Атан т?йе ш?ккен жер


Келісемін:
Мерзімі:
16.03.2016ж
Сыныбы: 2 В Пәні: әдебиеттік оқу
Пән мұғалімі: Жакупова Н.К.
Тақырыбы Атан түйе шөккен жер
Мақсаты  Қарапайым қазақты азаттық арманына жеткізген, ерлігімен, өрлігімен жекпе-жекте жауын жайратқан, есімі ел аузында аңызға айналып кеткен Райымбек батыр туралы мағлұмат алады.
Міндеттері Білімділігі: Қарапайым қазақты азаттық арманына жеткізген, ерлігімен, өрлігімен жекпе-жекте жауын жайратқан, есімі ел аузында аңызға айналып кеткен Райымбек батыр туралы мағлұмат беру.
Дамытушылығы: Сауатты жазу дағдыларын жетілдіру, таным біліктіліктерін дамыту. батырлық туралы мақал-мәтел айту, мәтінге сұрақтар қоюға үйренеді.
Тәрбиелілігі:батырлық, ерлік қасиеттерін насихаттау арқылы елжандылыққа тәрбиеленеді.
Сабақтың түрі Жаңа сабақ
Қолданылатын әдіс –тәсілдер сұрақ-жауап,түсіндіру,талдау.
Көрнекілігі Оқулық
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа әзірлік.
Психологиялық дайындық
Сыныпта жағымды психологиялық ахуалды қалыптастыру және қызығушылығын  ояту  үшін «Көк  Тудың   желбірегені» әнімен  сергіту  сәтін  ұйымдастыру
ІІ. Өткен сабақтарды қайталау. Әбілмансұр оқу, мазмұндау
Жаңа сабақ:
Сөзжұмбақты тақтаға іліп, оқушыларға шештіріп, өздеріне жаздырту. Жаудан  елді қорған тағы бір батыр туралы білгің келеді ме? Сөзжұмбақтың ортасында тұрған сол батырдың есімін оқы. Абай  атаның «Ғылым таппай мақтанба» өлеңі бойынша
1. Райымбек батыр туралы «Атан түйе шөккен жер» мәтінің дұрыс, түсініп оқып беру.  Оқушыларға тізбектей оқыту
2. Сергіту сәтін өткізу
3. Дәптермен жұмыс. Сөздік жұмысын жүргізу, дәптерлеріне жаздыру Атан түйе – 4 жастан асқан түйе. Қоныстанады – орналасады. Мінәжат ету – құрметтеп, бас ию.
4. Берілген суретке зер  сал. - Суретке қандай ат қоя аласың? Суретпен жұмыс Суреттегі оқиға қай кезде болған деп ойлайсың?
 Ерекше ерлік көрсеткен найзалы батырды кім деп айтар едің?
Оған қарсы шапқан жау жағының күші қандай деп ойлайсың?  
Оны неден аңғардың?  
Шайқас немен аяқталады деп есептейсің?
ҮІ. Қорыту. Сұрақтарға жауап алу. 
Осы суретпен берілген мәтін арасында қандай байланыс бар?
Мәтіннен Райымбек батырдың сөзін тауып оқы. Халық Райымбек батырды неге құрметтейді?
ҮІІ. Үйге тапсырма Мәтінді оқып, мазмұнын айту.
Батырлық, ерлік туралы 3-4 мақал-мәтел жаттау.Бағалау