Баяндама Білім беру ?рдісіндегі заманауи т?рбие


Білім беру үрдісіндегі заманауи тәрбие
Оспанова Мейрамкуль Какимжановна
«Науырзым ауданының білім беру
бөлімінің Жамбыл бастауыш мектебі» ММ
бастауыш сынып мұғалімі
30480146685 Қазіргі ғылым мен техниканың қарыштап дамыған кезінде оқу - білімнің, соның ішінде болашағымыз,  бүгінгі мектеп оқушысының білімі мен тәрбиесі өте маңызды мәселе. Мемлекетіміздің жан- жақты дамуына өзіндік үлес қоса алатын, өзіндік ой - пікірі бар, жан - жақты дамыған, білімді де білікті тұлғаны дайындау біздің қоғамдағы міндетіміз. Себебі, ел тұтқасын жан - жақты білімді ұрпақ ұстанған шақта ғана біздің еліміз алға дамымақ. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың 2011 жылғы «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» атты Жолдауында «Сапалы білім беру Қазақстанның индустрияландырылуының және инновациялық дамуының негізіне айналуы тиіс», - делінген. Соған орай әрбір қазақстандық мұғалім білім берудің сапасын арттыру үшін, қазіргі білім беру жүйесін дамыту үрдісіне өзіндік үлес қосуы тиіс. Мемлекетіміз тәуелсіздік алып, білім мен тәрбие беру саласына жаңа өзгерістер енгізіп, жаңа талап, міндеттер қойып отыр. Сондықтан, білім берудің әдістемелік негізін өзгерту заман талабына сай туындап отырған қажеттілік. Қазіргі кездегі оқытудың басты мақсаты өз бетінше дами алатын тұлғаларды қалыптастыру болғандықтан, мектеп қабырғасында оқушылар өз бетінше танымдық әрекет етудің әдістері мен дағдыларын игеруі тиіс. Бұл мақсатқа жету үшін оқушылардың өзіндік танымдық белсенділігін арттыруға арналған дәстүрлі және дәстүрлі емес сабақтардың түрін өзгертіп отыру нәтиже беретіні сөзсіз. Қазіргі кезде заманауи мұғалім алдына мынандай мақсаттар қоюы тиіс: оқытудың жаңаша әдіс- тәсіліне сүйене отырып, оқушының ізденгішітік, танымдық іс-әрекетіне, өмірге көзқарасын қалыптастыру, балалардың алған білімін өмірде пайдалана білуге үйрету. Бүгінгі уақытта білім беру үрдісінде 50-ден астам жаңа технологияның түрлері қолданылады екен. Сондықтан да, әр мұғалімнің сабағында жаңа инновациялық технология түрлері іске асып, дұрыс нәтижеге қол жеткізсе, мұғалімнің мақсатының орындалғандығы. Мен өз сабақтарымда жаңа технология элементтерін күнделікті сабақта жиі қолданып отырамын . Соның бірнешеуіне тоқталар болсам: ойын арқылы оқыту технологиясының мақсаты дидактикалық, тәрбиелік, дамытушылық, әлеуметтендірушілік мақсатқа жету. Ойын технологиясының ерекшелігі ойындық іс-әрекеттің психологиялық механизмі жеке бастың өзіндік талап-талғамдарына сүйенеді. Оқушының бойындағы білімділік, танымдық, шығармашылық қасиеттерін аша түсуді көздейді. Қызығуды туғызу үшін ойын түрлерін пайдаланудың орны ерекше. Тиімді қолданған ойын түрлері мұғалімнің түсіндіріп отырған материалын оқушылардың зор ынтамен тыңдап, берік меңгеруіне көмектеседі. Өйткені бастауыш сыныптағы оқушылардың аңсары сабақтан гөрі ойынға ауыңқырап тұрады. Қызықты ойын түрінен кейін олар тез сергіп, тапсырманы ықыластана әрі сапалы орындайтын болады. Төменгі сынып оқушылары үшін әртүрлі жұмбақтар, ребустар, сөзжұмбақ шешу, карта бойынша саяхат ойындары қолайлы. Дамыта оқыту технологиясы - оқушыны оқыта отырып, дамыту. Оның  бойында №2
№1
еркіндік,мақтаныш сезім, адамгершілік, еңбексүйгіштік, белсенділік т.б. қасиеттер дамыту. Сонымен бірге , білім беру мекемесінде ақпараттық коммуникативтік технология арқылы білім беру құралдарын қолданудың да маңызы зор. «Жеңістің туы желбіре», «Жаса, жайна, Қазақстаным!» тақырыбында өткізген сабақтардан көрініс (№1, №2). Инновациялық білім беру құралдарына: аудио, видео, құралдар, компьютер, интерактивті тақта, интернет, мультимедиялық құрал, электрондық оқулықтар, және тағы басқалары жатады. Бұндай жағдайда әрбір мұғалімнің ұйымдастырып отырған сабағы әрі қызықты, әрі нәтежелі болады. Сонымен қатар мультимедиялық құралдар арқылы мұғалім 211455793752526030136525уақытты тиімді және ұтымды пайдаланады. Ал топпен жұмыс «Математика еліне саяхат» тақырыбында өткен сабақтың көрінісі (№3) жасаудың маңыздылығы мынады: 1.Топ жеке оқушының пікірімен санасады; 2.Іс-әрекетке қатысатын әр оқушы сол топтың беделін, намысын қорғауға тырысады; 3.Оқушы бойында болжау жасау, қиял, шығармашылығы дамиды.
№3
1733551320804.Бір-бірімен жақсы қарым-қатынас жасайды, өзгенің пікірімен санаса біледі, өз ойларын айта білу дағдылары қалыптасады; 5.Оқушының жасқаншақтық, ұялшақтық сияқты мінез кеселдері жойылады. Заманауи тәрбие технологиясы – тәрбие мақсаттарына қол жеткізуге мүмкіндік беретін оқыту формаларының, әдістерінің, жолдарының, тәсілдерінің және тәрбие құралдарының жиынтығы. Бұл дамыту, оқыту және тәрбие процестеріне ықпал ететін тәсілдердің бірі. Бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелегіміз келсе, бар күш жігерімізді мектептің білім сапасын арттыру үшін жұмсауымыз керек. Ол үшін оқу – тәрбие үрдісінің сапасын арттыратын жаңа технология әдіс – тәсілдері қажет.
Пайдаланылған әдебиет:
К.Ж.Бұзаубақова. Жаңа педагогикалық технология. 2003.
Жанпейісова М.М. Модульдік оқыту технологиясы. – Алматы, 2002.
Керімбаева Р.Қ.Бастауыш мектепте дидактикалық ойындарды пайдалану.-Тараз, 2010