Т?зету-дамыту ба?дарламасы Паровоз ойыны


Күні _________________
Түзету-дамыту жұмысының бағдарламасы
Түзету-дамыту сабағының тақырыбы: «Паровоз»
Түзету-дамыту сабағының мақсаты: Балаларды ауызбіршілікке, шапшаң қимылдауға,дұрыс қозғалуға ықпал ету
Көрнекі құралдар: Паровоздың суреті, бөлшектерінің қиындылары
Топ атауы: ________________
Бала саны: ________________
Іс - әрекет кезеңдері Маманның іс - әрекеті Баланың іс – әрекеті
Мотивациялық қозғаушы
Ұйымдастыру
Ізденушілік
Рефлексті қорытындылаушы Шаттық шеңбері
-Балалар сәлеметсіздер ме?
Педагог балаларды өзіне қаратады.Жылулық шеңберіне балаларды тұрғызады.
Орнымыздан тұрамыз,
Қолды белге қоямыз.
Бұрыламыз оңға біз
Бұрыламыз солға біз
Біздер тату баламызГүл-гүл жайнап жанамыз.
-Балалар алыста тұратын туыстарын, ата-әжелерің бар ма? Оларға қонаққа барып тұрасыңдарма? Олар қонаққа келеді ма?
-Алысқа бару не келу үшін қандай көлікке мінесіңдер?
-Пойыз, автобус, ұшақ т.б.
-Бұл ненің дыбысы?
Балалар пойыз қандай бөліктерден тұрады? Вагондар және бастысы паровозы, иә ?
-Паровоз қандай болатынын білесіңдер ме? Мына суретке қараңдаршы. Дәл осы суретті мен бөліктерге қиып қойдым, бірақ қайта құрастыра алмадым. Сендер көмектесесіңдер ме?
-Рахмет, сендерге.
-Балалар енді «Паровоз» ойынын ойнайық. Біріміздің артымызға біріміз тұрып, бір-бірімізді ұстап, бірінші адам «паровоз» , қалғандары вагон болады. Екі бала көпір болады. Паровоз вагондарды ертіп жүреді, көпірден өтеді, станциядан тоқтайды. «Буп-буп-буп» деп дыбыстап жүреді.
Буп-буп-буп , зымыра пойызымыз,Біз сені әлі-ақ қуып жетеміз.
-Балалар бүгін не туралы айттық?
-Қандай ойын ойнадық?Ұнадыма?
-Жарайсыңдар, балалар! Сәлеметсізбе!
Балалар шеңберге тұрып, сөздерді, қимылдарды қайталайды.
Балалар жауаптарын айтады.
-Пойыз.
-Иә.
-Иә.
Балалар ойнайды.

Педагог-психолог: Кошпембетова Камшат