1-сынып Мені? б?лмем та?ырыбында ашы? саба?. ?аза? тілі орыс сыныптарында


Қазақ тілі мұғалімі: Дайрова А.А.
1- сынып
Сабақтың тақырыбы: Менің бөлмем.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:Өткен сабақты бекіте отырып, жаңа тақырып бойынша оқушылардың білімдерін молайту, жаңа сөздерді меңгерту.Қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айтып, жаза білу дағдыларын қалыптастыру;
Дамытушылық: Оқушылардың суретпен жұмыс арқылыойлау қабілеттерін, сөйлеу тілдерін дамыту, ойын элементтері арқылы сабаққа белсенділіктерін, қызығушылықтарын арттыру;
Тәрбиелік: Оқушыларды өз үйлерін, бөлмесін таза ұстауға, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ .
Пәнаралық байланыс:орыс тілі, әдебиет, сурет.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап,түсіндіру,көрсету,оқу,жазу,аудару, ойын элементтері,сурет салу.
Сабақтың көрнекіліктері:слайдтар, қазақ тіліне тән дыбыстар,жұлдыздар, үйдің суреті, музыка.
Сабақтың барысы:
Ι. Ұйымдастыру кезеңі.
- Амандасу. Мейірімді жүрекпен, Ақпейілді тілекпен, Амандасып алайық, Бір жадырап қалайық!
1. Оқушылар жалпы сәлемдесу.
Сәлемет пе күн! Сәлемет пе гүл! Сәлемет пе сынып!Сәлеметсіздер ме мұғалімдер!
Жақсы отыра ғойыңдар. Балалар, бүгін біздің сабағымыз ерекше сабақ болмақ. Себебі бізге бүгін қонақтар келіп отыр. Қонақтар біздерді танымайдығой. Біз өзімізді қонақтарға таныстырып өтейік.
Кім өзім туралы айтып береді?
2.Оқушылар өзі туралы таныстыру.
Ал енді өзімізді таныстырдық. Мұғалімдер сендер туралы білді, мәлімет алды.
3.Тән дыбыстармен жаттығу. Енді тән дыбыстарға байланысты ойын ойнайық.
Ойын: «Кім жылдам?» деп аталады.Қолдарыңа әріптеріңді алыңдар. Сөздерден кім бірінші әріпті көрсетсе, сол жұлдызша алады.
Дәптер, кітап, қуыршақ, ұя, күн, көше,ағаш,шаң, гауһар.Дұрыс таптыңдар, жарайсыңдар! Әріптерді танимыз.Тағы тән дыбыстарға қандай жаңылтпаштар білеміз? Есімізге түсіріп айтайықшы.
4. Ә,Ұ,І, Ө,Қ дыбыстарна байланысты жаңылтпаштарды айту.
Қарға, қарға, қарғалар, Қар үстінде жорғалар.
ΙΙ. 5. Үй жұмысын тексеру.
Енді үйге берілген өткенсөздерді қалай жаттап алғандарыңды көру үшін келесі ойынды ойнап жіберейік.
Ойын "Аудармашы" деп аталады. Кім көп сөз аударады,сол аудармашыатанады және жұлдызша алады.
Жарайсыңдар ! Сөздерді өте жақсы біледі екесіңдер.
- Осы сөздер қандай тақырыппен байланысты болды?
-Өткен сабақтарда қандай тақырыптармен таныстық?
Біздің аула. Біздің үй.Үйлер.
6.Әр адам өз үйінде тұрады, біз де бүгін өз үйімізді құрастырып ,салып көрейік. Бәріміз бірге үй құрастырайық.
- Үй құрастыру үшін не керек? Балалардың жауабы. Қабырға, шатыр, терезе, есік. Балалар үйдің бөлшектерін атаған сайын слайдтан суреттері шығып отырады.
Қараңдаршы, қандай сендер әдемі үй құрастырдыңдар? Мынау біздің үйіміз.
- Бұл үй қандай?
- Әдемі,үлкен үй.
Енді балалар ,үйді құрастырдық.
- Үйдің іші неге бөлінеді?-Бөлмелерге бөлінеді.
ΙΙΙ.Жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсатын айтып беру.
7. Бүгін сабағымыздың тақырыбы «Менің бөлмем» деп аталады.
Балалар, қалай аталады?
Бұл сабақта бізжаңа сөздермен танысамыз, сөзтіркестерін, сөйлемдер құрастырамыз, суретпен жұмыс істейміз.
8. Сөздікпен жұмыс.Сөздерді таныстыру.Оқушылар хормен қайталау.
Сөздерді дұрыс айтуға жаттықтыру.
шам – лампа кілем – коверкерует – кровать айна – зеркало
сурет – рисунок,картина
Біз сөздермен таныстық . Осы сөздермен сурет бойынша сөз тіркестерін, сөйлемдер құрастырамыз. Қатысқан оқушыға жұлдызша беріледі.
9. Сурет бойынша жұмыс.
Оқушылардың жауабы.
1. Жасыл кілем. Үлкен гүл. Үкен терезе. Кішкентай керует. Қоңыр қонжық. Сары үстел. Әдемі сурет. Жасыл кілем.
2. Бөлме әдемі, таза. Үстелдің үстінде кітап жатыр.Үстелдің үстінде шам тұр.Үстелдіңастында кілем жатыр. Бөлмеде әдемі гүл, керует, сурет бар.
10. Келесі сурет бойынша сөйлемдер құрастырамыз.
Орындықтың үстінде мысық отыр. Орындықтың астында ит отыр.
ΙV. Сергіту сәті. Ал енді демалып, бйымызды сергітіп алайық.
V.Жұмбақ шешу. Балалар сендер жұмбақ шешуді жақсы көресіңдер ме?
Ал енді жұмбақ шешіп көрейік.
1.Көкшіл айна үйдегі
Көрсетеді киноны.( Теледидар)
2.Алдына келесің,
Өзіңді көресің.
( Айна ) Осы заттар сендердің үйлеріңде, бөлмелеріңде бар ма?
Бүгінгі өткен сөздеріміз әр адамның үйінде, бөлмесінде кездесетін заттар.
VΙ. Жазбаша жұмыс.
Жазбаша жұмыс орындаймыз. Жоғалып қалған әріптерді табайық.
Сөздегі жоқ әріптерді қойып, жазайық.Әр оқушы тақтаға шығып жазады.
Б...лме, к...лем, г...л, қабыр...а, жа...а, ...демі, ...абат, ж...ма, жи...аз .
VΙΙ. Сабақты бекіту:
Қазір сендердің алдарыңа сурет таратамын.Бұл суретті түрлі-түсті қарындаш -пен бояйсыңдар. Осы суреттерді мен сендерге сыйға тартамын.
Түстерді бекіту. Шатырды, қабырғаны, терезені, есікті қандай түспен боядың?
Осы үйімізді, өзіміздің бөлмемізді қалай ұстауымыз керек?
Тағы не істеуіміз керек?
VΙΙΙ. Қорытындылау:
-Балалар, бүгін не істедік?
-Қандай жаңа сөздермен таныстық?
-Қандай ойын ойнадық?
-Тағы не істедік?
- Қандай тақырып өттік?
ΙХ. Бағалау.
Жарайсындар! Бәріңіз жақсы жұмыс істедіңіздер.
Х. Үйге тапсырма: 110- 111 бетті оқу,сөздерді жаттау.