?ош бол, балаба?шам! ерте?гілік


Қош бол, балабақшам!
1 – жүргізуші. Шахмардан
- Сонда біз бүгіннен кейін балабақшаға келмейміз бе?
2 – жүргізуші. Әділжан
- Балабақшамызды, апайларымызды, бір – бірімізді сағынамыз ғой!
1 – жүргізуші. Шахмардан
- Қалайша қоштасамыз?
1- тәрбиеші: Гүлфира
2- тәрбиеші: Күлмараш
2 – жүргізуші. Әділжан
Мұнда талай қызықты күндер өткіздік. Ойнадық, биледік, ән салдық...
1 – жүргізуші. Шахмардан
- Иә, иә! Мүсіндеуді, сурет салуды, тақпақтар айтуды тағы – тағы көп өнерді үйрендік. Ең бастысы – бір үйдің балаларындай бауырласып кеттік!
2 – жүргізуші. Әділжан
Қоштасу қандай қиын?! Бір – бірімізді ұмытпау үшін не істесек екен?
1 – жүргізуші. Шахмардан
- Қой достым – ау екеуміз көп сөйлеп кеткен сияқтымыз.
2 – жүргізуші. Әділжан
- Ендеше ортаға бүлдіршіндерді шақырайық
1. Арайлым
2. Санжар
3. Айша
4. Саян
5. Нұрниса
6. Азиз
7. Алишер
8. Әділжан
9. Ақзере
10. Азиз
11. Анеля
12. Сүйінбай
13. Мағжан
14. Шахмардан
15. Нұрислам
1 – жүргізуші. Шахмардан
Әнұран орындалады
2 – жүргізуші. Әділжан
Сөз кезегін мектеп директоры Гүлзада Маратқызына береміз.
Ханша:
1 – жүргізуші. Шахмардан
Сіз кімсіз? Неге айқайлайсыз?
2 – жүргізуші. Әділжан
Біздің тәрбиешіміз айқайламайды. Мейірімді, білімді және жақсы дос
Ханша:
1 – жүргізуші. Шахмардан
Жо – о оқ! Біз сіздің тәрбиеші болғаныңызды қаламаймыз!
Ханша:
2 – жүргізуші. Әділжан
Қуанышымызға бірге қуанып, қиындықтарымызға төзе білген бар мейірімі мен ақ тілегін арнаған, қамқор да жанашыр жандар – аяулы апайлар!
Екеуі бірге: Мың алғыс сіздерге!
Ән: Балабақшам.
Тілші бала: Нұрислам.
Дәл осы сәттегі сезіміңіз? ( көрермендерге барады)
Тілші бала: Бізге деген ақ тілегіңіз?
Тілші бала:
Ән: Үйренеміз бақшада біз
1 – жүргізуші. Шахмардан
Бүгінгі күні бізден де артық толқып, қуаныш пен тебірініске бөленіп отырған тап бір жанымызға жақын, аяулы жандар бар. Олар біздің...
Екеуі бірге: Ата – аналарымыз!
2 – жүргізуші.Әділжан
Біз сіздерді жақсы көреміз! Тентек болмауға, мектепте үздік оқуға уәде береміз! Үміттеріңізді аяқтап, жақсы азамат болып өсеміз! Бәрі – бәрі үшін...
Екеуі бірге: Көп рахмет!
Ән: « Ата – ананы тыңдаймыз!»
1 – жүргізуші. Шахмардан
- Ал ойыншықтарымызды қайда қалдырамыз?
2 – жүргізуші. Әділжан
- Әрине, өзімізден кейінгі кіші топтағы бүлдіршіндерге сыйлаймыз. Өздері қайда жүр екен?
Ортаға шақырайық, келе қойыңдар, балапандар!
Ән: «Қалсын апам қуанып» (кішкентайлардың орындауында)
1. Бір бақшада бірге өстік,
Көп жақсыны үйрендік!
Шығарып сап мектепке,
Құттықтауға біз келдік.
2. Амал қанша бұл анық,
Қоштасатын кез келді.
Ойыншықтар мұңайып,
Іздейтін болды – ау сіздерді.
3. Балабақшамызды ұмытпаңыздар!
4. Мектепке баратын қуаныштарыңыз құтты болсын!
Біздің топтан бала барады.
Айша: Бірге ойнап, бірге жүрген,
Күндерді бізде қимаймыз,
Естелік болсын біздерден,
Ойыншықтарды сыйлаймыз – деп, сыйлықтарын береді.
1 – жүргізуші. Шахмардан
Келешекте кім қандай маман иесі болатынын балалар өздері айтып береді.
1 – бала: Саян.
Мен генетик ғалым болғым келеді. Қартаймаудың, жүздеген жылдар жасаудың құпиясын ашам деймін.
2 – бала: Санжар
Ал мен бұрыштары жоқ үй тұрғызып архитектураға жаңа жаңалық енгізгім келеді. Сонда тнетек балалар бұрышқа тұрмайтын болады!
3 – бала: Анеля
Ал мен келешекте әйгілі әнші болып, қазақ әндерін әлемге мойындатқым келеді.
Ән: «Тұлпарым»
4 – бала: Азиз
Армандардың орындалғанына не жетсін?!
Мысалы мен өскенде президент болғым келеді. Н.Назарбаев ата секілді көпшіліктің арман – тілегінің орындалуына үлес қоссам дейммін.
( экранда Н.Ә.Назарбаевтың «Балапан» бағдарламасын іске қосу, балабақшаларды көбейту туралы бейне жазбасын көрсету).
Экранда лента қиылып жаңадан ашылып жатқан балабақшалар, балабақшадағы балалар өмірі көрсетіледі.
Ән: «Біз бақытты баламыз»
Тәрбиеші: Балалар! Мен сендерді өз ойларыңмен жеке қалдырайын. «Мен қандай баламын?» деген сұраққа жауап іздеп көріңдерші...
2 – жүргізуші. Әділжан
Шынымен, біз осы қандай баламыз? Ойланып көрейікші...
Екеуі бірге: Ақылды, бақытты, сүйкімді баламыз.
Тәрбиеші: Керемет, балалар, мен сендерге ризамын!
Ғалым: Сонымен ақылды.
Ғалым: Бұл қалам – тілектер қаламы.
Тәрбиеші: Қызық екен! Осы заманда да сиқырлы
- Балабақшам