Тарма?тал?ан алгоритмдер. Тарма?талу командасы


Тәрбие сағаты: Аталар мұрасы – халық қазынасы
Тақырыбы: Аталар мұрасы – халық қазынасы.
Мақсаты:
а. Білімділік: Аталардан қалған ұлағатты ғибрат аларлық сөздерді балаларға ұғындыру;
ә. Тәрбиелілігі: Сол сөздерден өнеге алуға баулу.
б. Дамытушылығы: Ойын нақты дұрыс жеткізуге, тапқыр сөйлеуге, ақылды, салмақты ой айтуға үйрету.
Сабақтың түрі: Тәрбие сабағы
Көрнекілігі: сөз жұмбақ, көрініс
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі:
1.Оқушылармен сәлемдесу
2. Оқушыларды түгендеу
3.Сабаққа көңілін аудару
Жүргізуші:
Құттықтаймыз мейрамыңмен аталар!
Әр күлгенің бізге бақыт саналар
Еңбегіңді еш етпейтін өмірде
Елің, жұртың, ұл мен қызың бағалар
Ана мейір күн көзімен пара-пар
Тұла бойға қуат болып таралар
Өміріме шуақ шашып әрқашан
Көп жасаңдар аталар мен аналар!
Жас ұлғайып, кәрілік кезеңге аяқ аттау – қазақ қауымын қай уақытта да ойлантып, толғандырған. Өзі де дәулетті әулеттен, не ішем, не кием деп бас қатырмай ән қанатына тербелген Біржан сал: «Әудем жер баса алмаймын аяғымнан,
Ұстаймын екі қолдап таяғымнан.
Кәрілік келіп қалдың қай жағынан?»-деп жырласа, Абай атамыз да:
«Қартайдық, қайғы ойладық, ұлғайды арман», - деп күңіренген.
Ащы айқайымен Сыр бойын ұйқыдан оятқан ер Нартай да:
«Қартайдым, елім, қартайдым,
Келе де береді жантайғым»,- демеп пе еді.
Ия, кәрілік дегенің, бажайлап көрсең, қуанышы аз кезең сыңайлы. Дегенмен өлі арыстаннан тірі тышқан артық дегендей, бір- бірімізге ұзақ ғұмыр тілеп, «жүз жаса», «жағың түскенше,жаманшылық көрме», «шөбереңнің алақанынан су іш» деп жатамыз.
ІІ. 1-оқушы: Атам менің
Атам менің төрт-ақ класс бітірген,
Айыра алмайды бөлшекті де бүтіннен.
Білмейді ол ендікті де бойлықты,
Сонда да атам ой керемет, ой мықты!
Қиқаң-қиқаң қозғап қойып арқасын,
Жатқа айтады Европаның картасын.
Жатқа айтады Европаның картасын,
Өзен-көлін, орман-нуын, тау-тасын...
- Бәрін, ата, қайдан білдің оқымай,
Жаным атам, қайдан білдің оқымай?!
- Жауынгерлік жас шағымда ер күнде,
Жаяу жеттім Москвадан Берлинге.
Жорықтарда ой мен қырын сүйгенбіз
Европаның азаткері, біздерміз! М. Әлімбаев
2-оқушы: Қариялар азайып баражатыр.
Ақиқатты айқындап жариялар
Бара жатыр азайып қариялар.
Дауыл тұрса бүлк етіп толқымайтын
Бара жатыр сарқылып дариялар.
Неменеңе жетістің, бала батыр,
Қариялар азайып бара жатыр.
Бірі мініп келместің кемесіне,
Бірі күтіп әнеки жағада тұр.
Ақыл айтып жүрмесе қасымызда,
Сонда орнайды жетімдік басымызға.
Жалаңашқа шекпенін шешіп беріп,
Бір күлшесін бөліскен ашымызға.
Неменеңе жетістің, бала батыр,
Қариялар азайып бара жатыр…
ІІІ. Көрініс
Баласы: Ассалаумағалеукум, ата!
Атасы: - Уа алейкум ассалам! Аманбысың, балам!
Баласы: Әке, сен жылап көрдіңбе?
Атасы: - Өй, садағаң кетейін! Жыламайтын адам бар ма?
Баласы: -Жоқ, ата. Кәдімгідей деймін де... Егіліп, шын көңілмен дегендей...
Атасы:
-Балам, ол есте тұра ма? Ойлап отырсам 30-40 жыл сиыр баққан екенмін. Ал қарасаның жағдайын фермеда өскен өзін де білесің. Бала кеземізде бұзау аяғымызды басып кетсе де де, жылай беретін едік бірақ менің көнілім берік,қаталдау, қатты болдың ба? Еніреген де, етегін толып көрген жоқ...
-Ия,Ұлым! Мен жылап көрдім тағдыр деген нен қаншама таяқ жесем де міз бақпаушы – ақ дейтінмін. Мені тек шешенің құрсақ көтермей өзің іспетті түтін шығарар ұлдың дүниеге келмеуі қинайтын-ды. Сен тұғанда қатты езіл қуанып кеттім бе? Көзімнің жасы тоқсайшы. Осы салауды неге қойып отырсын, Ұлым?
Баласы: -Жәй, өзімнің де көңілім босап кеткеннен соң...
Атасы:
-Тек, сенің көңілің не жетпей босайды? Ұлды болдын ба?
Баласы: -Ой! Қызықсың ата менде де қуаныш бар ғой, мектеп бітірдім.
Атасы:
-Кім тауыспай жатқан мектеп дейсің?!
Баласы: Әйтсе де бір түрлі екен. Енді не істерімді білмей отырмын
Атасы:
-Сиыр бағасың ба?
Баласы: Жоқ ата оқимын.
Атасы: Балам, үйдегі алтын қазық кім?
Баласы: Ата үйдегі алтын қазық бала.
Атасы Жоқ, үйдегі алтын қазық – ана. Ана ақылды болса, бала дана болады. Ана тәрбиесі қызға, әке тәрбиесі ұлға үлгі. Ана – ақылшын, әке – қамқоршың, ағаң – қорғаушың, інің – сүйенішің, қарындасың-қанатың екеннің ұмытпа. Ананы сыйламағаның ақылы кем, әкені сыйламағаның жақыны кем. Ананың мейрімі көзінде, ықыласы көңілінде, ақылды сөзінде болады балам.
Баласы:
Ата! Қол бастау қиын ба,
Жол бастау қиын ба,
Сөз бастау қиын ба?
Атасы: Е, балам!
Қол бастау қиын емес,
Көк найзалы ерің болса,
Жол бастау қиын емес,
Соныңнан ерген елің болса,
Бәрінен де сөз бастау қиын.
Тауып айтсаң, мереке қылады.
Таппай айтсаң, келеке қылады.
Баласы Дұрыс айтасыз, дұрыс айтасыз.
Атасы: Е,балам!
Таза мінсіз асыл сөз,
Ой түбінде жатады.
Таза мінсіз асыл тас,
Су түбінде жатады.
Су түбінде жатқан тас,
Жел толқытса шығады.
Ой түбінде жатқан сөз,
Шер толқытса шығады.
Атасы: Сөз туралы ұлағатты сөздер өте көп
Әділ төре ел бастар,
Батыр жігіт жау бастар.
Аға жігіт қол бастар,
Шешен адам сөз бастар.
Құсты жисаң,бүркіт жи.
Қыс тоныңды түлкі етер.
Бір жақсымен дос болсаң,
Азбас – тозбас мүлк етер.
Бір жаманмен дос болсаң,
Бүкіл алаңға күлкі етер.
Атасы: Иә, балаларым, сөз кезегін түйіндейтін болсақ
Ақыл – адамды аздырмайтын ем.
Білім – таусылмайтын кен.
Адамның басшысы - ақыл.
Жетекшісі – талап.
Шолғыншысы – ой.
Жолдасы – кәсіп.
Қорғаны – сабыр.
Қорғаушысы – мінез болуы керек.
IV. Мақал-мәтел сайысы.
Жас кезімде бейнет бер,
Қартайғанда зейнет бер.
Көпті көрген дана болар,
Қартайып кетсе бала болар
Көп жасап, күміс болғанша,
Аз жасап, алтын бол.
Жас әдемі болғанмен,
Қарт ақылды емес пе.
V. Ойлан-тап.
Бұл кезеңнің сұрағы,
Көпшілікке ұнайды.
Көп сұрақтың орнында,
Қандай сөздер тұрады.
Ойланайық азырақ,
Уақытты үнемдеп.
Кім айтады кәнеки?,
Жауабын мен білем деп
Сұрақтары:
1) Қарияға ......... жасау (қамқор)
2) Қариялардың табысы? (зейнетақы)
3) Немеренің баласы атаға кім болады? (шөбере)
4) Ақылды қария –ағып жатқан ....... (дария)
5) Бас киім. (тақия)
6) Ата көркі.... (сақал)
7) Қарттардың үшінші аяғы. (таяқ)
8) Кәрі, кәрінің сөзі-......... (дәрі)
VI. Кім жылдам.
1. Түйе, бота маң басқан,
Төрт аяғын тең басқан.
Шумақ құлақ бес ешкі,
Қос лақты, қос ешкі.
Тор қозылы екі қой
Бәрін бірге ойлап қой. (17 бас мал)
2. Атам, әжем, ағаммен.
Әкем, інім және мен, анам және енесі
Енесінің бөлесі, отыр едік шай ішіп.
Жеңгем кірді майысып, арқасында кіші інім.
Саны қанша айта ғой, үйдегі бар кісінің? (11 адам)
Қорытындылау:
«Бабаларым, рахмет сендерге!
Балаларым болмасын деп бос кеуде,
Қобызыңмен қосып ән мен тіл бердің,
Өмірге мен мылқау болып енгенде
Бабаларым, рахмет сендерге!»,- деп Мұқағали Мақатаев атамыз айтқандай міне, балалар, біз өзіміздің ата-әжелеріміз алдында қарыздармыз. Ол қарызымызды тек жақсы тәрбие арқылы, адамгершілігі мол, мейірімді болу арқылы ғана, оларды көрген жерде құрметтеп сыйлау арқылы ғана қайтара аламыз.
Қарттарымызды ардақтап өтейік! Оларды сыйлаңдар, қадірлеңдер!
Осымен бұл қызықты тамамдасақ,
Бұл жайды айтамыз ба жаман болсақ.
Үйрендік білмегенді осы жолы,
Тағы да үйренеміз аман болсақ! –дей келе ойынымызды аяқтаймыз. Назар
қойып тыңдағандарыңызға рахмет!