3 сынып ?аза? тілі орыс сыныптарында. сыныптан тыс


Сабақтың тақырыбы: Қазақшаңыз қалай?Сабақтың мақсаты:1. Білімділік: Оқушылардың өткен тақырыптар бойынша алған білімдерін пысықтап, ой - өрісін, білім деңгейін көтеру.2. Дамытушылық: Түрлі әдіс - тәсілдер арқылы оқушылардың тіл байлығын, ойлау қабілетін, қазақ тілінде еркін сөйлеу шеберліктерін жетілдіру.3. Тәрбиелік: Оқушылардың мемлекеттік тілге деген қызығушылығын арттыру. Отанын, туған жерін, елін сүюге, халық дәстүрлерін сыйлауға тәрбиелеу, шапшаңдық пен зеректікке баулу.
Сабақтың түрі: танымдық сайыс сабақСабақтың формасы: топтықСабақтың әдістері: эвристикалық, репродуктивтікСабақтың тәсілдері: демонстрациялау, баяндау, көрсету, өздік жұмысСабақтың көрнекілігі: суреттер, интерактивті тақта, кеспе қағаздарПәнаралық байланыс: орыс тілі, дүниетану, математика, бейнелеу1 - жүргізуші: Құрметті әріптестер, оқушылар! Бүгінгі «Қазақшаңыз қалай?» атты танымдық сайыс сабағымызды бастауға рұқсат етіңіздер. Тіл сайысын өткізудегі мақсатымыз - басқа ұлт өкілдерінің мемлекеттік тілге құрметпен қарауын, сонымен қатар, өзара ынтымақтастықта жұмыс жасай алуға үйрету.2 - жүргізуші: Қадір Мырза Әлі айтқандай, ұлы қазақ даласында 130-дан астам басқа ұлт өкілдері бір шаңырақтың астында татулықта, сыйластықта өмір сүріп жатқаны бәрімізге мәлім. Қазақстан жерінде тұратын әр адам Отанын сүю, мәдениеті мен тілін білу және оларды қастерлеу қасиетті борышы екенін сезіну қажет. Осындай мақсатпен біздің мектебіміздің 3 - сыныптар арасындағы «Қазақшаңыз қалай?» атты танымдық сайыс сабағымызды бастаймыз.1 - жүргізуші: Бүгінгі сайыс мынадай кезеңдерден тұрады:1. Таныстыру. (өз тобын таныстыру)
2. «Өнерпаз болсаң...» (үй тапсырмасы: мақал, жаңылтпаш)
3. «Ыстық орындық» (сұрақ-жауап) 4. Сөздер сөйлейді... (шашыраңқы сөздерден сөйлем құрау)5. Топ басшыларының сайысы. (ия/ жоқ)6. Үш тілде сөйле. (шар ішіне сурет салынады, оқушы оны үш тілде айтады)7. Кім тапқыр? (нұсқау сөйлемдер арқылы суретті табу)8. Карточкамен жұмыс. (Фонетика)
9. сандарды сөйлет.
2 - жүргізуші: Сайыскерлердің білімін таразылап, өздеріне баға беруші әділ қазылар алқасымен таныс болыңыздар.
1 - жүргізуші:Беташарын сайысымыздың бастайық,Көрермендерді бір серпілтіп тастайық.Таныстырсын сайыскерлер өздерін.Өнеріне ду қол соғып қостайық.2 - жүргізуші:Әрбір тілде сөйле әлемді таң қылып,Ана тілін білмеу қандай заңдылық?!Өсер балаң, байтақ далаң тұрғанда,Қазақ тілі жасау керек мәңгілік!1 - жүргізуші: Енді, қай топ бірінші болып бастайтынын анықтау үшін қоржыннан асықты тандап, ойынның басынан аяғына дейін кім бірінші бастайтынын анықтайды.(Қоржыннан асықты алады: қызыл асықты алғандар бірінші, көк асықты алғандар екінші, ақ асықты алғандар үшінші)1 кезең. ТаныстыруІ топ. «Жас қыран»Қалықтап көкте жас қыран,Халықпыз сөзге тоқтаған.Тілімен топты жаратын.Тобымыз біздің - «Жас қыран»
ІІ топ. «Жас тұлпар»Тұлпардың байқа шабысын,Таңдаймыз жолдың алысын.Білім менен өнердеҚорғаймыз елдің намысын!
2 кезең. «Өнерпаз болсаң...» Оқушылардың дайындап келген өнеріне тоқталайық. 
3 кезең «Ыстық орындық»
Бұл кезеңде әр топтан бір оқушы шығып орындыққы отырады. 1 сұрақ қойылады. Берілген сұраққа тоқтаусыз, дұрыс әрі жылдам жауап беру керек. "Жас қыран " тобына: 
Сен қай ауылда тұрасың?
Сен қай мектепте оқисың?
Сенің сүйікті ісің?
Оқу құралдарын ата?
Апта күндерін ата ?
Қалам не үшін керек?
Жыл мезгілдерін ата?
Қазақ тілінде неше әріп бар?
Кітап не үшін керек?
Сен неше жастасың?"Жас тұлпар" тобына: 
Сен неше жастасың?
Сен қай көшеде тұрасың?
Отбасыңда неше адам бар?
Қазір қай жыл мезгілі?
Өшіргіш не үшін керек?
Бүгін аптаның қай күні?
Мемлекетіміздің астанасы қай қала?
Қазақ ақшасы қалай аталады?
Үй жануарларын ата?
Күз айларын ата?
4 кезең. Сөздер сөйлейді. Шашыраңқы сөзерден сөйлем құрайды.
"Жас тұлпар" тобына: 1. Әжем, менің, жаста, 70 - Менің әжем 70 жаста. 2. Барады, менің, балабақшаға, інім. – Менің інім балабақшаға барады. 3. Жұмыс, істейді, кітапханашы, кітапханада - Кітапханашы кітапханада жұмыс істейді. 4. Мектепке, барасың, сен, атаңмен. - Сен мектепке атаңмен барасың. "Жас қыран" тобына: 1. Әкең, жаста, сенің, 30. - Сенің әкең 30 жаста. 2. Жұмыс, істейді, аспаз, асханада - Аспаз асханада жұмыс істейді. 3. Қарындасың, 2-сыныпта, сенің, оқиды. - Сенің қарындасың 2-сыныпта оқиды. 4. Балалармен, Асан, ойнады, футбол. - Асан балалармен футбол ойнады. 
5 кезең Топ басшылар сайысы. Әр топтың топ басшысы ортаға шығып, қойылған сұрақтарға тек ия немесе жоқ деген жауап қайтарады.
«Жас тұлпар» тобының басшысы:
Бүгін ауа райы ыстық па?
Алматы қаласы қазір астана ма?
Сен сабақ жақсы оқисың ба?
Бүгін жаңбыр жаумады.
Қыста қар жауады.
Бота сиыр төлі.
Талда жүзім өсе ме?
Бір аптада жеті күн бар.
22 наурыз - аналар мерекесі
Жылқының сүті шұбат.
« Жас қыран» тобының басшына:
Бүгін ауа райы салқын.
Елордамыз Астана қаласы.
Қазақ тілі сабағы қызық.
Бүгін жаңбыр жауды.
Жазда күн ыстық
Лақ қой төлі
Алма суда өседі.
Бір тәулікте 25сағат бар.
8 наурыз - жаңа жыл
Жылқының сүті қымыз.
6 кезең. Үш тілде сөйлейік. Шар ішіне сурет жасырылады. Оқушылар шарды жарып, ішіндегі суретті үш тілде айтады.
Доп, алма, мектеп, кітап, мысық, балмұздақ, ана, қолшатыр, үй, көйлек.
7 кезең. « Кім тапқыр» Нұсқау сөзер арқылы суретті табу.
«Жас қыран» тобы «Жас тұлпар» тобы
Дәрігер 1.
Ара 2.
Аспаз 3.
Машина 4.
8 кезең. Жоғалған әріпті табу.
Көз, кұлақ,
9 кезең. Сандарды сөйлет. Дайындалған карточкадағы сандарды оқушылар айту керек.

1-жүргізуші: «Қазылар орнықтырар әділдікті, Кімдердің жауаптары кәміл шықты. Білім мен тапқырлықтың сайысында, Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты», - дегендей, сайыскерлерімізді бағалау үшін әділ қазыларымызға сөз берейік. ІІІ. Қорытындылау 2-жүргізуші: Құрметті ұстаздар мен оқушылар, «Қазақшаңыз қалай?» атты сайысымыз өз мәресіне жетті. Тіл - әр ұлттың қайталанбас байлығы. Тіл бар жерде ұят та, ел де, жер де болмақ. Тілден артық қазына, тілден артық қасиет жоқ екеніне тағы көз жеткіздік. Сау болыңыздар!