Конспект мероприятии на тему К?з сыйы


«Күз сыйы» атты тәрбие сағатына арнайы безендірілген топ қабырғасы ағаштармен жапырақтармен көкөніс- жемістермен безендірілген.Әсем ән сазымен балалар залға кіріп орындықтарға отырады.
Жүргізіші : Құрметті қонақтар және әріптестер сүйікті балалар!Бүгінгі күз мезгіліне арналған тәрбие сағатымызға қош келіпсіздер. Сіздерге зор денсаулық,мол бақыт,ашық аспан тілеміз.
Жүргізіші : Бұлттар төніп,ызғар сеуіп
Дымқыл тұман басады.
Шөп сарғайып,өңі тайып
Дала сұрғылт тартады.
Бой жаза алмай,ойнай алмай
Денең мұздан тоңады
Бөбектерім, айтыңдаршы ! (Күз)
Жүргізуші: Күз мезгілінде ауа-райында қандай өзгерістер болды екен?
Балалар:Күн суытады, жапырақтар сарғаяды, жапырақтар түседі,жиі жаңбыр жауады т.б.
Өлең: «Күзгі әуен»
Ұлболсын:Аю жатыр үйінде
Төрт-түлік мал күйінде
Барлық аңдар шаттанып,
Басты күздің биіне.

О.Айда:Күздің тамыз айында,
Алма, алмұрт піседі
Жапырақтар сарғайып,
Сыбдыр-сыбдыр етеді.
Айбол:Көк аспаның мөлдіреп,
Алтын күзім елжіреп.
Асыр салып жүре бер,
Сары көйлегің желбіреп.
Сабина:Жапырақтар жамырап,
Сайға барып бекінді.
Анасынан ажырап,
Қалған бала секілді.
(Осы кезде залға сандық ұстаған сазбен жаңбыр келеді.)
Жүргізуші: Сәлеметсіздерме сіздер кімсіздер, қайдан келдіңіздер.
Саз: Мен сазбын.
Жаңбыр: Ал мен жаңбырмын, ашулансам барлығыңды су қыламын-деп су бүркеді.
Жүргізуші: Ешкімді де ренжітпеңіздерші, бізде мереке болып жатыр.
С-Ж:Мереке дейді қандай мереке?
Балалар : Алтын күз.
С-Ж: «Бізде мереке» -деп қол ұстасып билейді.
Жүргізуші:Сандықты айналып, ал мына сандықты бізге әкелдіңіздерме?-дейді.
С/Ж: Жо-қ, жо-қ ол біздікі, сендер біздің көңіл -күйімізді көтеріп тапсырмаларымызды орындасаңдар ғана ашамыз.
Жүргізуші: Балалар олардың көңіл-күйін қалай көтерсек екен?
Жаңбыр: Ойын ойнайық.Қазір,қазір-деп жан-жағына су сеуіп, шалшық жаяды.
Ойын: « Шалшықтан аяғыңды суламай өт.»
Шарты:Шалшықтардан секіріп өту керек.
Жүргізуші:Енді сандықтың ішінде не бар екенін көруге бола ма?
С/Ж: Сандықтың аузын тартады –тартады ашылмайды.
Саз:Енді бізге күз мезгілі туралы тақпақ айтып беріңдер, сонда сандық ашылады.
Алихан: Жемісі мол теретін,
Күз дос екен біздермен.
Бәрін тауып беретін,
Жомарт екен күз деген.
Саяжан: Берекесін сыйлауға ,
Өлкемізге күз келді.
Жемістерін жинауға,
Шақырады біздерді.
Ғалымбек: Қуандырып біздерді,
Мерекелі күз келді,
Кел, жемісті алтын күз,
Кемелденсін халқымыз.
Айдана: Құстар қайтты ән салып,
Бұлт торлады аспанды,
Қыс келеді жар салып ,
Күзгі суық басталды.
Жүргізуші : Ал енді сандықтарыңды ашыңдар.
Сазбен жаңбыр:(Сандықты айнала жүріп аша алмайды, қолдарына сандыққа жабысқан жапырақтарды алып)
Ал мына жұмбақтарды шеше аласыңдарма?
Жүргізуші: Ал балалар ойлайық,
Ойлайық та ойнайық.
Қандай жұмбақ болса да,
Шешпей оны қоймайық.
Жұмбақтар: (Саз) 1. Көлде жүзген көк қайық,
Бір қарасаң жоқ тайып.
(Бұлт)
2.Күн жылынса киінді,
Суытса шештің киімді. (Ағаш)
3.Аспай піскен, қайнамай түскен.
(Жемістер)
4.Бақшада өседі,көп өнімдер береді.
(Көкеністер)
5.Жазда тұрып жоғары,
Күзде жерге қонады. (жапырақтар)
Жаңбыр: Ал мына отырған адамдар мектеп оқушылары ма?
Жүргізуші:Жоқ олар біздің қонақтар.
Жаңбыр:Ендеше мұқият тыңдаңыздар келесі жұмбақ сіздер шешесіздер.
Жұмбақтар:1.Ызақор бұғып жатыр,
Сақалын тығып жатыр. (Пияз)
2.Бақшадан жер қазып,
Жиып алдым жез қазық. (Сәбіз)
3. Ол келсе,орман шулайды,
Толқын теңіз тулайды.
Қуса өзін қуады,
Ешкім оны қумайды. (Жел)
Жүргізуші: Жұмбақтартарыңызды шештік енді сандықтарыңызды ашыңдар.
Саз: Жоқ-жоқ мен өлең тыңдағым келіп тұр, өлең айту білесіңдерме?
Өлең: «Қоңырау»
Саз: Өте жақсы,енді сандықты ашайық.
(Осы кезде залға музыка әуенімен Күз ханшайымы кіреді, оны көріп сазбен жаңбыр тығылып қалады.)
Күз ханшайымы: Толтырып дәнге қырманды,
Бастадым қырда думанды.
Шырыны шәрбәт, дәмі бал.
Қауын –қарбыз, жүзімнің
Бәрі менен табылар,
Берекесі күз болам.
Жүргізуші: Жомарт көңіл, жарқын жүз,
Берекесі елімнің
Қош келіпсің, Алтын күз,
Құт қонағы төрімнің!
Жоғары шық , кел төрлет,
Көңілдегі ән тербет,
Арналды саған әніміз.
Өлең: «Күз келді»
Күз ханшайымы: Рахмет сендерге балалар, бірақ менің сандығым менен бұрын жетіп қалыпты ғой,сандықты кім әкелді?
Балалар: Сазбен жаңбыр.
(Сазбен жаңбыр шығып, күз ханшайымынан кешірім сұрайды)
Жүргізуші: Балалар олар сандықты ұрлада, бізді алдады, оларды кешіруге болама?
Балалар :Жоқ
Сазбен жаңбыр:Енді бұл ісіміз қайталанбайды. (Балалар кешіреді.)
Күз ханшайымы: Сендерге арнаған сыйлығым бар еді-деп сандықтан бауырсақ алып шығады.Балалар бауырсақ дастарханға қалай келетінін білесіңдерме?
Балалар: Білеміз.
Сценка: «Қайдан келдің бауырсақ»
Автор- Аңсар.
Бауырсақ- Саяжан.
Қуыршақ: Сабина.
Күз ханшайымы: Қандай ақылды балалар, сендерге әкелген көкөніс, жемістерім де бар.
Ойын: «Көкөністер мен жемістер»
Шарты: Көкөністер мен жемістерді екі себетке бөліп салу.
Жүргізуші: Күз ханшайымы біздің де сізге арналған сыйлығымыз аз емес.
Адай:Еркін жүрген тиінге,
Жаңғақ теру қиын ба?
Күздің алып сыйларын,
Қыстық азық жинадым.
Мариям:Кездескен соң күзімен ,
Бұтағынан үзілен,
ай жапырақ,сары алтын,
Айналаның бәрі алтын.
Аңсар:Екпіні қатты самалдан,
Тұрғанда есіп жел алдан.
Ағаштар қозғап желегін,
Иеді басын көк егін.
Гүлзода:Жауды жаңбыр тасырлап,
Шатырлардан секірді.
Тойға келген асыр сап,
Бір топ бала секілді.
Х.Айда: Қарашы күз келді,күз келді.
Жапырақ жауыпты іздерді.
Құс біткен керуен тізеді,
Қара бұлт қабағын түйеді.
Күз ханшайымы: Қалай жақсы айтасыңдар, өте рахмет.
Ж/С: Ал енді ата-аналармен ойын ойнайық.(ортаға 4-5 ата-ана шақырылады.)
Саз: Бұл ойын «Дәмін ажырат» деп аталады.
Шарты: Ауызға салған көкөніс немесе жемісті дәмі арқылы ажырату керек.
Жүргізуші: Күз ханшайымы сіздің сандығыңыз неге сиқырлы деп аталады?
Күз ханшайымы: Бұл сандықтың ішіндегі сыйлықтардың бәрі еңбек арқылы келген,еріншек адамдарға ашылмайды.
Еңбек түбі-береке,
Көптің түбі-мереке.- дейді, сендердің іштеріңде еріншек балалар жоқ па?
Балалар : Жоқ.
Күз ханшайымы: Балалар менің сендерге әкелген сыйлығым бар-деп балаларға алма таратады, сазбен жаңбыр оған көмекткседі.
Балалар:Рахмет.
Өлең: Не деу керек?
Күз ханшайымы: Мерекелерің мерекеге ұлассын,біздің баратын жеріміз бар -деп қонақтар балалармен қош айтысып кетеді.
Жүргізуші: Демеңіз біз өнерді аяп қалды,
Мезгіл де біраз жерге таяп қалды.
Қош болып тұрыңыздар көріскенше,
Осымен тәрбие сағатымыз аяқталды.