Т?зету-дамыту ба?дарламасы ?йді? есігін жабайы?


Күні _________________
Түзету-дамыту жұмысының бағдарламасы
Түзету-дамыту сабағының тақырыбы: «Үйдің есігін жабайық»
Түзету-дамыту сабағының мақсаты: Заттарды өлшемі бойынша салыстыруға,жуан және жіңішке заттарды ажыратуға жаттықтыру. Ойлау қабілетін дамыту.
Көрнекі құралдар: Үйдің суреті, үйдің, есіктің қиындылары.
Топ атауы: __________ ______
Бала саны: ________________

Іс - әрекет кезеңдері Маманның іс - әрекеті Баланың іс – әрекеті
Мотивациялық қозғаушы
Ұйымдастыру
Ізденушілік
Рефлексті қорытындылаушы Ән «Бақытты баламыз»
Балалармен үй туралы сөйлесу.Үйлер әр түрлі үлкен, кіші, аласа,биік болатынын. Есік, терезелері жуан, жіңішке болатынын айтып түсіндіру.
Балалармен «үйдің есігін жабайық» ойынын ойнату. Алдарына үйдің ( есік, терезесіз) суреті беріледі. Оған сәйкесінше жуан не жіңішке есік, терезе қою керектігін түсіндіру.
Балалармен сергіту жасау.
Орнымыздан тұрайық,
Мойнымызды бұрайық,
Қолды алға созып ап,
Су ішінде қалықтап,
Балықтарша жүзейік,
Оңға,солға бір қарап,
Денемізді бұрайық.
Балалардан бүгінгі не туралы айтқанымызды сұрау?
Балаларды мадақтау. Ән айтады.
Балалар өз ойларын айтады.
Балалар ойын жаттығуды орындайды.
Сергіту жасайды.
Балалар жауаптарын айтады.

Педагог-психолог: Кошпембетова Камшат