?зін-?зі тану п?нінен саба? жоспары кешірімді бала-кішіпейіл бала 2-сынып


Мектеп: ЖББ Жырақұдық орта мектебі Мерзімі: №11сабақ
Мұғалім:Наурызбаева А.О. Сынып:2 Оқушылар саны: 3
Тақырып: Кешірімді бала-кішіпейіл бала
Құндылық: Дұрыс әрекет
Қасиеттер: Кішіпейілділік, мейірімділік, жанашырлық
Сабақтың мақсаты: оқушыларғакешірімді болудың адам өміріндегі маңыздылығын жеткізу арқылы дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу.
Сабақтың міндеттері:Білімділік: Оқушыларға кешірімділік ұғымы туралы білім бере отырып, кішіпейілділік қасиеті туралы түсінік беру;
Дамытушылық: Оқушыларды айнала қоршаған адамдарға кешіріммен қарауға үйрету арқылы мейірімділік қасиетін дамыту;
Тәрбиелік:Оқушыларды кішіпейілділікке, мейірімділікке, жанашырлыққа тәрбиелеу;
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру бөлімі:
Оқушылармен амандасып, түгендеп, назарларын сабаққа аудару. 5Т ережесін сақтау.
Тыныштық сәті
«Су асты патшалығына ойша саяхат»
Ресурстар: (құралдар, мәліметер) үнтаспа
Үй тапсырмасын тексеру
Оқулықтың 43-беттегі 12-сабақтағы Р.Әбдіқадірованың «Кешірім» әңгімесін оқып келуін тексеру.
Талқылау сұрақтары:
-Тұрсынның көңілсіз болуының себебі неде?
-Балалардың тентектікке баруының себебін қалай түсіндірді?
-Тұрсын өз қателігін қалай түсінді?
-Өз қателігін түсіну арқылы басқаға қандай үлгі көрсетті?
-Атай балаларға қандай түсіністік танытты?
Дәйексөз
«Кешірім сұрау – бақыттың баспалдағы» М.Әуезов
Талдау сұрақтары:
-Кешірім сұрау қалайша бақыттың баспалдағы бола алады?
Әңгімелеу
Екі дос далада саяхаттап жүреді. Бір кезде біреуі ұрысып қалады да, біреу екіншісінің жағынан тартып жібереді. Соңғысы ауырса да ештеңе айтпайды, тек құмға былай деп жазады: «Бүгін менің ең жақсы досым менің жағымнан шапалақпен тартып жіберді».
Олар әрі қарай жүріп келе жатып, көгалға кездеседі, сол жерде суға шомылып алмақшы болады. Шапалақ жегені суға секіріп кетеді де, батып кете жаздайды. Бірақ досы оны құтқарып алады. Ол өз-өзіне келген кезде, тасқа былай деп жазады: «Бүгін менің ең жақсы досым менің өмірімді құтқарып қалды». Сол кезде жағынан тарқып қалған, құтқарып қалған досынан сұрайды:
-мен сенің ренжеткенде сенқұмға жаздың, ал енді тасқа жазып жатырсың? Неге деп сұрайды.?
Досы былай деп жауап береді:
-Бізді біреу ренжеткенде жел оны өшіріп тастауы үшін, біз оны құмға жазуымыз керек. Ал енді жақсылық жасаса, оны өшірмейтіндей етіп, тасқа қашап жазуымыз керек.
Өкпеңді құмға, қуаныштыңды тасқа қашап жазып үйрен.
Талқылау сұрақтары:
Достар не үшін ренжесті?
Бала құмға не деп жазды?
Өзің реніген, қөңіл-күйлеріңді қала бағалар толтырады. www.zharar.com
Шығармашылық іс-әрекет, топтық тапсырма
1-топ Кешіре білейік тақырыбында өлең құрастыру
Кешірімді олу үшін қандай қасииетер керек?
Топпен ән айту
«Құндылықтар әлемінде»
Сөзі:Мұғалімдер шығармашылығы
Әні: «Ертегілер әні» сазымен
Ақиқаттың әнін,
Айтамынмын күнде мен.
Бөбек әлемінің сырларын түсініп,
Нұрына шомылдым күннің.
Тыныштық жан - көркем,
Керемет ол неткен,
Ар- ұждан сөйлейді,
Жүректі тербейді
Бақытқа бізді жетелеп.
Қайырмасы:
Құндылықтар – мәңгі әнім,
Құндылықтар – өмір мәні
Ізгіліктің ғажап күйіне
Ертесіңдер сендер.
2 Дұрыс әрекеттер
Сүйіспеншілік береді,
Тыныштық орнайды,
Қиянат болмайды,
Адамзатқа әлемдегі.
Керемет ол неткен,
Ар- ұждан сөйлейді,
Жүректі тербейді
Бақытқа бізді жетелеп
Үй тапсырмасы
№18 сабақтағы 82 беттегі М.Төрежановтың «Қамқорлық» әңгімесін оқып, өз түсініктерін айту. Соңғы тыныштық сәті
Өз сөздеріміздін, әрекеттеріміздін, ойларымыздын, мінезіміздін тек жақсылық жасауын қадағалайық. Өз жүрегімізге барша әлемге, адамдарға, жақындарымызға риясыз жақсылық жасау, көмек көрсету қасиеттерімізді айналамызға сыйлайық. Іштей оларға жақсы тілектер тілейік. Бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңізді жүректеріңізге түйіп алыңыздар. Рахмет! Көздеріңді ашуға болады.