?зін-?зі тану п?нінен саба? жоспары, 3 сынып ??ыпты бала- ?депті бала


Мектеп: Подстепный №1 жалпы орта білім беретін мектебі
Пәні: Өзін-өзі тану
Тақырып: «Ұқыпты бала – әдепті бала»
Құндылық: дұрыс әрекет
Қасиеттер: ұқыптылық, жинақылық, әдептілік
Мұғалiм: Муратова А.Б Сынып 3
Сабақ мақсаты:
Балалардың әдептілік, сыпайылық адами қасиеттер туралы туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері:
-ұқыптылық, жинақылық, әдептілік туралы түсінік беру;
- сыпайылық қарым – қатынастарын дамыту;
-ұқыптылыққа, жинақылыққа, әдептілікке тәрбиелеу; Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер)
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңi.
Оқушылармен амандасып, «Өзін- өзі тану» сабағының ережесін «5-Т» қайталап, сабаққа қатысқандары үшін әр балаға 20 ұпайдан беремін
.Оқушылардың оқу құралдарын «5 затты» тексеріп, ұпайларын түгендейміз.
Тыныштық сәті
Нұрға бөлену
Үй тапсырмасын тексеру
Е.Өтетілеуовтың «Ұқыптылық» әңгімесі
Сұрақтар:
Асланның ұқыптылығын неден байқауға болады?
Жомарт неліктен қорыққа бармай қалды?
«Ұқыптының уақыты мол» дегенді қалай түсінесіңдер? Сабақ барысын талдау
Дәйексөз.
«Ұқыптының уақыты мол.»
М.Әлімбаев
-Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіңдер? Әңгiмелеу (мұғалімнің сыйы)
Ұстаз бен шәкірт
Сұрақтар:
Әңгімеден не ұқтыңыздар? Шығармашылық жұмыс
1- топ «Ұқыпты бала» 2- топ «Ұқыпсыз бала» 3-ші топ «Мен әдепті баламын» берілген тақырыптар бойынша тірек-сызба құрастыру.
Оқулықта берілген көп нүктенің орнына ұқыпты, ұқыпсыз сөздерін қойып мақалдар мен жаңылтпаштарды оқу. Топпен ән айту.
Мен өсемін
Ертай АшықбаевМен өсемін, өсемін,
Жасыма жас қосылып.
Інімнің де төсегін
Жинап берем.
Осыны ұқ.
Бұзауды да бағамын –
Айран керек, сүт керек.
Дейді әжем: «Қарағым,
Сене соны күткен ек».
Баламын ғой мен деген,
Керек ойын, саық та.
Бірақ... қазір жем берем
Қаз, үйрек пен тауыққа.
Қызықсам да жиі мен
Шуылына көшенің,
Көмектесем үйіме,
Мен осылай өсемін.
Рефлексия: - Ал балалар осы сабақтан не үйрендік? - Өздеріңе қандай ой түйдіндер ? - Кімнен үлгі алар едіндер? Қорытындылау: Сонымен, әдептілік деген не? Қане, әдептілік сөзін топтасырайықшы: Тәртіптілік Көмектесу Сыйласу Ата-анаңды тыңдау Шыншыл болу Кешірім сұрау 
Үй тапсырмасы.
М.Гумеровтың «Дәме » әңгімесін оқу Соңғы тыныштық сәтi.
Баяу әуен қойылады. Оқушылар денесін, басын тік ұстап, көзін жұмып отырады.
Мұғалім жәй дауыспен:
- Әрқайсымыз оң қолымызбен жүрегімізді ұстап көрейік. Өз жүрегіміздің жылылығын сезініп, жүрек жылуымызды адамдарға, айналамызға жеткізу үшін іштей оларға жақсы тілектер тілейік. Жақсы ой ойлайық, жақсы сөз сөйлейік, жақсы іс жасайық! Бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңізді жүректеріңізге түйіп алыңыздар. Рахмет! Көздеріңді ашуға болады.