Тігін машинасын ж?мыс?а дайындау саба? жоспары 5-сынып?а арнал?ан.О?ушылар?а тігін машинасын ж?мыс?а дайындауды, тігін машинасында д?рыс отыру т?сілдерін, тігін машинасыны? жо?ар?ы ж?не т?менгі б?ліктеріне жіп ?ткізу ережелерін ?йрету.


сыныбы 5Сабақтың атауы Тігін машинасын  жұмысқа дайындауСілтеме Технология оқулығы, интернет желісі.
Жалпы мақсаты Оқушыларға тігін машинасын жұмысқа  дайындауды, тігін машинасында дұрыс отыру тәсілдерін, тігін машинасының жоғарғы және төменгі  бөліктеріне жіп өткізу ережелерін үйрету.
Оқыту нәтижесі Тігін машинасының құрылысымен таныса отырып, жұмыс жасауды үйренеді.
Негізгі идеялары Топпен жұмыс жасату арқылы оқушыларды ұйымшылдықпен жұмыс атқаруға шақыру. Деңгейлік тапсырмалар беру арқылы дарынды оқушылармен жұмыс жүргізу.
Тапсырмалар Мұғалім тарапынан берілетін тапсырмалар Оқушыдан күтілетін іс-әрекет, нәтиже Көрнекілік, слайд, видео
Ұйымдастыру кезеңі
Бағалау критерийлары
Оқушыларды ұйымдастыру.
Оқушыларды түгендеу
Құрал жабдықтарын тексеру
Бағалау критерийлары Кезекшінің есебі.
Өздерінің жұмыстары қалай бағаланатынын түсінеді.
Қайталау  сұрақтары  арқылы:1. Тігін машинасының түрлерін атаңыз. (қол машина,аяқ машина,электрлі машина,арнайы машина)\2.     Тігін машинасының  жобасын ұсынған кім? (Леонардо да Винчи)3.     Мата неден тұрады? (Талшықтан)4.  Матаны ылғалды-жылумен өңдеу дегеніміз не? ( Матаны үтіктеу)5. Үтіктеу кезінде  нені ескеру қажет? (Ереже)6.  Қол тігісінің түрлерін атаңыз. (Көктеу,жөрмеу,көмкеру,тор тігісі,кесте тігістері)7. Су бүріккіш пен дәке не үшін қажет? (Мата күйіп үтік табанына жабысып қалмау үшін)8.     Кесте тігу үшін қандай еңбек құралдары қажет? (Кергі,ине,жіп,мата,қайшы)9.Исаак Зингер қай жылдары тігін машинасын ойлап тапты? (1850-1851 )10.  Ресейдің қай қаласында Зингер зауыты ашылды? (Подольск)11. Еңбек құралдарын атаңыз.(мата,ине,жіп,қайшы,желім,қағаз,тігін машинасы т.б.)12. Қол инемен жұмыс кезіндегі ескеретін  ережелер. (Жұмыс басында ине санын санау,қисық инемен жұмыс жасамау,сынған жағдайда мұғалімге тапсыру,жұмыс аяғында мұғалімге санап тапсыру.)13. Инешаншым дегеніміз не? (Бұйымның бөлшектерін тігу)14. Тігім дегеніміз не? (Бірнеше рет қайталанған инешаншым)15. Тігіс дегеніміз не? (Бөлшектердің біріккен орны) Жазбаша түрде сұрақтарға жауап беру Қызығушылығын ояту Тігін машинасында жұмыс жасаудан бұрын оны жұмысқа әзірлейді. Жоғарғы және төменгі жіптерді өткізеді,тігістің ұзындық жүрісін фрикциялық винт арқылы реттеп отырады.Егер махавик дөңгелекті айналдырғанда ине  қозғалса ол жұмыс істеуге дайын болғаны.Бос жүрісте махавик дөңгелек айналып ине қозғалмайды.Жіпті инеге  машинаға дұрыс өткізбесе  машина дұрыс жұрмейді.Төменгі жіпті шөрікке кигізеді,жіптің тартылысын реттеп  отыру үшін шөріктің қабын қолданады. Мұқият тыңдау 2-тапсырма Тігін машинасының жоғарғы жібін өткізу ережесі.
-Тігін машинасын жұмыс қалпына келтіріп инені жоғары көтеріп қой.
-Жіпті қорабымен арнайы шегеге кигізіп ,қажетті тетеіктерден өткіз
-Жіпті жоғары жіптің тартылуын реттейтін екі сақинаның арасынан компенсациялық серіппенің ілмегінен өткіз.
-жіпті инеге сабақтау.
Тігін машинасының төменгі жібін  өткізу ережесі.
-Жібі оралған шөрікті қабына кигіз.
-Жіпті шөрік қабының жіпті тартып тұратын серіппесінің астынан өткіз.Жіптің ұшын 10-15 см артық қалдыр.
-Шөрікті тігін машинасының астыңғы құрылғысына орналастыр,сырт еткен дыбыс естілгенде шөріе дұрыс орналасқаны.
-Ысырмалы қақпақшаны жауып,инені жоғары-төмен қозғап төменгі жіпті суырып шығару керек.Жоғарғы жіп пен төменгі жіптің ұшын тартып,табан астынан кері  жібер.
Берілген ережені есте сақтап оқып шығу 3-тапсырма Машинада дұрыс отыру тәсілдері:
-жұмыс орнына жарық сол жақтан немесе алдыңғы жақтан түсіп тұру қажет.
-отыратын орындық пен тігін машинасының ара қашықтығы 10-15 см болуы керек.
-құрал – жабдықтар арнайы қорапта тұруы керек.
-тігін машинасының айналатын бөлшектеріне жақындауға болмайды. Есте түсіру қауіпсіздік ережелерін 4-тапсырма Практикалық жұмыс
Мұғалім қадағалау,қатемен жұмыс жасау. Тігін машинасында оқушылар тігіс жүргізіп үйрену.
Қорытынды 1.Тігін машинасында дұрыс отыру ережелері қандай?
2.Тігін машинасының жоғарғы жібін өткізу ережесі қандай?
3.Тігін машинасының төменгі жібін өткізу ережесі қандай? Сұрақтарға жауап беру Кері байланыс жасау Стикерге жазу. Ұғынықсыз жерлерін Оқушылар өз ойларын айтады. Оқушыларды бағалау Жұмысты орындауларына байланысты бағалау Жұмыстарын тексерту Үйге тапсырма беру Тігін машинасымен жұмыс жасау кезіндегі қауіпсіздік ережесін жаттау. Күнделікке үй тапсырмасын жазып алады.