Д?ниетану ашы? саба?. ?зен ж?не к?лдер.


Маңғыстау облысы Ақтау қаласы.
«Мектепке дейінгі шағын орталығы мен гимназия сыныптары бар №6 жалпы білім беру орта мектебі» ММ. Бастауыш сынып мұғалімі: Исашева Куланда Битимбаевна
Тақырыбы: Өзен және көлдер
Дүниетану 4 – сынып.
Сабақтың тақырыбы: Өзен және көлдер

Сабақтың мақсаты: - Оқушыларға өзен және көлді таныстыра отырып, ұқсастығы мен айырмашылығын ажырату. Табиғи судың таралуы жайлы таныстыру.
- Оқушылардың танымдық белсенділіктерін арттыру, шығармашылық ізденістерін дамыту.
- Табиғатта су өте көп болғанымен тұщы судың аздығын ұға отырып, суды қорғауға экологиялық тәрбие беру.
Сабақ түрі: жарыс сабақ.
Әдістері: сұрақ - жауап, талдау, салыстыру, іздену, жинақтау.
Көрнекілігі: Қазақстанның физикалық картасы, өзендер мен көлдердің суреттері, венн диаграммасы, тест.
Сабақ барысы:
Бағалау – мотивациялық кезең;
Психологиялық дайындық;
Күн мен сені сүйемін.
Саған басымды иемін,
Жылу бер, шуақ бер.
Мейірімді қуат бер.
4080510259080-1028065259080А) Топқа бөлу.
1228585216426
Ә) Бағалау парағы.
Өткен тақырыптар бойынша білімдерін пысықтау.
І – топ Тамшы тобы: Жер асты суы қалай пайда болады?
ІІ – топ Бүршіктер тобы: Жер асты суының пайдасы?
ІІІ – топ Гүлдер тобы: Табиғаттағы су айналымы.
«Бәйге» жарыс. Үш топқа сұрақтар.
Судың қандай қасиеттерін білесің?
Су түссіз, мөлдір, иіссіз.
Табиғатта су неше күйде кездеседі?
Табиғаттағы су үш түрлі:сұйық, қатты, газ тәріздес бу күйінде кездеседі.
Жер асты суы дегеніміз не, қалай пайда болады?
Қазақстанның көптеген қалалары мен ауылдары жер астының тұщы суын пайдаланады. Ол үшін түрлі тереңдіктегі құдықтар қазылады. Құдық суы таза, мөлдір, салқын болады.Маңында өзен, көлі жоқ елді мекендер құдық суын мал суару үшін де пайдаланады.
Құдық не үшін қазылады?
Бұлақ қалай пайда болады?
ІІ. Операциялық - орындаушылық кезең.
Балалар, мына «Сөзжұмбақты» дұрыс шешсек, бүгінгі сабақтың тақырыбы шығады.
Қатты қара түсті зат (көмір)
Қонақжай халық (қазақ)
Адамды адам еткен (еңбек)
Майлы, қоймалжың сұйық зат. (мұнай)
Физикалық картада су қандай түспен боялған (көк)
Тілсіз жау (өрт)
Жер бетіндегі ауаның 1 жерден 2 - ші жерге ауысуы (жел)

Оқулықпен жұмыс.
Адам тіршілігі үшін өзен мен көлдің қандай маңызы бар?
Қазақстанда ірілі - ұсақты 85 мың өзен бар. Олар Жайық, Ертіс, Есіл, Сырдария т.б. Тұщы судың бір көзі - өзен. Қалалар, елді мекендер өзен жағасына салынады. Ертіс өзенінің бойында Өскемен,Семей, Павлодар қалалары орналасқан.Өнеркәсіп орындары да өзен маңына таяу салынады. Өйткені олар көп мөлшерде тұщы суды қажет етеді. Үлкен өзендер аса маңызды қатынас жолы. Оларда кемелер жүзіп , жолаушылар мен жүк тасиды. 48 мыңнан астам көлдер бар. Каспий теңізі, Арал теңізі, Балқаш, Зайсан, Алакөл ірі көлдер. Жазық жердегі өзендер баяу ағады. Тау өзендерінің ағысы қатты болады.
Өз жеріміздегі Каспий теңізі туралы не білеміз? Каспий көлдердің ең үлкені. Суы ащы. Сондықтан оны адам арнаулы қондырғылармен тұщыландырып пайдаланады. Елек өзені Жайық өзеніне құяды. Жайық өзені суы үлкен көл - Каспий теңізіне құяды.
191246-6625
Каспий теңіз жағасында
Кішкентай Ақтау қаласында
Оқып білім алудамыз,
Ата - ана, ұстаз арқасында.
12341252343Венн диаграммасы. Өзен, көл.
Жылғалар бір - бірімен қосылып өзен құрайды.
Көлдер жер бетіндегі ойысты жерлердің суға толуынан пайда болған.
Өзен және көл тақырыбын тізбектей оқып танысамыз.
Шығармашылықпен жұмыс.
І - топ 2,3 сыныптарда өткен тақырыптарымыз бойынша есімізде қалған Өзен және Көл туралы өлең шумақтарын айтып беру , немесе өзіміздің Каспий теңізімізге арнап өлең шығару.
ІІ - топ Көлдің суретін салу.
ІІІ - топ Өзеннің суретін салу.
«Бәйге» жарыс. Мақал - мәтелдер (өзен, көлдер туралы)
Өрісіне қарай мал өсер, өзеніне қарай тал өсер.
Көлдің көркі - құрақ, таудың көркі – бұлақ.
Өткелін білмесең, судан өтпе.
Жұмбақ шешу
Еліміздегі ең сулы өзен
Таситын кезі ең жылы кезең.
Шаруашылықта маңызы зор
Табасың оны, ойлансаң, сезем. (Ертіс)
12341265043
Бекіре балық байлығы болар,
Тасыған кезде арнасы толар.
Кемелер жүзіп еліміз үшін,
Бұл өзен тасымал шаруаға жарар. (Жайық)
-60325153670
Алады басын аласа таудан
Ағатын маңы жазықты аудан.
Жаныңа жақын таныс бір өзен,
Айтпастан бұрын жақсылап ойлан. (Жем)

150636665057(Суретке назар аударту) мына суретте Айдос деген бала балапандарын ертіп , көлдің жағасына келеді. Көлдің жағасында балапандарының бір- екеуін жоғалтып алады.Ол үшін Айдосқа не істеуіміз керек? (балалардың жауабы)
Өзен қалай пайда болады?
Өзеннің басталатын жері қалай аталады?
Өзеннің сағасы деген не?
Өзен физикалық картада қалай бейнеленеді?
Картамен жұмыс.
Қазақстанның физикалық картасынан ірі өзендерді табайық.
(Ертіс, Тобыл, Есіл, Жайық, Сырдария, Іле, Шу)
2935825645
Көл деген не?
Көлдердің көлемі қандай болады?
Көлдердің суы қандай болады?
Дүние жүзіндегі ең терең көл?
Көл физикалық картада қалай бейнеленеді?
-384175276860Физикалық картадан көлдерді көрсету?
-384175215265
Міне балалар сендер сұрақтарға дұрыс әрі толық жауап бергендіктен Айдоста балапандарын тез тауып алды.
Поэзия минуты.
Оқушыларға өзен және көл туралы өлеңдерді жатқа айтқызу.
ІІІ. Рефлексиялық – бағалау кезең.
Тест тапсырмасы:
1. Су қабаты жер бетінің қандай бөлігін алып жатыр?
А) үштен бірін Б) екіден бірін
Ә) үштен екісін В) төрттен бірін
2. Судың тірі ағзалар үшін басты қасиетін көрсет.
А) еріткіш Б) түссіз, дәмсіз
Ә) аққыш В) иісі бар
3. Газ бен тұз ерітіндісі бар сулар қалай аталады?
А) тұщы Б) қышқыл
Ә) минералды В)салқын
4. Ең терең көлді білесің бе?
А) Алакөл Б) Балқаш
Ә) Байкал В) Зайсан5. Өзен сулары қандай болады?
А) тұзды Б) шипалы су
Ә) тұщы В) минералды су
6. Су қанша күйде кездеседі?
А) 4 Б) 2
Ә) 3 В) 17. . Адам тәулігіне қанша литрге дейін таза су пайдаланады?
А) 900 л Б) 200 л
Ә) 700 л В) 500 лҚортындылап қай топ қанша мадақтама алды екен
(алған фишкаларыңды көңіл- күй картинасына қояйық).
Балалар қараңдаршы қандай әдемі картина болды.
Сендерге ұнады ма?
Сендердің қандай жетістікке жеткендеріңді осы картинадан көруге болады.
Керемет жетістікке жетудің басты құпиясы неде екенін білесіңдер ме?
Ол құпия еңбек ете білу, оқуға деген ынта және дос бола білу.
Су жүргізер тіршіліктің тамырын,
Су жоқ болса, тірлік тамам бауырым.
Судың біздер біле тұра маңызын,
Көп болған соң ұмытамыз, қадірін, - деп сабағымды аяқтаймын.
Үйге тапсырма: Өзен және көлге сипаттама жазу.