан Абзалдың көркем сөзін тыңдаңыздар.
Жүргізуші: -Балалар «5» деген бағаны білесіңдер ме?
Балалар: -Білеміз.
Жүргізуші: Қане айтыңдаршы бестік баға қандай балаларға қойылады?
Балалар: -Тәртіпті, сабақты өте жақсы оқыған балаларға қояды.
«5» баға Құрметті де сүйікті балалар! Мен сендерге «Білім ханшайымы» балаларды мектепке барар алдында білімдерін тексеріңдер деп жіберді. Менің қолымда тапсырмалар жазылған билеттер бар. Сол билеттердің жауабын орындалуын талап етеміз. Мен сендердің жауаптарыңа қарап, мектепке даярлықтарыңды тексеремін. Мен билеттердң алып оқимын, ал сендер сұраққа жауап беріңдер.
Жүргізуші: Құрметті ата-аналар бір жыл бойына осы бүлдіршіндердің балабақшадан қандай тәрбие алды екен, не оқып білді екен деген сұрақтарыңызға жауап алады деп ойлаймын.
«5» баға: -Біз қандай мемлекетте тұрамыз?
-Қ.Р. президенті кім?
-Қ.Р. әнұранын орындаңдар.
-Бір жылда неше жыл мезгілі бар. Атаңдар қазір қай мезгіл?
- 1-10 дейін тура және кері санаңдар.
- Геометриялық фигураларды ата.
- Сендердің балабақшаларың қалай аталады?
- Бақшамыздың директоры кім?
- Әдіскерінің аты кім?
- Топта неше баласыңдар?
- Топтарың қалай аталады?
Балалар хормен, жекелеп жауап береді.
Бестік баға: Рахмет балалар. Енді сендермен қоштасатын кез келді. Мен « Білім ханшайымына» сендердің мектепке дайындықтарыңды жақсы екенін айтып барайын. Балалар мен сендерге «Білім ханшайымының» табыс ет деп берген «Білім кілтін» апайларыңа тапсырайын.
Ал балалар сабақты жақсы оқып, тек бестік баға алыңдар. Сау болыңдар!
Ер балалар биі: «Қуыршақ»

Жүргізуші: Құрметті ата-аналар, апайлар, балғын бүлдіршіндер, өздерін тәрбиелеп,
мәпелеп өсірген тәрбиеші апайларына алғыстарын бір бір шумақ өлең
жолдарымен білдіргелі тұр.
Орын берген бақшадан, Витамин жеп қолыңнан,
Директор апай жақсы адам. Өскен сәби баламыз.
Сондықтан да біз үшін, Дәрігер апай сіздерге,
Орны бөлек басқадан. Алғыс айтып барамыз.
Тамылжыта ән салдырып үйреткен, Баулап баптап өсірдіңіз,
Мың бұралта биімізді билеткен. Тентек болсақ кешірдіңіз.
Сазгер апай сізге де алғыс айтамыз, Ұмытпаймыз өзіңізді,
Мың қайтара сәби бала жүрекпен. Ұмытпаймыз сөзіңізді.
Ұстаздардың ұстазы, Ұзарады бойымыз,
Тәрбиенің ұстасы. Толысады ойымыз.
Ырза сізге бәрі де, Азаяды ойынымыз,
Ұмытпаймыз сізді де. Өйткені біз күн санап,
Әдіскерге көп рахмет. Өсіп келе жатырмыз.
Хор: Балдырғандар маршы.
Би: «Айгөлек»

Бізге тәртіп үйреткен, Мыж-мыж етіп тастаған,
Ән салдырып билеткен. Киімімді өтектеп.
Таныстырған ең алғаш, Әжем бұрын бақшаға,
Әріптермен суретпен Апаратын бақшаға.
Жақсылыққа құмармыз, Еркелігім аз енді,
Жақсы адам боп шығамыз. Бүгінде есті баламын.
Таза сәби жүректен Мазаламай әжемді,
Қабылдаңыз мың алғыс, Мектепке өзім барамын.
Тәрбиеші апайлар.
Ән: «Қуыршақ»
Аудандақ «Жауқазын» өнер фестивалінің ән айтудан 3 орын иегері Темірбек Диляраны шақырамыз.
Оқимыз білім аламыз, Мектеп біздің панамыз,
Болашақ жолын саламыз. Мектеп біздің анамыз.
Бақшамен қоштасып, Ұлағатты ұстаздан,
Мектепке кетіп барамыз. Оқып білім аламыз.
Құшағыңда жарқылдап, Мектепке ертең барамыз,
Өтті қызық күндерім. Оқимыз, білім аламыз.
Би биледім, ән тыңдап, Ойыншықпен қоштасып,
Алаңдауды білмедім. Сабақта болар санамыз.
Хор: Тәрбиеші.

Жүргізуші: Бүгін міне қоштасады бал-бұлақ,
Ән менен жырына тыңдармандар сал құлақ.
Кеше сәби бүгін міне жас ұлан,
Лаулап жансын болашығың шамшырақ- деп бүлдіршіндерге сәт сапар тілей отырып кезекті құттықтау сөзге береміз.
Үлкендердей тап-таза, Балабақшам қош енді,
Жазамыз бормен тақтаға. Әркез аман бол деймін.
Үлгілі бала боламыз, Әкем менен шешемді,
Жүретіндей мақтана. Ертіп енді келмеймін.
Тәрбие берген ұямыз, Қош балалар сәт сапар,
Тәртіпті бала боламыз. Бақытты бәрің болыңдар.
Қоштасып балабақшамен, Жақсы оқып сабақты,
Дайындыққа барамыз. Кілең бестік алыңдар.
Хор: Біз мектепке барамыз.
Құттықтау сөз.