Т?рбие са?аты: Та?ырыбы: Наурыз-жыл басы (1-сынып)


Тақырыбы: Наурыз-жыл басы
Мақсаты: Оқушыларға наурыз мерекесі туралы мағлұмат беру, мән-мағынасын ұғындыру.
Ұлттық салт-дәстүр түрлерін айта отырып, рухани жан дүниелеріне әсер ету.
Тәрбиелік мәні: Салт-дәстүрді сыйлауға, ұлтын сүюге, адамгершілікке, сыпайылыққа тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Киіз үй макеті, түскиіз, суреттер, нақыл сөздер.
Барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
Музыка әуенімен оқушылар сыныпқа кіреді.
Кіріспе:
Наурыз мерекесі туралы мағлұмат беру
Әлішер:
Армысыздар халайық,
Бармысыздар халайық
Наурыз тойын жұп жазбай
Жылда қарсы алайық
Науан:
Мереке- Наурыз- жыл басы
Наурыз тойы құтты болсын.
Дендеріңіз сау мықты болсын.
Аман-есен болайық.
Наурыз әні хормен
Нұрғасыр:
Уа, ағайын, халайық,
Мұнда назар салайық.
Мерекесі халықтың
Наурыз тойын бастайық.
Елдар:
Жылдың басы-Наурыз.
Жырдың басы-Наурыз
Мерекеге арналсын.
Бүгінгі жыр әніміз.
Нұрай:
Көктем келді, Наурыз келді
Жер көгерді, ел көгерді.
Дастарханын жайып дархан.
Жақсылықпен бақыт шашқан.
Ерзат:
Әнім де саған, биімде,
Құт қонақ өзің үйімде.
Қуаныш сыйлап еліме.
Күлімде, наурыз, күліде.
Ортаға Наурыз шығады.
Еңлік:
Ата-бабам тойлаған,
Наурызым, армысың.
Қызығына тоймаған.
Құтты болсын жаңа жыл.
Құтты болсын, Наурызым.
Әсем:
Сені күттім, Наурызым.
Көктем боп қашан келер деп,
Берекелі мерекең
Қуанышқа бөлер деп.
Аяна:
Көктемім төкті нұрды
Көңілдің кетті мұңы
Кел достар ән шырқайық,
Ұлыстың ұлы күні.
Қошақаным әні: Дильназ, Әлішер, Нұрай, Еңлік.
Жанель: Күттіріп келген жыл басы,
Бізбенен бірге жырлашы.
Дастарханыма елімнің,
Береке ырыс сыйлашы.
Дильназ:
Қырандай боп ұл өссін.
Шынардай боп қыз өссін
Таң аттырып мешін жылы,
Тыныштықты күзетін.
Нұрай.
Кең даланың ежелгі
Қазақ дейтін халқымыз.
Өзге ұлттай біздің де,
Бар дәстүр мен салтымыз.
Дархан дала, қарлы шың,
Қауыша алмай қанша жыл.
Әсем:Қалдық сенен адасып,
Сағынды қыз, аңсады ұл.
Төрле, есіктің бәрі ашық.
Мерекені байырғы
Алды халқым қабылдап,
Ақ дастархан жайылды.
Ошақта от жалындап.
-Наурыз мейрамы жылдың қай мезгілінде келеді екен?
-Көктемді қалай сипаттауға болады?
Дильназ:
Шомылып нұрға атырап,
Ағаштар жайды жапырақ.
Далаға бірден таралды.
Гүлдерден жұпар шашырап.
Би: Еңлік
Ән: Зеңгір көктем. Елдар, Әсем, Алтынай, Аяна.
Алтынай:
Жайнап көктем нұрымен
Жаңа дәстүр жырыен
Бақша гүлдер сайрайды.
Ел наурызды тойлайды.
Мына жерде сүт болып.
Аққа айызымыз толады.
Бар жақсылық болады.
Жанель:Би билейміз, ән салып
Наурыз таңын қарсы алып.
Тәтті әнді таңырқап.
Тыңдайды ел тамсанып.
Би: Жанель
Жақсымен жаман Нұрай, Әлішер.
Ақтілеу:
Кәнеки қарсы алайық, жылдың басын.
Қосылып басқа басың, жасқа жасың.
Барайық төрт көз түгел, келер жылға,
Аман боп алыс жақын кәрі жасың.
Жаңа жыл:
Жылан жылын шақыру. Ерзат келеді.
Мен келдім міне ортаңызға,
Амандық тілеп баршаңызға.
Саулығын берсін дейміз бәрімізге
Жеткенше келесі жаңа жылға.
Қожанасыр: Нұрғасыр келеді.
Армысыздар балалар,
Армысыздар халайық
Мен Қожамын.
Ақпейілді дос боламын.
Ұлттық ойын түрі: Арқан тарту.
Ақтілеу:
-Сондай бала болама?
Беті қандай кір еді!
Айниды адам жүрегі.
Көрсе осы бір кескінін ,
Күледі-ау, жұрт күледі.
Сондай бала болама?
Сенде оған жолама!
Самалық айту. Алтынай мен анасы Мая.
Қожанасыр: Осы тойға міндетті түрде Қыдыр ата келуі керек. Мен сиқырлы сырнайымды үш рет ысқырсам Қыдыр атаның құлағына жетеді.
Науан- Қыдыр ата:
Амансыңдарма, қарақтарым. Мына жылан жылымен құттықтай келдім. Ал енді маған қандай сыйларың бар.? Не үйреніп, не білдіңдер? ( Оқушылар жаттаған тақпақтарын, жұмбақ, мақал- мәтелдерін айтып береді). Ал енді балалар сыйлықтар алып келдім. Алу үшін артындағы сұрақтарға жауап беріңдер.
Қанша тақпақ білесің?
Тыйым сөздерді айт
Жұмбақтарды шеш.
Әріптерді ата
Сандарды ата
Бата беру: Қожанасыр
Жылан жылы құтты болсын
Жер бетінде жұғымды болсын.
Береке, бақыт әкелсін!
Ырыс, ынтымақ сыйласын! Аумин!
Аяна: Рахмет сізге Қыдыр ата. Әрқашан ұрпақтарыңызды қолдап, қорғап жүре беріңіз.
Қожанасыр: Сау болыңдар, балалар!
Балалар: Сау болыңыз, Қыдыр ата.
Кимешек киген әже шығады. Жанар, Еңліктің анасы.
-Ұлыс күні қазан толса, ол жылы ақ мол болар. Ұлы кісіден бата алса, ол жылы ақ жол болар,- дегендей, ортамызға келген жаңа жыл құтты болсын, балалар! Наурыз шашуы жұғысты болсын.
үлкен әжелер шашу шашты.
Наурыз мейрамында беріетін қасиетті тағам туралы мағлұмат беру. Әсемнің анасы Эльмира.
Наурыз көже
Ашық болсын қос қабақ,
Таспен атқанды аспен ат.
Бейтаныс та, таныста,
Бүгін бізде бас қонақ.
Арпа, бидай тары екен.
Қатық, малта-ағы бар.
Ішілетін, жейтіннің
Бұл көжеде бәрі бар.