Тіл дамыту саба?ана ?стаздар мерекесі та?ырыбына технологиялы? карта


Білім оқу салалары: Қатынас
Бөлімдері: Тіл дамыту.
Тақырыбы:«Ұстаздар мерекесі» сурет б-ша әңгімелесу
Мақсаты: Білімділік:балалардың тілдік құзіреттілігін қалыптастыра отырып,ойын дұрыс тұжырымдап әңгімелеуге үйрету Дамытушылық:ақыл-ойын дамыту,сөздік қорын байыту, тілін дамыту; Тәрбиелік: үлкенді сыйлауға, кішіге құрмет көрсетуге тәрбиелеу;
Көрнекіліктер:мектеп,мұғалім,оқушылардың суреттері.
Билингвальды компонент : мектеп-школа,мұғалім-учитель,оқушылар-ученики Сөздік жұмыс: мұғалім оқушыларды оқытады. Әдіс-тәсілдері: әңгімелеу, сұрақ- жауап
Әрекет
кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың
іс әрекеті
Мотивациялық қозғаушы 1.Ұйымдастыру кезеңі.
Шаттық шеңберін құрайық.
Армысыз қайырымды аспан ата! Армысыз қайырымды жер-ана! Армысыз шұғылалы алтын күн! Сәлеметсіңдер ме, достарым! . Балалар шаттық шеңберіне тұрып, топпен қайталайды, бір – бірімен амандасады.
Іздену –ұйымдастырушылық Тәрбиеші: -Балалар, жылдың қай мезгілі? -Бүгін ауа-райы қандай? -Далада қандай өзгерістерді байқадыңдар? -Қай ай? -Аптаның қай күні?
Тәрбиеші: «Мектеп» суреті бойынша әңгімелеп,таныстырады.
Балаларды дамытушы орталықтарға бөлу. Әдебиет орталығы. Тәрбиеші «Мектеп»суреті бойынша балаларға сұрақтар қояды: -Суретте не бейнеленген? -Суреттегі кімдерді көріп тұрсыңдар? –Дұрыс,балалар, енді осы суреттегі адамдардың не істеп отырғандығы жайлы әңгімелеп беріңдер. –Суретте мұғалім не істеп тұр? -Оқушылар не істеп отыр? -Балалар,4 қазан-ұстаздар мерекесі. Бұл күні оқушылар ұстаздарды мерекелерімен құттықтап,гүл шоғын сыйлайды. Ойын: «Оқушының заттарын тауып сал» Тәрбиеші үстелге әртүрлі заттарды қойып,солардың ішінен оқу құралдарын табуды ұсынады.
Сергіту сәті: «Еңбек»
Билингвальді компонент: мектеп-школа,мұғалім-учитель,оқушылар-ученики Сөздік жұмыс: мұғалім оқушыларды оқытады. -Күз мезгілі -Жылы
-Күн салқындады.
-Қазан -Жұма
-Мектеп бейнеленген. -Суреттен мұғалімді,оқушыларды көріп тұрмыз.
-Мұғалім сөйлеп тұр .
-Оқушылар жазып отыр
-Кітап,дәптер,қалам.
Балалар сергіту сәтін орындайды.
Балалар топпен және жеке-жеке қайталайды.
Рефлексивті түзетуші -Балалар, бүгін не туралы әңгімелестік?
-Қандай ойын ойнадыңдар?
-Сендерге ұнады ма??
Мақтау, мадақтау. Балалар бағытталған сұрақтарға жауап береді.
.

Күтілетін нәтиже:
Білу керек: ұстаздар мерекесі жайлы
Үйрену керек: әңгімелеуді, сөйлем құрап айтуды
Істей алады: сұрақтарға жауап береді