Саба? жоспары 1989 жылы?ы Жа?а?зен о?и?асы (9 сынып)


Тақырыбы 1989 жылығы Жаңаөзен оқиғасы.
Мақсаты Қазақстан тарихы үшін 1989ж. Жаңаөзен оқиғасының алар орынын айқындау,
жаңа сабақ барысында ол оқиғаны оқушылардың ұғынуына ықпал ету. 1989 ж. Қазақ халқының қордаланған проблемаларға деген наразылық көзқарасынан туындаған көрінісі- Жаңаөзен оқиғасы туралы мәлімет беру.
Күтілетін нәтиже 1989 жылғы Жаңаөзен оқиғасысы туралы біледі.
7 модульдің қолданылуы АКТ”, “Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер”, “Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау”, “Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету
Қолданылатын әдіс-тәсілдер Миға шабуыл, Инсерт, Сөздер банкісі, Ыстық орындық, Кім шапшаң
Қолданылатын ресурстар Флипчарт, маркерлер, портреттер, тақта, стикерлер, ноутбук
Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен амандасып, түгендеп, оқушы назарын сабаққа аудартады, топқа бөледі
Мұғалім оқушыларды үшін Қазақстан, Алматы, Жаңаөзен, Қарағанды атауларымен топқа бөледі. Оқушылар топқа бөлініп, өз топбасшыларын сайлайды.
Топ ішінде тәртіп ережелері талданып , сол арқылы сыныптың алтын ережесін құрады.
Сабақ кезеңдері Тапсырма Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушылардың іс-әрекеті
Білім
Қызығушылық
тарын ояту «Сұрақ-жауап»әдісі арқылы үй тапсырмасын пысықтау. Үйге берілген тапсырманы сұрақ-жауап арқылы диалогқа түсіру. Үйге берілген тапсырма бойынша әртоп сұрақтар жазып, келесі топқа жолдайды.
Түсіну .
Қолдану Оқулықпен жұмыс
«Жаңаөзен оқиғалары» Тақырыптың мазмұнын қысқаша баяндайды.
Жаңаөзен оқиғасы.
• 1989жылдың жазында Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласында орын алған оқиғаның болу себептері?
• -Жастар арасындағы жұмыссыздық.
• -Жергілікті халықтан мұнай-газ кен орындарына басшылық кадрлар алынбады.
• -Республикадан тыс жерлерден келген өзге ұлт өкілдерінің халқымызды жан-жақты дөрекілікпен кемсітуі.
Маңғыстау облысы мен Жаңаөзен қаласын картадан табу.
«Маңғыстау» сөзінің мағынасына тоқталу./1973-20нау.құр/-1988ж. тарт/1990ж. Құрылды/

Оқиға барысы:
- Республикадан тыс жерлерден келген ұлт өкілдерінің халқымызды жан-жақты дөрекілікпен кемсіту барысында- кавказ ұлттарының өкілдерімен қақтығысу.
- Қақтығыс жергілікті халық пен қалада тұратын кавказ ұлттарының өкілдері арасында болды.
Оқиға салдары:
- Республикадан тыс жерлерден келген вахтамен жұмыс істейтін өзге ұлт өкілдерін қаладан әкетілді.
- - Көптеген мәселелер шешімін ұзақ уақыт шешімін таппады.
- - Бұл оқиға еліміздің басқа қалалар мен жұмысшы қалашықтарында ереуілдер болуына әсер етті.
- - 1989жыл,шілде.(Донбасс -Украина, Кузбасс-Ресей)Қазақстанда Қарағанды көмір алабы кеншілері де ереуілге шықты.
Қарағанды көмір алабы кеншілерінің ереуілі.
Кеншілерден құралған ереуіл комитетін Д.Тегісов, П.Шлегель, М.Рамазанов,В.Перебейнос басқарды.
-Ереуілді тыныштандыру үшін келген КСРО Көмір өнеркәсібі министрі М.И.Щадовтың жауаптары мәселені шешпеді.
-Қарағандыға шұғыл түрде келген Қазақстан Компартия ОК-нің І-хатшысы Н.Ә.Назарбаевтың бірнеше рет болған ереуілшілермен кездесуінен кейін ереуіл тынышталды. Оқушылардың мақсаты мұғалімді тыңдау, өз ойлары мен пікірлерін айту
Әдіс бойынша жаңа тақырыпты меңгереді және өз пікірлерін ортаға салады.
Талдау «Ыстық орындық» арқылы тақырыпты талдау
Тақырып жарысы 1989 жылығы Жаңаөзен оқиғасы, Қарағанда кеншілері ереуілінің себептері мен сипаты
Әр топтан ортаға оқушы шығып өз ойларын бүгінгі сабақ жайлы айтып кетулерін тапсырдым. Тақырып алған топтар сол тақырыпшаны оқып шығады. Оқушы өздеріне берілген тапсырманы 1 минутта тақтада айтып- түсіндіріп береді. Берілген тапсырманы уақытылы орындау, сұрақтарға нақты жауап беру керек.
Оқып біткен соң әр топтан оқушы ортаға ыстық орындыққа отырып тақырып жайлы сөйлеп не түсінгенін айтады. Бірін – бірі тыңдайды. Әр топтан сөйлеген ортаға шығып оқушыны сол топтың оқушысы толықтырады.
Жинақтау Қауырсын әдісі Жаңа тақырыпты «Қауырсын» әдісімен бекіту. Оқушылар жаңа тақырыпқа байланысты бір-біріне қауырысын беру арқылы бір сөйлемнен айтып шығады.
Бағалау Өзін-өзі бағалау. Бағалау парақшалары Бағалау парақшасы мен бағалау шкаласын тарату. Өзін өзі топпн бағалайды
Рефлексия Стикерлерді толтыру
ББҮ кестесі Оқушыларға стикер толтыруды ұсыну Ұсынылған стикерді толтыру