Кіші ж?зді? Ресейге ?осылуы


Сабақтың тақырыбы: Кіші жүздің Ресейге қосылуы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың Кіші жүздің Ресейге қосылуының негізгі себептерімен таныстыра отырып, оған жоңғар шапқыншылығының әсерін және Әбілқайырдың Ресейге қосылу саясатында қандай мақсат көздегенін түсіндіру;
Дамытушылық: Салыстырмалы талдау жасау арқылы оқушылардың шығармашылық ынтасын дамыту, тақырыпты ашу үшін күрделі немесе қарапайым жоспарлар құру, өз көзқарасын дәлелдеуге үйрету;
Тәрбиелік: Мақсатқа жету жолында табандылыққа, шыдамдылыққа, ерік-жігердің күшті болуына тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа тақырыпты игеру, аралас сабақ
Сабақтың көрнекілігі: -карталар: Қазақстан картасы, жоңғар шапқыншылығы картасы;
-технологиялық жабдық: электрондық оқулықтан бейнекөріністер;тірек-сызба» Кіші жүздің Ресей империясының қол астына кіруі».
Негізгі түсініктер: Сыртқы саясаттың шиеленісуі, отар, Ресейдің»Азиялық» саясаты, қазақтарды башқұрттарға айдап салу саясаты, елшілік, бодандық, империя, әскери бекіністер.
Күтілетін нәтиже: Оқушының сөйлеу жүйелігін, ой топшылауын қалыптастыру
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру сәті: сабаққа бетбұрыс, сабақ мақсатымен таныстыру
Үй тапсырмасын сұрау:пар.1
1.Кестенің толтырылуын тексеру.
2.Оқушылардың өздері жинаған мәліметтерін оқуға мүмкіндік беру, оны талқылау.
Жаңа тақырыпты оқыту жоспары:
1.ХУІІІ ғасырдың І ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы саяси жағдайы, жоңғар шапқыншылығына тойтарыс беру үшін Әбілқайр ханның ұстанған бағыты.
2.Ресей мемлекетінің ХУІІІ ғ.20 жылдарының аяқ кезіндегі Қазақстанға қарсы ұстанымы.
3.ХУІІІ ғ.30-40 жыл.Кіші және Ұлы жүздің жағдайы.
Жаңа тақырып тірек сызбамен түсіндіріледі.
Тіректі сызбамен жұмыс: (интерактивті тақтамен жұмыс)
Ішкі жағдай Сыртқы жағдай
Аңырақай шайқасынан кейінгі 1) Жоңғар тарапынан қауіп сақталып қалды.
хан тағы үшін күрес салдарынан 2) Қазақтардың Бұхара мен Хиуа хандықтары-
қазақ билеушілері арасында мен жағдайы күрделі болды.
келіспеушіліктер пайда болды 3) Еділ қалмақтарымен және башқұрттармен
Феодалдық бытыраңқылық қарым-қатынас күрт шиеленісті.
күшейді.
Мұндай жағдайда Қазақ хандығы алдында басты мәселе сыртқы жаудан қорғану және елдің тұтастығын сақтап қалу болды.
Кіші жүздің Ресей империясының құрамына кіруі
Мақсаттары

Қазақ Ресей империясы
хандығы
1.Жоңғарларға қарсы одақ құру 1.Ірі жер иелену;
2.Шаруашылықты дамыту 2.Әскери бекініс салу, отарлау
3.Сауда керуенін дамыту3.Бай табиғи байлығын иемдену;
Елшіліктер
4.Өз қарсыластарына сес 4.Қазақстан- Орта Азияға
көрсетукіретін кілт пен қақпа

1731 ж.19 ақпан қазақ елшілері1731 ж.30 сәуір сыртқы
Сейітқұл Қондағұлұлы, Құтлымбетістер коллегиясы, тілмәші
ҚоштайұлыА.И.Тевкелев
1731ж.10 қазан Әбілхайыр хан ж/е 29 старшын ант қабылдады

1731 ж.10 қазан Әбілхайыр хан
және 29 старшын ант қабылдады
«Әбілқайыр ханның жеке басының жағымды қасиеттері мен кемшіліктері»
Жеке басының жағымды қасиеттері / Жеке басының кемшіліктері
Әбілқайырды Ресейден көмек сұрауға мәжбүр еткен жағдайлар:
1........... 2........ 3..........
Оқушыларға өзіндің жұмыс беру:
«ХУІІІ ғ.20-жыл. аяқ кезіндегі Ресейдің Қазақстанға байланысты ұстанымы »
А) ХУІІІ ғ.30 ж.дейінгі қазақтардың патша үкіметімен қарым-қатынасы.
Б) Әбілқайырдың Ресей императрицасы Анна Иоанноваға жіберген елшілігі.1730 ж.
В) Сыртқы істер коллегиясының тілмашыА.Тевкелев бастаған елшілігінің Қазақстанға келуі.
Д) Ресейдің отаршылдық саясаты.Қазақстанды қосып алуға жасалған қадамдар:
1734 ж.-
1735 ж.-
1735-1737 жж.-
1740 ж.-
1738 ж.-
М.П.Вяткиннің сөзін қорытындылау:»...Ішкі феодалдық күрес үдеп тұрған кезде жүргізілген бұл саясат мемлекетті ыдыратуға, қазақ жүздерін, ең алдымен Кіші жүзді әлсіретуге бағытталған анархиялық саясат болды.Тек қазақ қоғамының бытыраңқылығы ғана патша үкіметіне қазақ жүздеріне қарсы кең көлемде шабуыл жасауға мүмкіндік беретін еді».
Орыстардың қазақ жеріне тереңірек енуіне төмендегі жағдайлар қолайлы әсер етті:
1.Қазақ жерін біртіндеп отарлау.
2.Қазақ билеушілерінің өзара тартыстарын тиімді пайдалану патша шенеуніктерінің іс-әрекеттерін жеңілдетті, патша үкіметі ешқандай қарсылықсыз Жайық өзені бойында бірнеше бекіністер тұрғызды.
3.Қазақстанның батысындағы және солтүстік-шығысындағы әскери-бекіністерді Орта Азия мемлекеттерінің аумағына ену үшін әскери тірек базалары ретінде пайдалану.
Сабақтың практикалық бөлігі:
ХУІІІ ғ.30-40 жж.Ресей неліктен Қазақстанның солтүстік-шығысында әскери-бекіністер тұрғыза бастады?
Олар қашан және қайда салынды? Картадан көрсету?
Қазақтардың Ресеймен және Орта Азия мемлекеттерімен сауда жасаған негізгі қалаларын атаңыз.
Орыс-қазақ сауда байланысы жөнінде не айтасыздар.
Үйге тапсырма:Тақырыпты оқу және параграф соңындағы сұрақтарға жауап беру.
Сабақтың тақырыбы: ХУІІІ ғ.ортасындағы Қазақстан
Сабақтың мақсаты:
-Әбілқайыр қайтыс болғаннан кейін Кіші жүзде қалыптасқан жағдайды түсіндіру, әскери-қорғаныстық бекіністердің салына бастауы жөнінде әңгімелей отырып, Ресейдің Қазақстандағы отаршылдық саясатын ашып көрсету, оқушылардың назарын қазақ-қалмақ қарым-қатынастарына аудару;
- Құжаттармен, картамен жұмыс жасау тәсілдерін жетілдіру, саяси қайраткерлердің қызметіне талдау жасау және баға беру арқылы оқушылардың логикалық ой-қрісін жетілдіру, танымдық қызығушылықтарын дамыту;
- Халық тарихына құрметпен қарауға, достыққа, бір-бірін түсіне білуге тәрбиелеу.
Негізгі түсініктер: Қазақ-башқұрт қарым-қатынастар спецификасы, «Шаңды жорық», отар, әскери бекіністер.
Үй тапсырмасын сұрау:
1.Әбілқайыр хан неліктен Ресейден көмек сұрауға мәжбүр болды?
2.Кіші жүздің Ресей құрамына кіруіне байланысты қалыптасқан негізгі оқиғаларды әңгімелеңдер.
3.ХУІІІ ғ.Қазақ хандығының саяси, экономикалық, мәдени өміріне бодандық қалай әсер етті?
4.Хронологиялық диктант
Жаңа тақырыпты оқыту жоспары:
1.Әбілқайыр хан қаза тапқаннан кейінгі Кіші жүздегі жағдай.
2.Қазақ-башқұрт қатынастарының ерекшеліктері.
3.Шекара аймақтарында әскери-бекініс шептерінің салынуы.
4.Қазақ-қалмақ қатынастары.
5.»Шаңды жорық».Қазақтардың қалмақтарды жеңуінің тарихи маңызы.
Әбілқайыр хан қаза тапқаннан кейінгі Кіші жүздің жағдайын талқылау:
Кіші жүз

ЭкономикалықСаяси жағдайы
жағдайы -10 шілде, 1749 ж. Ресей үкіметі
Орта жүздің шекара аудан-ресми түрде Нұралыны Кіші жүз ханы
дарында жер дауының шиеленісуі:етіп бекітті.Оған жылына 600 сом
а) шекарада әскери бекіністер тұрғызу; жалақы тағ.(Бірақ Кіші жүз екіге: сол.-
б) 1755 ж.патша үкіметі Орта жүз қазақтарынабатыс-Нұралы, ал оңт,-шығысты-Батыр
Ертістен өтуге тиым салды;биледі.)
В) 1765 ж. он шақырымдақ белдеу- қазақ-башқұрт жанжалдары:
белгіленді.-Жоңғарлар жорығы;
С) қазақтарға орыс бекіністеріне 30 ш.- осы жағдайдағы Ресей ұстанымы;
дейін жақындауға тиым салынды.А) қазақ хандары арасындағы келіспеу.;
ә) қазақтар мен башқұрттардың Ресейге
қарсы күресте бірігіп кетпеуі үшін
араларына от салу, ол үшін
кез келген қолайлы сәтті пайдалану.
Салыстырмалы кесте жасау (интерактивті тақтамен жұмыс)
Қазақ-башқұрт
қатынастары
(Башқұртстан) Қазақ-қалмақ
қатынастары
(Еділдегі Қалмақ хандығы)
Осы халақтардың арасындағы қатынастарға байланысты Ресейдің ұстанымы
(құжаттарды пайдалану)
Картамен жұмыс
ХУІІІ 30-40 жж. салынған әскери бекіністер салу мәселесін қарастыру
Салынған әскери бекіністедің аты мен салыну себебі;
Орналасқан жері;
Алып жатқан аумағы;
Маңызы.
Тапсырма:«Патша үкіметінің Қазақстандағы жер саясатының отаршылдық мәнін ашу»
(Жауабы: Қазақстанның тәуелдігінің күшеюі, қазақ әскерлерінің құрылуы, жайылымдарды тартып алып, әскери тірек базаларын салу, жергілікті халықты ығыстыру, босаған жерлерге казактарды қоныстандыру, жергілікті ақсүйектердің саяси ықпалын әлсірету, олардың жерін тартып алу, т.б.)
Сабақты бекіту:
Оқулықтың 55-56 бет. құжаттармен жұмыс.
Тапсырмалар:
Сұрақтарға жауап беру:
- Қазақ-қалмақ қатынастарының өандай ерекшеліктері болды?
- Патша үкіметі неліктен қалмақтардың Жоңғарияға көшуіне қарсы болды?
- Ресей қалмақтарға қарсы қандай шаралар қолданды?
- Қазақтардың Еділ қалмақтарын талқандауда негізгі рөл атқарғанын қалай түсінесіңдер?
Шаруа-ғы Киіз үй жаб. тілдері діні Ортақ белгілер
Қазақтар
Башқұрттар
Қалмақтар Үйге тапсырма: Кестені толтыру.