Бауырая?ты ?лулар класыны? жалпы сипаттамасы. ??рылыс ерекшеліктері,тіршілігі


Күні:Сынып:7
Сабақтың тақырыбы:Бауыраяқты ұлулар класының жалпы сипаттамасы. құрылыс ерекшеліктері,тіршілігі . №3 зертханалық жұмыс
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың білім дағдысын қалыптастыру
Дамытушылық: Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру. Оқушылардың өзін – өзі дамуына жетелеу және оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілетін арттыру.
Тәрбиелік: Ұқыптылыққа тәрбие және табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру.
Сабақтың типі: Жаңа сабақты игеру
Сабақтың көрнекілігі:плакат
І Кіріспе
І. Ұйымдастыру кезеңі: - оқушылармен амандасу
- сыныптың тазалығын тексеру
- сыныптың кезекшілігін анықтау
- оқушыларды түгендеу
- сабаққа дайындықтарын тексеру
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:
1. Денесінде қылтандары болмайтын буылтық құрт.
2. Құрамы нәруызға бай, сүліктің сілекейінде болатын, қанды ұйытпайтын ерекше зат.
3. Егістік жерді жыртқанда қарғалар теріп жейтін буылтық құрт.
4. Әрі аталық, әрі аналық жыныс мүшелерінің бір құрттың бойында болуы
5. Көпқылтанды буылтық құрт
6. Буылтық құрттар типінің теңізде мекендейтін түрі.
7. Шұбалшаңның қанның түсі
Жауаптары.
1. Сүлік
2. Гирудин
3. Шұбалшаң
4. Гермафродит
5. Құмқазар
6. Нереида
7. қызыл
ІІІ Негізгі бөлім. Жаңа тақырыпты түсіндіру кезеңі
Ұлулар денесі жұмсақ, үш қабатты, екіжақты симметриялы көпжасушалы омыртқасыз жәндіктер. Олардың денесі бастан, тұлғадан, аяқтан, бақалшақтан және бақалшақ қалдығынан тұрады. Ұлулар типіне бұрын «былқылдақденелілер» деген атау пайдаланылған. Ұлулар типінде 130 мыңнан астам түр бар деп есептеледі.
Ұлулар типі

Бауыраяқтылар Қосжақтаулылар Басаяқтылар
Ұлулардың буылтық құрттардан негізгі ерекшелігі – денесі бунақтарға бөлінбейді. Тұлғадан ерекше қатпарлы қабат – шапанша (мантия) түзіледі. Тұлға мен шапанша аралығында шапанша қуысы болады, ал шапаншаның үстіңгі бетінен бақалшақ қалыптасады.
Асқорыту жүйесі едәуір күрделі. Дененің алдыңғы бөлігіндегі ауыз тісшелері – үккі тілге және жұтқыншаққа жалғасады. «Бауыр» деп аталатын асқорыту безінің аузы қарынға ашылады. Көпжасушалы жәндіктерден бұрын кездеспеген асқорытуға қатысатын без бауырды ұлулардан бірінші рет байқаймыз.
Тағы бір ерекшелік – ұлуларда қантарату жүйесі ашық. Көптеген ұлулардың қаны түссіз. Қанның түсі көгілдір (басаяқтылар) ұлулар да бар. Жүректе бір немесе екі құлақша, бір қарынша болады.
Құрлықта тіршілік ететін ұлулар өкпемен тыныс алады. Суда тіршілік ететіндерінің тыныс алуы шапанша астында орналасқан желбезектер арқылы жүзеге асады.
Ұлулардың зәршығару жүйесі бір немесе екі бүйректен және несепағар түтіктен құралады.
• Бауыраяқты ұлулар класы.
Бұлар – теңізде және құрлықта тіршілік ететін жәндіктер. Оларды көлдерден, тоғандардан, суқоймалардан да кездестіруге болады. Түйіртек, жұмырлақ көлдерде және тоғандарда өмір сүреді. Шалшық ұлуы, тоспаұлу және қошмармүйіздер баяу ағатын суқоймаларда кездеседі. Жүзім ұлуын – жүзімдіктен, ал жалаңаш шырышты бау – бақшалар мен өзге заттар астынан кездестіре аламыз.

жүзімұлу; 2 – тоспаұлу, 3 – жалаңаш шырышты, 4 – қошқармүйіз
ІҮ Бекіту кезеңі.
№3 зертханалық жұмыс «Ұлулардың сыртқы құрылысын зерттеп білу және салыстыру»
V Үй тапсырмасын беру кезеңі: §45 оқу, 209 беттегі «Біліміңді сына»
V Бағалау. Оқушыларды бағалау.