Т?зету-дамыту ба?дарламасы Шамдар,телефондар ж?не т.б.заттар


Күні _________________
Түзету-дамыту жұмысының бағдарламасы
Түзету-дамыту сабағының тақырыбы: «Шамдар, телефондар жәнет.б.заттар»
Түзету-дамыту сабағының мақсаты: Қасиеттері бойынша заттарды топтастыруға, түстерді,өлшемдерді ажыратуға жаттықтыру, зейіндерін дамыту.
Көрнекі құралдар: Бала саны бойынша әр түрлі суреттер (шамдар, телефондар, шәйнектер)
Топ атауы: __________ ______
Бала саны: ________________
Іс - әрекет кезеңдері Маманның іс - әрекеті Баланың іс – әрекеті
Мотивациялық қозғаушы
Ұйымдастыру
Ізденушілік
Рефлексті қорытындылаушы Жағымды әуен арқылы эмоционалдық-позитивтік көңіл күйге ену.
Телефонның шырылы естіліп, тәрбиеші тұтқаны көтереді. Бұл поштадан екенін, олардың хаттарды қателесіп бізге жіберіп қойғанын тексеріп беруін сұрап жатқанын айтады. Есік қағып, көп хат келеді. Бұл хаттар шынымен де бізге қателікпен келіпті, бірақ бұларды біз дұрыстап жинастырып беруімізді сұрағанын айтады.
1.Ойын «шамдар,телефондар т.б.» әр балаға хат беріліп,олар ішіндегі суреттерді шығарып не екенін айтады.Психологтың суреттерімен салыстырады.Белгі бойынша психологтыңсуретіне ұқсас суреті бар балалар ортаға жүгіріп шығады.
Сергіту сәтін жасау ұсынылады.
2.Ойынның екінші бөлімінде балаларға суреттері бойынша топтасу ұсынылады, сәйкес қалташаға салу керектігі айтылады.
Бүгінгі ойыннан алған әсерлері сұралады. Әуен тыңдайды.
Көмек беруге келіседі.
Ойын ойнайды.
Сергіту жасайды.
Топтасады.
Педагог-психолог: Кошпембетова Камшат