2-3 сынып о?ушылары ?шін біріктірілген саба? Наурыз — жыл басы


Сабақтың тақырыбы: Ө. Ақыпбеков. « Наурыз- жыл басы ». 2- сынып.
М. Дулатов. « Қош келдің, Наурыз! » 3- сынып.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларды ұлттық мейрамдардың бірі- Наурыз мейрамы туралы білетіндерін жаңа мағлұматтармен толықтыру, өлең мен әңгіменің мазмұнын ашу.
Дамытушылық: Ұлттық мейрам мен салт- дәстүрге деген оқушылардың рухани қызығушылықтарын арттыру. Оқушылардың ой- өрісін дамыту, өзіндік талдауға, өз ойын әдеби тілмен жеткізе білуге машықтандыру.
Тәрбиелік: Оқушыларды әдет – ғұрыпты сақтауға тәрбиелеу.
Қолданылатын әдістер: түсіндіру, сұрақ- жауап, эссе, ойын, тест.
Көрнекілігі: тақырып мазмұнына сай суреттер, сөзжұмбақ.
Сабақтың түрі: дамыта оқыту.
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі.
I. Кіріктірілген бөлім. Оқушылардың қызығушылығын ояту.
Мұғалім:
-Балалар, қазақ халқының ұлттық мейрамы қалай аталады ?
-Наурыз мейрамы.
-Наурыз мейрамының басқа мейрамдардан айырмашылығы неде ?
-Наурыз мейрамында барлық адамдар бір-бірін құттықтап, көтеріңкі көңіл күйде болады. Наурыз көже пісіріледі.
-Олай болса, бүгінгі сабақта ұлттық мейрамымыз Наурыз жайында және наурыз көженің қалай жасалатындығы жайлы айтылған шығармалармен таныс боламыз.
II. Сараланған бөлім. Операциялық- орындаушылық кезең.
2- сынып 3- сынып
Оқулықпен жұмыс.
Өтепберген Ақыпбековтың « Наурыз-жыл басы » өлеңін түсініп оқу. Өзіндік жұмыс.
Міржақып Дулатовтың « Қош келдің, Наурыз! » мәтінін оқу.
Суретпен жұмыс жүргізе отырып жаңа сабақты түсіндіру.
Төрткүл әлем түгелдей қайта түлеп, жер – ана бусанып, бір жасарып, жаңғы-
ратын күн- Наурыз. Наурыз- дүниеге түгелдей тілектес мұсылман халықтың кең пейілін, тіршіліктегі достықты, бірлікті мұрат еткен мереке.Парсы тілінде « руз »-күн дегенді білдіреді. « новруз » -жаңа күн деп аударылады. Демек, ол- жыл басы, көктем мерекесі, табиғат мейрамы, шаруа –диқан қуанышы, ырзық- несібе басы.
Ұлы мереке күні әр үйде ақ дастархан жайылып, әже – апаларымыз дайындаған Наурыз көжеден дәм татқан. Ол ақ; сүт, айран, қатық; қызыл: қысқы соғым еті; дән: бидай, арпа, тары, күріш, бұршақ және көк: жуа, сарымсақ, сәбіз, тұз, қамыр және т. б. түрлі дәмнен дайындалады.
Жұртшылық пендешілік атаулыдан арылып, даулы болса – кешіріп, табысып, көңіл жарасымына ұмтылған. « Ұлыс күні алдыңа келсе, атаңның құнын кеш » деген сөз осыдан қалған болар. Ұлыстың ұлы күні – Наурыз батасы жылулық пен жарық, ай нұрындай ақ жол боп, бірлік пен тірлікке бастайды. « Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын! » деген ақ тілекпен бата жалғасып жатады.
Өлеңді екі бөлікке бөлдірту. Әр
бөліктегі ақынның ойын өз сөздерімен әңгімелету. 2.Сөздікпен жұмыс.
Байлаулы- байланысты.
Деуге сыяды- деуге болады.
Тіршіліктің арқауы – тіршіліктің көзі.
Шаруа кенеледі – мал тойынады.
3.Сұрақтарға жауап беру.
1.Қандай мейрам түрлерін білесіңдер ?
2. Наурыз тойын кімдер тойлайды ?
3. Қазақ пен қырғызда неге ерекше тойланады ?
4. Қазақтың негізгі күнкөрісі не болған ?
5. Наурызды жақсы қарсы алу үшін не істеу керек ?
1-бөлік
Көктем мезгілі. 2-бөлік
Наурыз мейрамы. Күннің көзі жылынады. Ағаштар бүршік жарады. Қар еріп жылғалардан су ағады. Жыл құс-
тары оралады. Жер түкті кілем төсегендей құл –пырады. Адамдар көтеріңкі көңіл-күйде.Құрт көже қайнатады. Ұлттық ойындар ойнатылады. Үл – кендер ақ тілек ті –лейді. 3.Көктем жайында шағын « эссе » жазу. Сұрақтарға жауап беру.
Өлеңде қандай мереке жырланған ?
« Әбігер жұрт неге ? » деген сұраққа ақынның қалай жауап бергенін тауып оқыңдар.
Наурыз мейрамын сендер қалай қарсы алар едіңдер ? 4.Дәптермен жұмыс.
Мәтіннен мақал- мәтелдерді тауып жазу, мағынасын түсіндіру.
Қыс жеңіл болса – құт, ауыр болса – жұт.
5.Ойын « Хан талапай ».
Оқушылар айнала дөңгеленіп отырады да, бір уыс асықты шашып тастайды.
Сонан соң бір асықты « хан » сайлайды. Балалар кезекпен асықтарды бір – бір саусағымен шертіп тигізіп ойнайды. Бірінші ойыншы шертіп тигізе алса, сол екі асықтың біреуін алады. Тигізе алмаса, кезегін келесі балаға береді.Шертілген асық « ханға » тиіп кетсе, ойынға қатысушылар тұс – тұстан лап қойып, асықтарды талапайлап алады.
2- сынып.
6.Шығармашылық тапсырма.
Кластер құру.
5708652184400198056521844000 күн жылынады қар ериді
85852045720Наурыз
00Наурыз


57086547625001917065476250көктем
құстар айы
167132025406680202540оралады
наурыз көже ұлттық мейрам
жасалады. 3- сынып.
« Жеке сөздерден сөйлемдер құрау »
1.Наурыз, мейрам, той, ұлт.
2.Бата, тілек, наурыз көже.
1. Наурыз мейрамы барлық мұсылман ұлт-тарында тойланады.
2. Ақ тілек, бата айтылады, наурыз көже жасалады.
Сабақты қорытындылау:
III. Кіріктірілген бөлім. Бағалау кезеңі.
Сөзжұмбақ шешу.
1985010114300н
00н
230251011430000263271011430000292481011430000322961011430000353441011430000
2315210167005001070610167005001400810167005001667510167005001997710167005а
00а
1 нн
2632710224155002327910224155001997710224155у
00у
2
1388110263525001692910263525001997710263525р
00р
2327910263525003
4
104521013970001388110139700016929101397000199771013970ы
00ы
5
1400810533400016929105334000199771053340з
00з
6
1.Мұсылман халықтарында жаңа жыл тойланатын ай.
2. Наурыз көжеге қосылатын дән.
3. Жаңа туған малдың сүтінен жасалатын тағам.
4. Қатықтан жасалатын тағам.
5. Наурыз көжеге қосылатын дән.
6.Қасиетті дәм.
2- сынып 3- сынып
8.Тест тапсырмалары.
1. Жыл басы . . .
а) көктем
ә) Наурыз
б) қаңтар
Наурыз көжеге қосылатын дән.
а) бидай
ә) арпа
б) қарақұмық
Наурыз мейрамы қай күні тойланады?
а) 8-наурыз
ә) 20-наурыз
б) 22-наурыз
Наурыз көже неше тағамнан жасалады ?
а) 5
ә) 7
б) 8
« Ұлыс . . . . . . »
а) мол болсын !
ә) жол болсын !
б) оң болсын ! 8.Тест тапсырмалары.
1. Ұлттық сусын қалай аталады ?
а) көже
ә) су
б) шырын
2. « Көк майса » тіркесінің мағынасы.
а) көк аспан
ә) көк шөп
б) гүлдер
3. « Құт » сөзіне қарама – қарсы сөзді тап.
а) шыт
ә) жұт
б) зыт
4.Мал өнімінің негізгі түрі.
а) ет
ә) киім
б) отын
5.Еттен ішекке тығып жасалатын ұлттық тағам.
а) ет
ә) ішек
б) шұжық
9.Бағалау. 9.Бағалау.
10. Үйге тапсырма. 10. Үйге тапсырма.
Өлеңді жаттау. Тақырып бойынша сурет салу. Мазмұндап келу.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
Н.А. Тойбазарова, Х.Т. Төлеубаева, Ж. О. Бақова, А.М. Аниева. Әдебиеттік оқу. Әдістемелік құрал. Астана, 2013 ж.
Сейіт Кенжеахметұлы. Қазақ халқының салт- дәстүрлері. Алматы, 2006 ж.
Айгөлек. Балалар журналы №3.