Алгоритмді жазу пішімі. Алгоритм типтері: сызы?ты?, тарма?тал?ан ж?не циклдік алгоритмдер


Пәні: Информатика Сабақ №9 Сынып: 6 «А, Е, К» Күні:________
Сабақтың тақырыбы: Алгоритмді жазу пішімі.
Алгоритм типтері: сызықтық, тармақталған және циклдік алгоритмдер.Сабақтың мақсаты: Оқушылардың алгоритм ұғымымен таныстыруды жалғастыру, оның жазу пішімдері мен блок-схема құруды үйрету, алгоритм типтерімен таныстыру.Сабақтың міндеттері:1. Білімділік: Оқушыларды алгоритм типтерімен таныстыру және блок-схема ұғымдары туралы білімдерін қалыптастыру.2. Дамытушылық: Оқушылардың алгоритм ұғымын тануда білімдерін, ой-өрістерін дамыту.3. Тәрбиелік: Оқушыларды тәрбиелей отырып білім беру.Сабақ типі: Аралас сабақСабақ түрі:Дәстүрлі  сабақӘдіс-тәсілдер: Жұптық жұмыс, сұрақ -жауапҚұрал-жабдықтар: Компьютер, блок-схемаПәнаралық байланыс: МатематикаКүтілетін нәтиже: Оқушылар алгоритм типтерін біледі және блок-схема құра отырып, есептер шығарады.Сабақтың  барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі:а) компьютерлдерді қосып дайындау;ә) оқушылармен сәлемдесу;б) оқушыларды түгендеу;ІІ. Үй тапсырмасы: «Алгоритм ұғымы. Алгоритмнің атқарушылар» түсінік сұрау.ІІІ. Білімдерін тексеру:1. Алгоритм дегеніміз не?2. Алгоритм сөзі қайдан шыққан?3. Алгоритм қасиеттері қанша?4. Алгоритм қасиеттеріне түсініктеме бер?5. Алгоритмге мысал келтір?ІV. Мақсат қою:Алгоритмнің типтерімен таныса отырып: сызықтық, тармақталған және циклдік алгоритмдердің блок-схемалары әртүрлі болатындығын есептер шығару арқылы түсіндіру.V. Жаңа материалды түсіндіру:Алгоритмді жазу тәсілдері:1. Табиғи тілде2. Арнайы түйінді сөздер – терминдер, псевдокодтар арқылы жазу. Қарапайым алгоритмдік тілдер қолдану.3. Блок-схема түрінде.4. Программалау тілінде жазу.Алгоритмді блок-схема түрінде жазу және оны программалау тіліне аудару кеңінен қолданылады. Кеңінен қолданылатын тәсіл – алгоритмді блок-схема түрінде жазу. Алгоритм схемасын блок-схема деп атайды.