Поурочный план Екі н?ктені? ара?ашы?ты?ы


Күні: 10.02.15
Пәні: Геометрия
Сыныбы: 8 Мұғалімнің аты Шыныбаева Гүлден
Сабақтың тақырыбы: Екі нүктенің арақашықтығы
Сілтеме: ОМЖ, Оқулық
Жалпы мақсаттары: Берілген координатасы бойынша жазықтықтағы екі нүктенің арақашықтығын табу формуласын үйрену және есептер шығарғанда пайдалана білу
Ресурстар: Оқулық, сабаққа қажетті ресурстар
Әдіс – тәсілдер: Тәсілі: жұппен, топпен Әдісі: СТО, диалог
Оқу нәтижесі: Топқа бөлу барысында психологиялық ахуал тудыру. Оқушылар өздерінің алтын ережелерін құру, жеке, топпен, жұппен тапсырманы орындайды. Бағалау критерийлерін үйренеді.Сыни тұрғыданй ойлау қабілеттері дамиды.
Негізгі идеялар: Ізденіс жұмыстары арқылы оқушылардың оқуға деген қызығушылығы артады,танымдық қабілеттері дамиды
Тапсырма көздері: 1.Кеңейтілген тапсырмалар
2.Ізденіс жұмыстары. Жұптық,жеке жұмыстар
Сабақтың көрнекілігі: Слайдтар, тапсырма көздері жазылған карточкалар
Мотивациялық кезең: Оқушылардың қабілеттеріне қарай ,ерекшелігіне қарай жұптарға бөлу
Сабақтың барысы: Уақыт Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Ұйымдастыру кезеңі: 1 мин Кезекші арқылы оқушыларды барлау. Топқа бөліну 2 мин Топқа бөлу үшін әр түрлі стикерлер беру. Стикерлер арқылы өз топтарын айқындайды және топқа бөлінеді.
Үй тапсырмасын сұрау 5 мин «Ойлайық, кім ойшыл».
1) Пифагор теоремасын жатқа айт;2) Кесінді ортасының координатасын табу формуласын айт;3) Кесіндінің бір ұшы мен ортасының координатасы берілсе, екінші ұшының координатасы қалай табылады? Сұрақтарға жауап береді.Әрбір тапсырманы шешу тәсілдерін қолдануды үйренеді.
Ой қозғау: (тақырыпқа байланысты оқулықтағы есептерді шығару) 10мин Өтілген тақырып бойынша формулаларды қолдану тәсілдерін үйрету, тапсырмалар беру:
Координаталық жазықтықта А(х1; у1) және В(х2; у2) нүктелері берілсін.Берілген координаталары бойынша олардың арақашықтығын анықтайық. А және В нүктелерінен координаталық осьтерге параллель түзулер жүргізіп, қиылысуын С нүктесімен белгілеңдер.
Тапсырмаларды орындайды, жұппен, топпен, жеке берілген есептерді орындайды.
Негізгі бөлім Ұғындыру мысалдары:У А 1) х1≠ х2, у1 ≠ у2 жағдайын қарастырамыз:С В А мен С нүктелерінің арақашықтығы Іу2 - у1І мәніне тең, алО х С мен В нүктелерінің арақашықтығы Іх2 - х1І мәніне тең. АВС тікбұрышты үшбұрышын қарастырамыз:Түйінді шешу:Пифагор теоремасы бойынша: АВ2=АС2+ВС2 сонда, АВ2=(х2 - х1) 2+(у2 - у1) 2Іс – әрекет:А(1;- 2), В(- 2; 2) болса, А және В нүктелерінің арақашықтығын табайық:АВ2= (- 2 - 1) 2+(- 2 - 2) 2=9+16=25, АВ=5 Қорытынды 5мин Санаға сіңіру:1) Егер координаталар басы О(0; 0) нүктесі мен Р(х; у) нүктесіне дейінгі қашықтықты табу керек болса: ОР2=х2+у22) Егер екі нүктеде абсцисса осінде жатса: d=Ix2 - x1I3) Егер екі нүктеде ордината осінде жатса: d=Iy2 - y1IНәтиже: Жазықтықтағы екі нүктенің арақашықтығы олардың сәйкес координаталарының айырымдарын квадраттап қосып, одан квадраттық түбір тапқанға тең. Бағалау: 2мин Тапсырмаларға арналған критерийлермен таныстыру, топтық жұптық, жеке тапсырмаларды бағалау Бірін бірі бағалайды, топтық жиынтық бағалар қалыптасады.
Рефлексия 2мин Екі жұлдыз бір тілек
Кейінгі тапсырмалар:
Үйге тапсырма: 1мин Оқулықтан 1.2 тақырып №380