Саба? жоспары: ?зін-?зі п?нінен, та?ырыбы Кешірімді бала — кішіпейіл бала (2 сынып)


Күні:
Пән: Өзін – өзі тану
Сабқтың тақырыбы:Кешірімді бала - кішіпейіл бала
Кешірім - ізгіліктің белгісі.
Халық даналығы
Мақсаты: «Кешірім» ұғымының адамгершілік құндылығы ретінде мәнін ашу.
Міндеттері:
кішіпейілділік, кешірімділік туралы түсініктерін кеңейту;
кішіпейлділікке бейім қабілеттерін дамыту;
кішіпейіл, кешірімді болуға тәрбиелеу;
Көрнекі құралдар: күннің, бұлттың суреті, оқулық, дәптер, сөзжұмбақ.
Шаттық шеңбері
Шаттық шеңберінде мұғалім оқушылармен амандасып, төмендегі А. Бейсебайдың өлең жолдарымен сабақты бастауды ұсынады:
Адамдарға кешіріммен қарайтын,Жан жылуы жылылық боп тарайтын. Кішіпейіл бала болғым келеді, Айналасын нұрлы күнге балайтын.
Бұл өлеңді оқу арқылы мұғалім оқушы бойындағы кешірімді болу, кішіпейіл болу сияқты жақсы қасиеттерді қолдау, дәріптеу мақсатын көздейді. Ол үшін мұғалім төмендегідей сұрақ беруіне болады:
-Сендер кешірімді болу дегенді қалай түсінесіңдер?
Әңгімелесу
Әңгімелесудің мақсаты — оқушылардың «кешірім сұрау», «кешіре білу», туралы ойларын тыңдап, адам өміріндегі мәнін түсіндіру. Мұғалім балалардың достарымен, бауырларымен және жақын адамдарымен ренжіскен кезде қандай күйде болатынын олардың өздері айтқан ойларымен түйіндеп, адамдарды ренжітпеу керек екенін терең ұғынуына көмегін тигізеді.
•Кішіпейіл болу дегенді қалай түсінесіңдер?
Достарыңмен және жақын адамдарыңмен ренжіскен кезде кандай күйде боласыңдар?
Кешірім сұраудың достықты сақтауға көмектескен кездері болды ма?
Мәтінмен жұмыс
Мәтінді оқушылардың өздеріне кезекпен оқытып мазмұнын мұқият тыңдауды ұйымдастыруға да болады. Мұғалім тақырыптың мазмұнын ашатын сурақтар арқылы оқушыларға мәтіндегі негізгі ойды таптырып. олардың құндылықты мәнін өз пікірлерімен пайымдатады. Мәтіннің соңында берілген сұрақтар оқушылардың ойларын тұжырымдауға негіз болады.
Кешірім
Р. Әбілқадырова
Тұрсын мектептен көңілсіз қайтты. Үн-түнсіз отырып, тамағын ішті. Бір кезде:
Апа, әлгі біздің кешені сыпыратын атай ауруханаға түсіп қалыпты, - деді.
Ә, бұл бейнет дегенің де тілсіз жау екен ғой. Құрал-жабдықтарын қоятын сарайының төбесін жөндеймін деп жүріп, мертігіпті, байғүс. Апа, ұрыспайсыз ба? - деді Тұрсын қипақтап.
Не үшін? Екілік алғаннан саумысың?
Жоқ екілік емес. Одан да жаман...
Жұлқысып келіп отыр екенсің ғой. Жетпегені сол еді! Бәсе, желкеңді сипалай бергеніңнен бір нәрсені ішім сезген.
Апа, айтайын дегенім, аула сыпыратын атайға барсам деймін. Халін біліп кешірім сұрайын.
Жағдай сұрағышын. Қақ-соқпен жұмысы жоқ деп жүрген бала сен болсаң, көгертеді екенсің. Дәл казір бар және жалғыз емес, қасыңда болған нөкерлеріңді де ертіп ал. Сендердің кешірім сұрағандарыңнан сауығып кете қоймас. Сөйтсе де жан жарасына себі тиер.
Апасы жұмысына кетті. Тұрсын аула сыпыратын картқа барды.
-Бір қателік кеткен шығар. Ештеңе етпес, бәрінен де қателіктеріңді түсіне білгендерің жақсы. «Көл бақасыз болмас, адам қатесіз болмас» деген, - деді қарт.
Балалар өз кателіктерін қалай түсінді?
Атай қаңдай жақсы қасиет танытты?
Өздерің атайдың орнында болсаңдар не істер едіңдер? Мәтіндегі ойдың шешуін төмендегі ойын-жаттығу арқылы да ұйымдастыруға болады.
Өзіммен-өзім
Оқушыларга кішіпейілділік құндылығын сезіндіру мақсатында релаксациялық тәсіл ұйымдастырылады.
Үнтаспадан табиғат дыбыстары баяу естіліп тұрады.
-Балалар, ыңғайланып отырып алыңдар. Көздеріңді жұмсаңдар да болады. Көз алдарыңа «Аспан патшалығы» ақ мамықтай ақша бұлтты жіберіпті деп елестетіңдер. Сол ақша бұлттың үстінде біз отырғандаймыз. Ақша бұлт мамықтай жұмсақ екен. Аспан әлеміне қарай көтеріліп барамыз. Айдын шалқар көлден өтіп, орманды алқапқа кездестік. Жүгірген андар, сайраған құстар көрінеді. Гүл жайқалған сұлу далаларға да жақындап қалдық, әсем гүлдер көріне бастады. Гүлдер неткен керемет! Алуан түрлі, көздің жауын алады. Біз осының бәрін бірге көргенімізге, осындай шақта бірге болғанымызға іштей қуаныштымыз. Ақ мамықтай ақша бұлт бізді жұпар иісті, әсем де көркем «Гүлдер» сұлулық сарайына түсірді. «Гүлдер» сұлулық сарайында тек кана кешірімді, кішіпейіл адам-дар тұрады екен. Осы жерде тұратын адамдардың барлығы бір-біріне кішіпейілділік танытады. Біздің де бойымызға кішіпейілділік пен кешірімділік сезімдері бойлап бара жаткандай. Осы сезімдермен біз де, бұрынғы қалпымызға келейік.
Дәйексөз
Мұғалім сабақтың мазмұнын дәйексөздің мағынасын түсіндіру арқылы аша түседі.
Мұғалім тақтаға «Кешірім - ізгіліктің белгісі» деген халық даналығы нақыл сөзін жазып қояды.
Балалар, өткен сабақтарда айтылған адамдардың бір-бірімен келісімге келуі, жарасуы бір-бірінен кешірім сұрауына, бірін-бірі кешіре білуіне байланысты. Ренжіскен жағдайда кешірім сұрау достарды, туыстарды татуластырады. Ағаттық кеткен іске үлкеннен де кішіден де кешірім сұрай білу сыпайылықты білдіреді. «Кешірім — сыпайылық белгісі, татулық негізі» дегеннің мағынасы осында. Біз бүгін «Кешірімді бала - кішіпейіл бала» тақырыбында әңгімелесеміз.
Мұғалім балаларға дәптердің соңында берілген «Менің дәйексөздерім» айдарындағы бүгінгі сабақтың тақырыбы көрсетілген бетке осы дәйексөзді жазуға кеңес береді.
Ойын. «Құнды қасиеттер»
Оқушыларды кешірімді, кішіпейіл болуға дағдыландыру мақсатында ойын ұйымдастыруға болады.
Оқушылар парта қатарларына қарай 2 топқа бөлінеді. 1-топ -«Кешірім - сыпайылық белгісі» тақырыбында (үлкендер мен балалар рөлінде) әдептілікті, кішіпейілділікті, 2-топ - «Кешірім — татулық негізі» (достар немесе сыныптастар рөлінде) тақырыбында достықты сахналастырып көрсетеді.
Дәптермен жұмыс
Балалардың кешірім туралы түсініктерін үйде бекіте түсу үшін мынадай үй тапсырмасы беріледі және оның орындалу жолы түсіндіріледі.
-Дәптерде берілген тапсырмалар бойынша өз ойларыңды жазыңдар.
1-тапсырма. Сендер «Кешірім» әңгімесіндегі атаның орнында болсаңдар, не істер едіңдер?
2-тапсырма. Сендер «Кешірім» әңгімесіндегі Тұрсынның орнында болсаңдар, не істер едіңдер?
Оқушылардың осы тақырып бойынша негізгі ұғымды есте сақтауы мен оған қол жеткізуі мақсатында сабақ былайша аяқталады.
Жүректен жүрекке
Мұғалім оқушыларды бір-бірінің қолынан ұстатып, шеңбер құруға шақырады. Сабақты жағымды көңіл күй қалыптастыратын оқушылардың бір-біріне кешірімділік таныту туралы жақсы тілек айтумен де қорытындылауға болады.